Просмотр содержимого документа
«Армысың, мектеп! атты даярлықпен қоштасу ертеңгілігі.»
Армысың, мектеп!
Сабақтың мақсаты: 1.Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету. 2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой-өрісін кеңейту, өнерді сүйюге тәрбиелеу. 3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: шарлармен безендіру қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер “Балғын балалық” суреттер, “Бүлдіршіндер” көрмесі
І.Кіріспе бөлімі:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті әріптестер, аяулы да, ардақты ата-аналар және бүлдіршіндер. Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының “Армысың, мектеп!” атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмытылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар. Құрметті қонақтар “Армысың, мектеп!” атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, мұғалімдер қымбатты, Біздер үшін ашатын сан жұмбақты. Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді Шәкіртіңнің қылықтары тым тәтті. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар Алдарыңа жауқазындай құлпырған Келіп шығар балғын шақты балалар “Мереке”,-деп көңіл шіркін тасады, Ән менен күй көңіл сырын ашады Бүгінгі келген қонақтарға мың рахмет Ақ жаулықты әжеміз мерекелік шашуын да шашады. Әже сөзі: Шашу, шашу шашайық Ақ сандықты ашайық Бұл мереке, бұл тойдың, Бастаңғысын жасайық..
(Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру)
Тобымыздың «Сымбатты да биші арулары» Анель мен Нұрай.
«Көркем аруы» Аяулым.
Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қызы: Гүлназ.
Тобымыздың «Инабатты арулары» Мадина мен Бағым. Тобымыздың білімді де дарынды балалары: Ерасыл, Тасқын, А.Сырым.
Тобымыздың өнерлі де тәртіпті балалары: Қ.Сырым, Сұлтан және Темірлан. Тобымыздың спорт шеберлері: Мағжан және Жігер.
2-бөлім: Біз білімді баламыз. Балалар біз мектепалды даярлық сыныбында қандай пәндерді өттік. (Балалар пән аттарын атап шығады).
Сауат ашу. Тапсырма: 1.кеспе әріптерден сөз құрау. АНА. ӘКЕ. БАЛА. т.б. (сөздерді буынға бөлу) Ерасыл: А әрпі:Ата - ананың тілегі, Адам болып өскенің. Адамдықтың тірегі, Адал болып өскенің. Тасқын: Т әрпі:Түлкі, тазы, тотықұс, Тырнаны оған қосыңыз, Басталар «Т» дан басталар. Тасқын, Темірлан, Тамирис.
Хор:А деген ол АНАЛАР ғой ардақт, Ә деген ол ӘКЕЛЕР ғой салмақты,
Б деген ол БАЛАЛАР ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де.
Сұлтан: Өтті қызық көп күндер, 6 жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер.
Анель: Қуанамыз сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Алғашқы топты қимай біз, Қоштасатын күн бүгін.
Математика. Тапсырма: 1. 0-ден 20-ға дейін тура және кері санау. 2.Алма жинау ойыны (есептер шығару) Ойын:«Күн шуағы» Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, күннің айналасына шуақтарын жапсырады.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» .
Қ. Сырым: Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып билеткен. Таныстырған ең алғаш, Әріптер мен суретпен, Тәрбиеші мұғалім.
Тасқын: Биыл күзде мектепке, Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке, Дайын дәптер, қаламым.
Жігер:Жеті жасқа толамыз Әдепті бала боламыз, Ата - ананы қуантып, Кілең бестік аламыз.
Нұрай: Мектебім менің, мектебім, Сенен біліп шығармын. Аспан барын, күн барын. Сен арқылы ұғармын, Жұмбақ әлем сырларын.
Мағжан: Біз балауса баламыз, Жетілді ой – санамыз. Даярлықпен қоштасып, Біріншіге барамыз.
Темірлан: Біз бақытты баламыз, Ақылдымыз, данамыз. Ертеңгі күн елімнің, Батырлары боламыз.
Нұрай мен Анельдің орындауында «Мен қазақтың қызымын» әнін қабыл аыңыздар.
Аяулым: Мектепке ертең барамыз Оқимыз сауық құрамыз. Қашық емес арамыз, Апайға келіп тұрамыз.
А.Сырым: Мектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз.
Мадина: Ән салайық бас қоса, Даярлықпен қоштаса. Қалам, дәптер, өшіргіш, Кітаптармен достаса.
Мұғалім: Айналайын гүлдерім, Айым менің күндерім Маған қызық тілдерің Естен кетпес күндерің Сендердікі болашақ Өтер балғын жастық шақ Озат болып оқыңдар Ойға білім тоқыңдар.
Хор: «Оқуда озат боламын».
Гүлназ: Бар әдемі қаламым, Соны қолға аламын. Жазуды да жазамын, Суретті де саламын.
Хор: Елдің атын жазамыз. Жердің атын жазамыз, Туған тілге тазамыз. Біріншіге барамыз.
Мұндай мереке қоштасу вальсінсіз қызық болмас, балалардың орындауында би «Қоштасу вальсі».
Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Біздің бүлдіршіндердің білімдеріні мен өнерлерін тамашаладыңыздар. Сіздерге рахмет айта отырып, бүлдіршіндерге өз тілектеріңізді білдіріңізге болады. Қонақтарға сөз беріліп, алғыс хаттар, дипломдар, сыйлықтар таратылады. Сау болыңыздар!