Мақсаты: Саяхат барысында – балалардың санасын жаңғырту. Ұлттық болмысымыздан айырылмай, рухани құндылықтарымызды, әдет-ғұрыптарымызды насихаттау. Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерімізді дәріптей отырып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту. Бейбітшілік пен келісімді үйлестірген, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған, бәсекеге қабілетті, табысты елдің азаматтарын – адамгершілік қасиеттеріне, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Ұлттық нақышта безендірілген зал, мұражай, техникалық жабдықтар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Көңіл - күйлерің қалай?
Бүгін бізде ерекше күн болғалы тұр. Алдымен сендердің білімдеріңді тексеріп алайын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Дәстүрін сыйлаған ел озар»»
«Дәстүрін сыйлаған ел озар»
Мақсаты: Саяхат барысында – балалардың санасын жаңғырту. Ұлттық болмысымыздан айырылмай, рухани құндылықтарымызды, әдет-ғұрыптарымызды насихаттау. Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерімізді дәріптей отырып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту. Бейбітшілік пен келісімді үйлестірген, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған, бәсекеге қабілетті, табысты елдің азаматтарын – адамгершілік қасиеттеріне, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Ұлттық нақышта безендірілген зал, мұражай, техникалық жабдықтар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Көңіл - күйлерің қалай?
Бүгін бізде ерекше күн болғалы тұр. Алдымен сендердің білімдеріңді тексеріп алайын.
Балалар біз жақында қандай мерекені тойладық? (балалардың жауабы тыңдалады) Наурыз-барша мұсылман халқының жаңа жылы, ұлттық мерекеміз.
Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Астанада қандай әдемі ғимараттарды білесіңдер?
Ал, біз қай қаланың тұрғынымыз?
Отан-оттан да ыстық ,-дейді халқымыз. Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан.Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз, шексіз сүйеміз. Әрқашан да аялап қорғап жүруге тиіспіз.
Балалар еліміз жайлы не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр ел – менің елім деген сөздерді естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Жарайсыңдар балалар, олай болса ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап, тарихымызды тереңірек түсіну үшін саяхаттап кайтайық. (қатармен кормеге қарай жүреміз, ауыл маңы мұражайымен танысу)
Мұражай қызметкері: Сәлеметсіңдер ме балалар? Ауыл маңы мұражайымызға қош келдіңдер! Мұражайдағы ұлттық экспонаттармен танысу. Бесік- балаға жайлы, жылы, таза орын. Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген, баламыздың құтты мекені деп білген, сондықтан да әдет-ғұрыпымыздан бесіктің алар орны ерекше. Қамшы-аттың құлағында ойнаған қазақпыз, қамшыны мал шаруашылығына пайдаланған. Торсық- түйенің мойын терісінен жасалған. Ата-бабамыз ағарғанды сусын ретінде пайдаланған, ал ағарғанды торсыққа құйып қойса дәмі бұзылмай, ұзақ сақталады екен. Домбыра- ұлттық музыкалық аспабымыз, ол-қарағай, емен, өрік сияқты қатты ағаштардан жасалады. (балалар ауылға карай беттейді)
Тәрбиеші: Аман-есенсіздер ме? Біз ата-бабаларымыздың өткен жолымен танысып, тарихымызды тереңірек білейк деп сіздерге қонаққа келіп қалдық.
Немере: Ата не ойлап отырсыз?
1- Ата: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің,сенің болашағыңды ойлап отырмын.Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмірі жайлы ойлаймын.
Немере: Ата, өткен өмір деген не?
1- Ата: Өткен өмір деген – сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы тарих емес пе?
Немере: Ол қандай болады?
1- Ата: Ендеше тыңда балам! Атаң бір сөйлесін. Балам сен өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің.Сонау ерте кезде ата-бабамыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізінен басталмайма бұл тарих! Жеті атаңды айта қойшы қане. (Атасы жеті атасын сұрайды, немересі жауап береді)
«Той бастар» (әнімен бір топ апа, қыз-келіншектер келеді, ән біткеннен соң)
Амансыздар ма? Қаладан балалар келді деген соң,
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы қария қолын алар,- дегендей, той бастап келіп қалдық.
1-Әже: Той бастап келген екенсіздер, екі адамның басын қосып той жасайтын халықпыз ғой, мына үйдегі немеремнің тұсауын кесейік, олай болса.(ия, кесейік деп қостайды отырғандар). Қонаққа құдағиымыз келген екен, осы кісі кессін немеремнің тұсауын, сіз сияқты байсалды, тәрбиелі, ақылды болсын!(ия,ия тұсауы кесілетін немере, ала жіп, ақ мата, пышақ дайындалады)
2-Әже: Енді қадам басып,тәй-тәй жүріп жатқан сәбидің тұсауы-жгіріп кетсін, азамат болсын деген ниетпен тоқ ішекпен, көк шөппен, ала жіппен кеседі. Тоқшылық, берекелі, несібелі- болсын деп, тоқ ішекпен кеседі. Өсіп-өнсін, көгерсін деген ниетпен – кок шөппен кеседі. Ал мен ақ пен қараны ажырата білсін, ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетпен- ала жіппен кесейін,
Қаз-қаз балам, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін,-деп тұсауын кеседі.
(келіндер шашу шашады, нәрестені той бастап келген кішкентай қыздар тәй-тәй жүргізеді)
1-Әже: Орамал-тон болмайды, жол-болады, сыйымызды қабыл алыңыз құдағи! деп,- тұсауын кескен әжеге сый –сыйапат корсетеді.Ержігіттің жақсысы-нағашыдан, дегендей, немереміздің нағашы атасынан бата сұрайық...
1-Әже: Немерелерім келіп қалса, деп,-асық жинап жүр ем, ал балаларым ойнасын (деп, қапшықпен асықты береді бір балаға)
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге асықты қалай ату керек екенін түсіндіріп өтейін. Асық ату ойыны- көзбен мөлшерлей білуге, ысананы дәлдей білу мен мергендікке және қолдың ұсақ маторикаларын, сонымен қатар ойлау қабілеттерімізді жақсы дамытады. Асық ату үшін , асықты бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен, иіру арқылы асықты атамыз. (ұл балаларға түсіндіріп, қадағалап, өздерінің ойнағанын бақылау)
1-Әже: Алла, берерінен танбасын! Жақында тағы бір немерлі болып, көбейіп жатқан жайымыз бар, біраз ағайынның басы жиналған екен, нәрестемізді бесікке салайық. (екі әже бесікке слады) Бесік – нәрестенің өз үйі, құтты мекені, бірінші бесігімізді адыраспанмен аластап алайық,-
Алас,алас,
Бәледен алас,
Тілдінің-тілінен алас,
Көздінің – көзінен алас.
Жастығының астына айна мен тарақ қойдым-ұқыпты,таза, сұлу болсын деп,- кітап қойдым – ілім,білімге жақын болсын деп, қанжар қойдым – елін қорғайтын қайсар мінезді азамат болсын деп.Тәттісіз қандай той болар, немереміз балдай тәтті қылығымен қуанта берсін біздерді... ал, тышты ма?тышты ма? – тышты,тышты,деп- (екінші әже жалғастырып кетеді, тәтті кәмпиттерді сонда отырған балаларға таратып береді) Ал, нәрестемізді құтты үйіне жайғастырайық- деп,(Биссмиллаһирахмани рахим, деп бесікке бөлеу) Той жалғасын тапсын, ауылдың алты ауызынан айта отырайық;
Ән: Демімай-ау
Тәрбиеші: Бізде өнерден кем емеспіз, біздің де өнерімізді тамашалаңыздар.
Той бастап келген әже: Менің де немерелерім, мың бұралған бишілер, қыздарым қанекей өнерлеріңді ортаға сала қойыңдаршы!
Би: Қазақша би
1- Ата: Ата-бабамыз ақылды, шешен болған гой- үлкен немерем шешендік өнерге жақындау, қане балам елің туралы бір жыр оқып жіберші.
Немере: (Олжас рухани жаңғыру туралы өлең окиды)
Шыңға биік көз тіксем асқарлы,
Шайыр жазбай кім жазады дастанды.
Сүйінші алаш тарихыңда толғаулы
Рух раңғырыар жаңа дәуір басталды.
Бұл жаңғыру кемелденіп жаңғыру
Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу
Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу
Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу
Бұл жаңғыру бастамасы ғажаптың
Бұл жаңғыру астанасы ләззаттың
Жалғаны көп сахнасында жаһаның
Мәдениетін мойындату қазақтың!
(Әәә, бәрекелді, елін қорғайтын азамат бол, өркенің өссін)
Ән: «Мен қазақпын!» (әнші баланың артында найза ұстаған екі жауынгер турады, қонаққа келген немерелер, той бастап келген немерелер барлығы шығып артында қара жорға билейді)