Просмотр содержимого документа
«Ата Заңым Ардағым»
Тақырыбы: «Ата Заңым ардағым» Тәрбиеші: Қастерлемес даңқын кім? Қадірлемес салтын кім? Әнұраны елімнің Үні, тілі халқымның (ҚР әнұраны орындалады) Тәрбиеші: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? - Конституция, Ата Заң -30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Биыл Ата Заңымызға 17 жыл толады. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар. Бас иетін бар адам Әрбір сөзі салмақты Қорғар бәле –жаладан Ата Заң бұл ардақты
Алтын заңым қорғайды Бар адамның теңдігін Әділетті қолдайды Арқа тұтып, ел бүгін Жүрг: Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент. - Президентіміз кім, ел басқарып отырған? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы деп аталады. - Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз. - Сендер, балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?
Отанды біз атамекен Туған жер деп сүйеміз Өйткені, онда бәрімізде Туып –өмір сүреміз
Біз тілейміз бар бөбек Бақытты өмір сүргенін Туған елге еркелеп Қуанғанын күлгенін
Алтын дәнді даласы бар Ақ күмістей қаласы бар Неткен көркем, неткен сұлу Осы менің туған өлкем!
Отан туған еліміз Отан туған жеріміз Тек қана, осы Отанға Арналады әніміз Ән: «Туған жер» Би: «Қазақ биі» Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
- Әнұран, елтаңба, туымыз бар. - Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар. Айбынды елтаңбамыз бар, мағыналы әнұранымыз бар. - Ендеше, балалар рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік. Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы Оны халық қашанда Биікке іліп қояды
Көк аспанда жас қыран Көк аспанда қызыл қыран Естілгендей біздің үн Сол ғарыштың астынан Отан –деген атамекен Отан –деген туған жер Отан ана, Отан пана Қазақстан туған ел!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар. Біз жас ұлан Отан ана өркені Үміт артқан болашағы ертеңі Еліміздің даңқын көкке өрлетіп Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені –еліміздің, жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер, балалар! - Ендеше, қонақтарға, бір –бірімізге, Отанымызға арнап жылы тілектер айтайық. Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз гүлге толсын! Елбасымыз аман болсын! Заманымыз тыныш болсын! Балабақша гүлдене берсін! Біз сіздерге сәттілік тілейміз! - Өте жақсы тілектер екен, балалар! Ән: «Біз бақытты баламыз»