kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қарттарым - асыл қазынам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 қазан "Қарттар күніне" арналған мерекелік шара. Балабақша балаларына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қарттарым - асыл қазынам"»

Тақырыбы:«Қарттарым-асыл қазынам»

Мақсаты:

1.Білімділік:1-қазан қарттар күніне түсінік беру.

2.Дамытушылық:өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену.

3.Тәрбиелік:балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:отбасы мүшелерінің суреттері,

Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбер:

Есеніз бе,қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өзіңіздей ұлағатты болуға,

Өсиетіңді жүрегімде сақтармын.

Жарайсыңдар рахмет.Енді орнымызға жайғасайық.

Балалар, ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын,алдымен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)

Атайықшы? (Кыркүйек ,казан, караша)


Дұрыс айтасындар.

Енді осы қыркүйек айында қандай мерекелер болды? (Білім күні)

Жарайсыңдар.

Ал қазан айында қандай мерекелер бар, білесіңдер ме? (Ұстаздар күні ,Республика күні)

Дұрыс айтасыңдар .

Қазан айында бұл мерекелерден басқа тағы да, мереке бар.

Ол-1-қазан қарттар күні.

Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз қарттар күнініне арналмақ. Мен сердерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.

Ол кім? (Ата)


Аймалайды "Күнім" деп,

Мейірімді жүзі кулімдеп.

"Тәтті-ақ" дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім? (Әже)


Жарайсыңдар,балалар,дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? (қарттар дейміз)

Дұрыс айтасыңдар,балалар.-"Ақылды қария-ағып жатқан дария" деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса,біз соның жапырағымыз. Адам өміріндегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық, мейірімділіқ, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта біліуміз керек. Ал енді осы атамызбен әжемізге сендер кім боласыңдар? (немере)

Балалар анамыздың әкесі ,анасы сендерге кім болады? (нағашы ата,нағашы әже)

Ал сендер оларға кім боласыңдар? (жиен)

Жарайсыңдар.

Балалар ата, әже туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.


Ақжол:

Атамыз-біздің панамыз,

Атамыз-біздің данамыз.

Атадан ақыл аламыз,

Атадай адам боламыз.

Сабина:

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Жамандықтан сақтандырып.

Жүрген алтын ақ әжемді.

Жүрсем деймін шаттандырып.

Санжар:

Немересін жанынан арттық көретін,

Екі еткізбей бәрін алып беретін.

Әжелердің құшағында күн иесі,

Еркелігі үзілместен күлетін.

Қанат:

Нағашы әжем анамның анасы,

Жиендердің ақылшысы санасы.

Қонақ болып бара қалсаң үйіне,

Бәйек болып қарсы алатын нағашы.

Жарайсыңдар балалар, өтте жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.

Ендеше теледидарға назар аударайық.

Бейне таспаға назар аудару.

Төлендиев Рауанның орындауындағы "Ата ,әже"әнін тамашалайық .

Суреттер бойынша әңгіме.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

(Өз ойларын айтады)

Балалар шаршаған шығарсыңдар, ортаға шығып бір сергіп алайық.

Сергету сәті:

Шеңбер болып тұрайық,

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп.

Қазақ үйді құрайық,

Жарайсыңдар орнымызға отырайық.

Дидактикалық ойын: «Кімге не тиесілі»

Ойының шарты бойынша балалар отбасы мүшелері бар сүреттерге тиісті заттарын қыстарғышпен қыстырады. Атаға-шапан,әжеге -ұршық,әкеге -сағат,анаға-орамал,балаға-велосипед,қызға -қуыршақ.

Балалар , ата-әжелерің сендерді қалай еркелетеді?

(Балалардың жауаптары)

Ұйымдастырыған оқу қызметімізді сұрақ-жауап арқылы қортындылау.Балаларды мадақтау бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Отбасы мүшелерін атай білуі керек.

Болуы керек:Балалар бойында қамқорлық мейірімділік қасиеттері болу керек.

Баланың қолынан келуі керек: Үлкенді сыйлауға,карттарға құрмет көрсете білуі керек.


Ақтау қаласы білім бөлімінің №35 «Балдырған» бөбекжайы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры ______________М.М.Кабдрахманова

« » 2017 жыл







«Қарттарым-асыл қазынам»

1-қазан қарттар күніне арналған тақырыптық ұйымдастырыған оқу қызметі

(мектепалды даярлық тобы)













Дайындаған:№11 мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі:.Кощанова А.У













Ақтау қаласы

2017-2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қарттарым - асыл қазынам"

Автор: Кощанова Алия Ундашбаевна

Дата: 26.10.2017

Номер свидетельства: 434845

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""?арттарым - асыл ?азынам" сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(31) "karttarymasylkazynamsynypsagaty"
    ["file_id"] => string(6) "271529"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451580441"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "урок на тему ?арттарым-асыл ?азынам "
    ["seo_title"] => string(38) "urok-na-tiemu-k-arttarym-asyl-k-azynam"
    ["file_id"] => string(6) "205840"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430041323"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?арттарым-асыл ?азынам. "
    ["seo_title"] => string(26) "k-arttarym-asyl-k-azynam-2"
    ["file_id"] => string(6) "236439"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444064627"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты : "?арттарым асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatykarttarymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "291863"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455194524"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Т?рбие са?аты"?арттарым - асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(33) "trbiiesagatykarttarymasylkazynam1"
    ["file_id"] => string(6) "301140"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456854932"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства