Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлтымыздың дәстүрлі мерекесін құрметтеуге тәрбиелеу.
Атқа мінген тойшылар (балалар) наурыз мерекесіне шақырады.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наруыз тойы басталды
Қызықтан тыс қалмаңыздар! Санжар Тлеужан.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Наурыз келді тойға ұласқан,
Наурыз тойы құтты болсын! – деп, бүгінгі біздің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың, әз Наурыз!» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге ақ әжеміз келе жатыр, қарсы алайық.
Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар?! Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! (шашу шашады)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже!? Қош келдіңіз, төрімізге төрлетіңіз!
Музыка әуенімен Алдаркөсе атқа отырып, өзінің әнін айтып кіреді.
Жүргізуші: Алдаркөсе, сәлеметсіз бе?! Біздің қонағымыз болыңыз, мерекемізге құр қол келмеген сияқтысыз.
Алдар көсе: Балалар сендерге өзіммен бірге ойын ала келдім. Ол ойынның аты: «Қыз қуу» қазақтың ұлттық ойыны.
Ойын: «Қыз қуу»
Жүргізуші: Көктемнің төкті нұрын
Наурыз тойын тойлап,
Кел достар ән шырқайық
Ұлыстың ұлы күні – деп, әнге кезек берейік.
Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл!»
Жүргізуші: Балалардың мерекеше арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Рахмет сізге наурызым!
Нұрын шашқан Наурызым!
Жыл бойы аңсаған
Көптен күткен Наурызым!
Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз.
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.
Наурыз келді тойға ұласқан
Наурыз тойы құтты болсын!
Мереке Наурыз жыл басы
Наурыз тойы құтты болсын!
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналған
Бүгінгі жыр әніміз!
Наурыз келді, бақытым
Кемелденді бақытым.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Наурыз тойы әніміз,
Наурыз көже сәніміз.
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Бізге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.
Жүргізуші: Әжеміз наурыз көже туралы әңгімелейді.
Жүргізуші: Бүгінгідей наурыз тойда
Тамашалап өнерді.
Қыздарымыз ортада,
Ұлттық би билейді.
Би: «Қамажай»
Жүргізуші: Алдар көсе біздің ұлдарымызбен күш сынасқыңыз келе ме? Кім күшті екенін көрейік.
Ойын: «Күш сынасу»
Жүргізуші: Балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.
Наурызды халқымыз
Жыл басы деп санайды.
Көктем келді бүгін
Күн де төкті нұрын.
Наурыз тойын тойлап,
Жатырмыз ғой бүгін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай.
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
НАурыз тойы береке
Наурыз тойы – жыр аңыз.
Наурыз тойы – мереке,
Наурыз тойы – береке.
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме.
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Наурыз құтты болсын!
Наурыз день прекрасный!
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне!
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді.
Алақай – ау, алақай,
Көктем қандай көңілді.
Жүргізуші: Наурыз күні құр тұрмайық,
Шаттанайық, қуанайық.
Алдаркөсе мен ұлдардың,
«Қара жорға» билерін тамашалайық.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні наурызда көп ұлттық ойындар ойналады.
Алдар көсе: Мен енді өтірік өлең айтпаймын,
Рұқсат етсеңіздер, мен де қайтайын.
Ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер, - дегендей, Әже өзіңізден бата сұрасақ.
Бата: Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Дастарханың кең болсын!
Уайым қайғы жоқ болсын!
Жүргізуші: Әумин! Наурыз мерекесіне арналған «Армсың, әз Наурыз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі Наурызда кездескенше аман – сау болыңыздар!
«Балдырған балалар бақшасы»
«Армысың, әз Наурыз»
Тәрбиеші: Байылхан А.
Сарқан қаласы
2017-2018 оқу жылы
«Балдырған балалар бақшасы»
Бекітемін:
балабақша меңгерушісі: Г.Иргебекова
Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»
Күні: 16.03.2018
Өтілетін орны: «Балапан» ІІ кіші топ.
Уақыты:
Орындалатын әндер: «Наурыз – біздің Жаңа жыл!»
Орындалатын билер: «Қамажай», «Қара жорға»
Ойналатын ойындар: «Қыз қуу», «Күш сынасу», «Арқан тарту».
Қатысатын кейіпкерлер: Ақ әже, Алдар көсе.