Ақылыңа ақ саусақпен жас кекілді сипап қана айтатын
Арға балар,алтынменен сатып алмас байлығымдай байқадым
Болашағын өскен сайын қуанасын шүкірлікпен жас алып
Көкірегінде қуаныш бар көздеріңнен көрсем дағы қанша мұн- дей отырып, Шыныменде жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді.Жыл сайын сіздерді көрген кезде жүректеріңізді қуанғанын кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.
Ортамызда қадірменді қарттар бар
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар
Арқасында нардың жүгін артқандар
Омырауға қос-қос орден таққандар дей келе кешімізге келген қонақтармен таныс болайық.
1)Дүйсентаева Рауаш әжей коп балалы ана (шагала тобы)
2)Бупелекова Агипа әже коп балалы ана (балдаурен тобы)
3)Идирисова Роза әже (гүлдер тобы)
4) Хайрулла атай (нұршуақ тобы)
5) Құлжымыр Сақып Сүйіншібайқызы (достық тобы)
Кешімізді бастамас бұрын Балабакша меңгерушісі Алмажай Тажиданқызына сөз кезегі береміз.
Құрметті әжелер,қасиетті қариялар.Сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән-шашу таралғы еткелі отырмыз,қабыл алаңыздар
Кешімізді әсем әнмен ашамыз.
Балдаурен тобы: Хор «Қазақстан жалауы»
Жүргізуші:
Аппақ шашын күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған
Келесі кезекті кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына береміз
Тақпақтар: «Шағала тобы»
Жүргізуші:
Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ анам
Өзің бірге көре алмасаң қызығын
Балабақша тәрбиешісі жас маман,Оңқалбаева Салтанаттың орындауында әсем ан «Аяулы анам»
Жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Ортаға «Еркетай» бишілер тобын шақырамыз. БИ. «Радуга»
Жүргізуші:
Егеменді ел болып қалыптастық
Өркениетке нақты анық бастық
Туған жердің тұғыры биік бол деп
Шын жүректен ән-жырды сыйға тарттық
Шағала тобының бүлдіршіндерінің орындауында. Ән «Ақ әжем»
Жүргізуші:
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүректен
Сыр арнаймын өзіңе
Би: «Достық» тобының бишілері : «БИПЫЛ»
Қариялар тілегі
Жүргізуші:
Бишілер емес,құс сияқты
Елестейді бір көрген түс сияқты
Әжемнің ұршығындай үйірілген де
Жер шарын айналдырған күш сияқты!
Би: Достық тобы. Аяжан биі
Не деген атам қазақ-ойшыл адам!
Бұлбұлдай құқылжытып күй шығарған
Ауылдың алты ауызын өзі шырқап
Мейманнан дүние емес ән сұраған
Өлең оқу: «Қарттарым азайып бара жатыр» Мұқағали Мақатаев өлеңі балабақша қызметкері,жас маман Тілеулесова Маусымжан
Жүргізуші:
Абырой амандығын арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағын жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін
Тыныштық елімізге бере берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Согыстан ел жұртымыз аман болсын
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Тап-таза абыройлы болғанынды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Енді сіздерден осы бүлдіршіндерімізге бата берулеріңізді сұраймыз.