Просмотр содержимого документа
«"Асыл Анашым" ертеңгілігі»
Тақырыбы: «Асыл анашым»
Екі-екіден қол ұстасып жарты шеңбермен тұрады.
1-жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін біз бастайық.
Көздерінен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің әр айың.
2-жүргізуші:
Қымбатты балалар және құрметті қонақтарымыз, міне біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар, әжелер, қыздар. 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
2-жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық. Әйелдер күні бүгін халықаралық. Жарыққа бізді әкелген аналарды. Бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Ұйытқысы жанұяның берекеміз. Аналар құтты болсын мерекеміз.
1-жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарды құттықтап,
Ән маржанын ашайық.
Ән: «Нұрын төккен маған»
Диас: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Гүлсезім: Гүл-гүл жайнап бәріміз,
Кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз.
Ерсайын: Әлпештейді, мәпелейді, бағады,
Құлыным деп құшағына алады.
Өзіне де өзгеге де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады.
Осы сәтте музыка әуенімен дыбыстар естіледі.
Балалар тыңдайықшы бұл ненің дыбысы екен?
Құстардың.
Тағы да қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
Сыңғырлаған судың.
Өте жақсы.
Олай болса балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем.
(Музыка әуенімен көктем келеді).
Әбілфаис: Мен Көктеммін, Көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін,
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Жайнататын бар гүлді,
Сайрататын бұлбұлды.
Тілеп жылға ақ қадам,
Ән арнайды ел маған.
Тіршіліктің бастауы,
Көктем айы мен балам!
1-жүргізуші:
Қош келдің көктем.
Ән: «Айналайын мама».
Алтынай: Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттісін де жасырып.
Айару: Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Айшабибі:Тек өмірде сен ғана,
Ерекшесің, сен анам,
Бұл өмірде тек қана,
Өзіңе арнап ән салам.
Ән: «Ақ әжем».
Ерсайын:Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Тұрғынбай:Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Би: «Гүлдер».
(Шеңбер болып ата-ана және балалар ортаға шығып, ортасында көктем тұрады).
Айтып болған соң көктем балаларға, балалар ата-анасына ұсынады.