kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қариялар күні»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект занятия про пожилых людей. Целью занятия является воспитывать доброту, уважения к людям старшего поколения.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қариялар күні»»


№25 «Толағай балабақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК – ның №3 «Балауса»

ІІ – кіші сәбилер тобының тәрбиешісі Кодарова А.


№3 «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қариялар күні»

Мақсаты:

Білімділік: балалардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға тәрбиелеу.

Дамытушылық:балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар айтқыза отырып, тілдерін дамыту, сөз байлықтарын молайту.

Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, инабаттылық пен мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Керекті құралдар: тақырыпқа сай слайды, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.

Алдын ала жұмыс: қариялар туралы тақпақтар мен мақалдар жаттау.

Сөздік жұмыс: қария – жасы үлкен адам.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері






Мотивация-лық - қозғаушы

Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңбер құрады.

-Балалар айналаға қараңызшы, тобымыз бүгін ерекше безендірілген, айнала шарға, гүлге толы, - деп топқа назарларын аударып, көңіл-күйлерін көтереді.

-Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.






-Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық.

Балалар бір қатармен топқа кіріп, шеңбер құрады, топтың әсем безендірілгеннін көріп қуанады.






Қош келіпсіз, ақ жаулық әжелер,

Ақыл кенін арқалаған аталар,

Алдырыңда жауқазындай құлпырған.

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

-Сәлеметсіздер ме, апайлар.


Балалар орындарына отырады.




























Іздену – ұйымдас- тырушы

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде ауа – райы қандай болады?





-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Кім күз айларын атап береді?

-Жарайсыңдар балалар, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мені мұқият тыңдап, кім туралы екенін айтып беріңдер.

Аймалайды «күнім» деп

Мейірімді жүзі күлімдеп,

«Тәтті – ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп,

Ол кім екен балалар?

-Дұрыс балалар, ол әже екен.

-Тағы жұмбақ жасырамын, шешуін табасыңдар ма?

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған, ол кім?

-Дұрыс балалар, ол ата екен.

-Олай болса балалар, бүгін біз күз мезгілінде аталып өтетін мерекелер-дің бірі қариялар күнінде өзіміздің әжелеріміз бен аталарымыз туралы әңгімелекмекпіз.

-Балалар қариялар дегеніміз – жасы үлкен адамдар. Олай болса бұл мереке біздің аталарымыз бен әжелеріміздің де мерекесі екен.

-Қане, балалар, «қария» деп айтайықшы.

-Кімнің атасы мен әжесі бар?

-Сендер аталарың мен әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?

-Дұрыс, аталарың мен әжелерің сендерді қалай еркелетеді?

Олар сендерді бақшадан ерте алып кетеді. Әжелеріңмен той мерекеге барасыңдар.

Ата – ардақты тұлға. Ата – ұрпағы-ның қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлығын аямай ұрпағына өнеге беріп, өсиет айтып отырады.

Ал әжеміз болса, аналардың ақ сүт берген анасы. Әжелер балалық бал дәуреннің басы – қасында болып, аялап, баптап, жан жүрегін салып, немересін тәрбиелейді. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін жүрегіне теңеп, мәпелеп, еркелетеді.

Халқымызда «балаңды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың» деген дана сөз бар. Бала, немере туралы ақын М.Әлімбаев былай деген:

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен,

Немеренің бойында

Бар жықсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат бөтен,

Нағыз бала ойласаң

«Немере» деген тәтті екен.

Біздің қазақ халқының жақсы қасиеттерунің бірі, үлкенді құрметтеу болып саналады. Сондықтан да немересі үшін жанын беретін атамыз бен әжемізді құрметтеп, айтқан сөзіне құлақ асып, тыңдауымыз керек.

Сергіту сәті:

Аяқпенен топ, топ,

Ал қолменен көп, көп,

Оңға бір, солға бір,

Айналайық кел мында,

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық,

Оңға бір, солға бір,

Ойнайықшы кел мында.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру,

Оңға бір, солға бір,

Секірейік кел мұнда.

-Жарайсыңдар балалар, біз күннің екінші жартысында әжелеріміз бен аталарымыз туралы тақпақтар мен мақал мәтелдер жаттаған болатынбыз, қане кім айтады?





























-Жарайсыңдар, балалар. Міне, көрдіңдер ме, балалар, аталарың мен әжелерің сендердің ақылды, тәртіпті болғандарыңды жақсы көреді екен.

Балалар:

-Күз мезгілі.

-Салқын болады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кете бастайды, ағаштардың жапырақтары сарғайып түсе бастайды.

-Күз мезгілінде үш ай бар.

-Қыркүйек, қазан, қараша айлары.

Балалар жұмбақтың жауабын табады.






-Әже.







-Ата.













Балалар «қария» деп айтады.



-Иә, жақсы көреміз.


-Күнім, жаным, жүрегім, жапырағым деп еркелетеді.







































Балалар өлең жоллары бойынша қимыл – қозғалыс жасайды.












Балалар аталар мен әжелері туралы тақпақтар айтады:

Нұрай:

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді.

Біздің үйдің бәріне.

Қасиет:

Ата салты ардақты.

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң.

Тістерсің бір күн бармақты.

Көркем:

Әжем менің ақ әжем.

Көп жасаған дана әжем.

Ауырғанда мен үшін.

Бір сүйгені дәрі әжем.

Нұртас:

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз дария

Көп өнеге сөзі бар.

Сөзі – соқпақ, сөзі – нар.

Нұрсила:

Атадан жақсы ұл туса.

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса.

Төрдегі басын көрге сүйрер.

Зере:

Атам менің әманда.

Әдепті жан бол деген.

Атам сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.





Рефлексті – коррекция-лаушы

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

-Балалар бүгін бізде қандай мереке болды?

-Қариялар дегеніміз кімдер?


-Сол қарияларымызды, аталарымыз бен әжелерімізді құрметтеп, айтқан тілін алып, жақсы тәрбиеміз бен өнегемізді көрсете отырып, құрметтеуіміз керек. Үлкен кісілерге жол беріп, амандасып, жақсы қарауымыз керек.

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз да жақсы қатыстыңыз. Осымен бүгінгі іс – әрекетіміз аяқталды, орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар сұраққа:

-Қариялар күні мерекесі.


-Аталарымыз бен әжелеріміз.











Балалар орындарынан тұрып келген қонақтармен қоштасты.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Қариялар күні»

Автор: Кодарова Айгуль Атабаевна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389636

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""?арттарым-асыл ?азынам" мерекелік кездесу."
    ["seo_title"] => string(41) "karttarymasylkazynammieriekielikkiezdiesu"
    ["file_id"] => string(6) "286749"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454396684"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "«?арттарым аман сау ж?рші» "
    ["seo_title"] => string(27) "k-arttarym-aman-sau-zhurshi"
    ["file_id"] => string(6) "200110"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428731268"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "БиС технологиясы"
    ["seo_title"] => string(19) "bistiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "321744"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461385339"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "К?ріге ??рмет - бала?а міндет "
    ["seo_title"] => string(34) "k-righie-k-u-rmiet-balag-a-mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "158476"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421753136"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Мені? с?йікті ?жем"
    ["seo_title"] => string(18) "mieninsuiiktizhiem"
    ["file_id"] => string(6) "310781"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459095094"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства