Просмотр содержимого документа
««Бақытты балалық шақ!»»
«Бақытты балалық шақ!»
(Бөбекжай бүлдіршіндерінің « 1- маусым- Балаларды қорғау күніне» арнаған мерекелік
іс-шарасы) ( Көңілді музыка әуенімен сайқымазақтар шығады)
Сайқымазақ 1: Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды) Біз қандай елге келдік достым? Сайқымазақ 2:
Бұл «Болашақ» балдырғандар елі. Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады деп естідім. (осы сәтте жүргізуші шығады) Жүргізуші: Балалар бақшасында бүгін той! Балаларды қорғау күні біліп қой Алақай-ау,алақай Той тойлайық,балақай Қызырғанша алақан Кел,соғайық балақай. Бейбітшілік әніміз Өнерліміз бәріміз Қазақстан даласында Жарасады сәніміз Балабақша аясында Жадырайды жанымыз
Бүгін бізде мереке, қуанышта балалар, хош келдіңдер, хош келдіңдер ата-ана! Бізге қонақтарда келіп қалған екен, сіздерде хош келдіңіздер! Құрметті «Болашақ» балабақшамыздың көркі де,сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық, «Рухани жаңғыру» аясында елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар демекпін. Сонымен қатар, осы «Рухани жаңғыру» аясында бөбекжайымызда көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Соның бірден бірі бүгінгі таңда өтіп жатқан "Отбасы-рухани жаңғыру негізі" тақырыбындағы апталықты айтуымызға болады. Апталықтың бірінші күні «Менің бөбекжайдағы балалар өмірін ұйымдастыруға қосар үлесім» тақырыбы бойынша, ата- аналар бір күнін балаларының тобында тәрбиешінің жұмыс кестесімен өткізген. Ендеше, сол ата -аналарымызға сөз берейік. Келесі кезекте аптаның екінші күнінде өткізілген «Ең әдемі алаң» тақырыбындағы ұйымдастырылған балабақша аумағын абаттандыру, көгаландыруға атсалысқан ата- анамызға береміз. Сонымен бірге, аптаның үшінші күні ұйымдастырылған «Қариялар сөзі, ақылдың көзі» тақырыбындағы сайысқа қатысқан әжелерімізге де сөз береміз. Содай ақ, бүгінгі мерекелік құттықтау сөзді бөбекжай директоры Шынар Амангелдіқызына береміз. Ал, енді мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз, думандатамыз. Сайқымазақтар бізбен біргесіздер ме?
Сайқымазақ 1: Әрине, сіздермен біргеміз. Қане, балалар би билеп, денемізді сергітіп алайық.(Бәрі ортада флешмоб билейді) Сайқымазақ 2: Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар,қандай әдемі балалар. Жүргізуші: Ендеше, осы әдемі мерекеде балаларымызбен бірге болып, өнерін тамашалап, көңіл көтеріңіздер. «Еркетай» екінші кіші тобының тәрбиеленушісі Камшаттың орындауындағы «Ерке қыз» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі кезекті «Алақай» екінші кіші тобының орындауындағы «Саксафоншылар» биіне береміз.
Сайқымазақ 1: Жарайсыңдар балалар! Өнерлі екенсіңдер. Ал, сендер үш тілді жақсы меңгерген дейді. Ендеше, ағылшын тілінде көрсететін қандай өнерлерің бар, бірге тамашалайық.
Жүргізуші: Ия, біздің балалар ағылшын тілінде толық сөйлей алады. Қазіргі тамашалайтындарыңыз ортаңғы топтар тәрбиеленушілерінің әзірлеген ағылшын тіліндегі «Үйшік» ертегісі.
Гүлді өмірдей мәуелі
Нұрлы өмірдей мәуелі
Мерекені тойлайық
Әсем әнмен әуелі деп, кезекті«Байтерек» тобының тәрбиеленушісі Алихан мен «Еркетай» кіші тобының тәрбиеленушісі Айсұлтанның орындауындағы «Қошақан» әніне береміз.
Жүргізуші: Өнер десе өрілген Биіктерден көрінген Бишілерді шақырсақ деп, келесі кезекте «Қазақ биін» тамашалаңыздар.
Сайқымазақ 2: Өте жақсы, ал мына жерде екі кішкене қыз ойыншықтармен тұр ғой, олар қандай өнер көрсетпек.
Жүргізуші: Бұл кішкене қыздарымыз апалы -сіңілі «Қызғалдақ» ортаңғы, «Ботақан» бірінші кіші топтарының тәрбиеленушілері Назерке мен Жанайым. Олар бізге «Ойыншықтар» әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар.
Сайқымазақ 1: Керемет, балалар! Шеттеріңнен әнші, биші екенсіңдер, енді бізбен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?(балалар ия деп жауап береді).
Сайқымазақ 2: Балалар, мен сендермен «» ойынын ойнамақпын.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгінгі мерекеге бірінші кіші «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері Айсұлу мен Аяна өздерінің әзірлеген «Балдырғандар» әнін орындап береді. Қол соғып, қошеметтеп қоялық.
Жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Балапан» екінші кіші тобының тәрбиеленушісі Амантаева Әдемінің орындауындағы «Анашым» әні.
Сайқымазақ 1: «Болашақ» бөбекжайының балалары ұлттық ойынды жақсы меңгерген, әрі суретті де жақсы салады дейді, соны тамашаласақ.
Жүргізуші: Ендеше, қазір біздің балаларымыз топтарымен бөлініп, ұлттық ойын, сурет салуға барады бірге болыңыздар.
Мерекелік іс -шараны қортындылау.
Жүргізуші:
Бізбен бірге бар әлем Қуанады балаша Қуанышқа бөленген Өмір қандай тамаша Гүлмен келсін келер күн Бала-бағы бар елдің Балалардың күлкісі Көркі, сәні әлемнің деп, кезекті «Ақсұңқар» тобының тәрбиеленушісі Тұрсынғали Аянның орындауындағы «Бала тілегі» әніне береміз.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекелік іс- шарамыз өз мәресіне жетіп қалды, жаңа әзірде болып жатқан ұлттық ойын, сурет салуда жақсы көрсеткіш көрсеткен бүлдіршіндеріміз, сонымен бірге жыл бойы бөбекжай іс - шараларына белсене араласқан ата -аналар арасынан «Жыл жеңіпаздары» марапатталады. Бүгінгі таңда бөбекжайымызда болып жатқан барлық іс- шараларға, өз ұрпақтарының болашағы үшін ат салып, белсене араласқан барлық ата- аналарымызға рахметімізді айта отырып, «Жыл жеңіпазы» деп танылған ата- аналарды марапаттауға рұхсат етіңіздер.
«Ақсұңқар» тобы - Мұхамедтің ата -анасы Джирентаев Рустам
«Жасұлан» тобы - Серік Мансұр ата -анасы Каменов Рахат, Стамгазиева Асемгуль
«Қызғалдақ» тобы - Әсемнің ата -анасы Хайыршакова Гүлдерайым Кобландиевна
«Ақкөгершін» тобы - ата -анасы Ажгулова Нүргүл Сержановна
«Байтерек» тобы - Мерует ата -анасы Есдәулетова Лаззат
«Үміт» тобы - Ислам ата -анасы Жолимов Айбар Құдайбергенович, Жолимова Анара
Келесі кезекте «балаларға базарлық» деп, мерекеге орай бүлдіршіндерімізге әзірлеген ата- аналарымыздың шағын сыйлықтарын ұсыну рәсіміне беріп, мерекемізді «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен аяқтаймыз. (шарларын ұшыру)
№ 40 «Болашақ» бөбекжайы
«Бақытты балалық шақ!»
Бөбекжай бүлдіршіндеріне « 1- маусым- Балаларды қорғау күніне» арнаған мерекелік іс - шара