Мақсаты: «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру, наурыз мерекесі туралы балаларға түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.Ұлттық салт- дәстүрлерді құрметтеп,оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Армысың, әз Наурыз!"»
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №55 «Қыран» балабақшасы мемлекеттік жекеменшік серіктестігі
«Армысың,Әз Наурыз!»
(22-Наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілік)
( №7ересек топ)
Әдіскер:Карабалаева Д.С
Дайындаған: №7 ересек топ тәрбиешісі
Мекебаева М.Т
Ақтау қаласы
2018-2019 оқу жылы
«Келісемін» «Бекітемін» «№55 «Қыран» балабақша директоры «Ақтау қалалық білім беруді
дамыту орталығы»
__________ Утесинов М.Ж әдіскері ________
«____» ____ 2019ж «_____»______2019ж
Тақырыбы: «Армысың, Әз Наурыз!» Мақсаты: «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру, наурыз мерекесі туралы балаларға түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.Ұлттық салт- дәстүрлерді құрметтеп,оларды мақтан етуге тәрбиелеу. Құрал - жабдықтары: ұлттық қолөнер көрмесі, Наурыз мерекесіне арналған ұлттық дастарқан. Киіз үй керегесі ұлттық , бұйымдар. Тәрбиеші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстар сайратып.
Наурыз тойын тойлатып,
Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.
1-бала:
Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ молболсын!
2-бала :
Уағалейкумссалам
Ұлыс оң болсын
Пәле –жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман-саулық сұрасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келесі кезекті осынау әдемі мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Аксана:
Ой,халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді ,
Бірге қарсы алайық.
Ұлболсын:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Елсая:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын.
Бір-бірімен мына жұрт.
Көрімдігін асырсын.
Алтынай:
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық,малта, тағы бар.
Ішілетін, жейтінің.
Бұл көжеде бәрі бар.
Махабат:
Бата беріп,атамыз,
Бата беріп әжеміз.
Тәтті болып жасаған,
Көжеден дәм татамыз.
Тәрбиеші:
Ал, енді, «Тойдың көркі – ән» дейді халқымыз, олай болса, Наурыз тойда жырдан шашу шашайық.
Ән: «Наурыз Көктем»
Наурыз көктем, әкелді таңның шуағын.
Наурыз көктем әкелді таудың бұлағын,
Наурыз көктем, жайнады далам гүлдері,
Наурыз көктем, алма ағаштары гүлдеді.
Қ-сы:
Наурыз көктем
Шуағын төккен.
Әкелді байлық, еліме!
Наурыз көктем,
Асығып жеткен,
Әкелді бақыт жеріме!
Наурыз көктем, молшылық байлық ,береке!
Наурыз көктем асығып жеткен мереке!
Наурыз көктем, думанды тойда, халайық.
Наурыз көктем, қосылып әнге салайық.
Қ-сы:
Наурыз көктем
Шуағын төккен.
Әкелді байлық, еліме!
Наурыз көктем,
Асығып жеткен,
Әкелді бақыт жеріме!
Әже:Уа, халайық армысыздар! Бүгін осы ауылда үлкен той дейді. Қазағымыздың жаңа жыл мерекесі Наурыз құтты болсын! Және тағы бір той кішкентай бүлдіршіннің тұсау кесер тойы. Бұл – үлкен қуаныш, мереке. Көңіл көтеріп, демалып отырыңыздар. Басқа ауылдардан қонақтар келуші еді, кешігіп жатыр, көрінбей ме?)! Тәрбиеші:
Салеметсіз бе? көрші әже біздің ауылда үлкен той Наурыз мейрамы қарсаңында Дильназ бүлдіршіннің тұсау кесер тойы.
Тұсау кесу дегеніміз – кішкентай балаға ырымдап, тез жүріп кетсін деп, ала жіп байлап, бата тілек айтып кеседі. Тұсау кескенде көк шөппен, тоқ ішекпен де кеседі. Ондағы мақсаты: көгерсін, өссін - өнсін дегені және де бай – дәулетті, бай қуатты болсын дегені. Бүгін біз ала жіппен тұсау кесеміз. Ондағы мақсатымыз – баламыз ешкімнің ала жібін аттамасын. Және де сізге ұқсас болып үлкен өнегелі ,тәрбиелі бала болсын деп ырымдап тұсау кесу рәсімі сізге бұйырыпты.
Қыздар: : Ән «Тай-тай балапаным»
Тәрбиеші:
Наурыз тойы – ақ батаның бастауы, Береке мен бірліктің жалғауы. Жеті түрлі қасиетті дәмменен Байтақ елдің бір толады астауы. Наурыз мерекесінде қандай көже әзірлейді? Балалар: Наурыз көже. Әже: Наурыз көжеге неше дәм қосылады? Балалар: Жеті дәм. Тәрбиеші: Өте тамаша. Әжеміз де бізге арнап көже дайындап әкелген екен.
Балалардан сұрап көрейік «Наурыз көжеге» қандай тағамдар қосылады екен.
Балалар: Жеті түрлі тағам:
1.Сұр ет, қазы.
2.Сүт
3.Кішіміш
4.Тұз
5.Бидай
6. Құрт
7.Су
Тәрбиеші:
Біздің балаларымыз сізге арнап «Сағындым,әже сағындым» әнін арнап берді.
Ән: « Сағындым, әже сағындым» Дилназ бен Даниал. Тәрбиеші: Ендеше, ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма демекші, қазағымыздың төл мерекесінде ұлттық ойын ойнамасақ жараспас. Ойын: « Асық ойыны», «Арқан тарту»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынға тәрбиелеу. Балалардың жігерлігін күшету.Арқан тартыс ойын арқылы қазақтың салт-сәстүрін , әдет ғұрыпын,, туңан елге,жерге,өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Көркем:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы.
Қыдыр ата:
Амансыңдар ма, қарақтарым! Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң, жол болсын!
Аумин! Әже: Жарайсыңдар, құлындарым. Ортамызға келген Жаңа жыл құтты болсын қазағымНаурыз көжеден дәм татыңыздар. Сау болыңыздар!