Просмотр содержимого документа
«Армысы?, ?з Наурыз! »
Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты: білімділік – Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту және маңызын түсіндіру, қазақтың ұлттық салт-дәстурі, әдет-ғұрпымен таныстыру; дамытушылық – шығарма желісі бойынша шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, ойлау қабілетін, өз тілінде еркін сөйлеуін ұштай түсу; тәрбиелік – ұлттық тұрмысқа, мәдениетке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Көрнекілік: киіз үйдің макеті, оның жиһаздары және төрт түлік мал, алтыбақан, домбыра, қамшы, көктем табиғаты, сдайд (Наурыз той, Қыдыр ата), салт-дәстүр, ұлттық ойындар.
Балалар жұмысы: мүсіндер («Қонақтарға арналған жиһаз», «Наурыз көжеге арналған қазан»), қазақ ертегілерінің кейіпкерлері, ұжымдық жұмыс «Достық шеңбері», папье-маше – ұлттық ыдыстар, жапсыру (ұлттық киімдер).
Ата-аналармен бірлескен жұмыс: фотокөрме (киіз және оның ішіндегі жиһаздар), қазақ халқының тағамдары, ұлттық киімдер, төрт түлік мал, кітап көрмесі (қазақ ертегілері, балаларға арналған кітаптар, энциклопедия).
1-жүргізуші: Балалар, қарсы алыңдар! Күн мен түн коңаққа келді.
Балалар:
Армысың, алтын Күн!
Армысың, жұлдызды Түн!
Ортада Түн мен Күн (бірігіп айтады):
Күн мен Түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
2-жүргізуші: Балалар, бізге көптен күткен Наурыз келді қонаққа, қарсы алайық!
Балалар: Армысың, әз Наурыз!
Наурыз:
Менің атым – Наурыз,
Балдай тәтті сары уыз,
Алып келдім, алыңыздар, балалар!
Қар астында қыс қалды,
Қар еріді, су ақты.
Алып келдім құстарды,
Алып келдім шуақты.
1-жүргізуші: Балалар, Наурыз тойына киіз үйлер тігіліп, әр түрлі салт-дәстүрлер көрсетіледі, ұлттық ойындар ойналады. Бәріміз шеңберге тұрып киіз үйді құрайық.
Дөңгелене тұрайық (қол ұстасып тұрады)
Киіз үйді құрайық (қолдарын көтереді)
Кереге болып керіліп (шалқаяды)
Уықтар болып иіліп (иіледі)
Киіз уйді құрайық (қол ұстасып тұрады).
Наурыз: Балалар, сендердің жанұяларың Наурыз мерекесіне қалай дайындалады?
Балалар:
Үйді, ауланы тазалайды.
Әдемі, жаңа киімдер киеді.
Ағаштар отырғызады.
Наурызкөже пісіреді.
Бір-біріне қонаққа барады.
Бата, жақсы тілектер айтылады.
2-жүргізуші: Балалар, Наурыз тойында жақсы әндер айтылады. Сендер
қандай ән білесіңдер?
Ән: «Көктем келді».
1-жүргізуші: Міне, балалар, Наурыз тойы да басталып кетті. Қалай ойлайсыңдар, бізге ең қадірлі қонақ келу керек, ол кім?
Балалар:
Қыдыр ата! Ата келіп елге, бізге бата береді.
Қыдыр ата келеді.
Балалар:
Армысыз, Қыдыр ата!
Қыдыр ата: Армысыңдар, балаларым! Наурыз құтты болсын! Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болды? Көктемде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?..
Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге құр келген жоқпын, өзіммен бірге бата тілегімді ала келдім. Ұлыс күні алған бата тілектің бәрі орындалады. Осы күні бата алғандар бақытты болады.
Ұлыс оң болмын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
2-жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге қонақтар да келіп қалды. Ұлыстың ұлы күні Наурызда сәлемдесу, төс қағыстыру, өкпе-назды-ұмыту, кешіру керек.
Ортаға бес ұл-қыз шығады, амандасу дәстүрін көрсетеді.
Армысыздар, достар! (төс қағыстырады)
Ұлыс оң болсын! (екі қолын алып амандасады)
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсың!
Ұлыс береке берсін!
Балалардың бәрі тұрып «Кел билейік» әнін айтады.
1-жүргізуші: Ежелгі салт-дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды
22-наурызда қарсы алған. Бұл күнді «Наурыз мерекесі» деп атайды.
(Слайд: «Наурыз тойы»)
Наурыз: Балалар, Наурыз мерекесінде көптеген ұлттық ойындар ойналады, соның бірі – «Тақия тастамақ». Келіндер, ойнайық.
Балалар, сендер тағы да қандай ұлттық ойындар білесіңдер?
Тағы бір-екі ойын ойнайық сендердің қалауларың бойынша.
(Ойын балалардың қалауы бойынша).
Наурыз: Балалар, Наурыз мерекесін тойлап жатқанда қазақ елі қандай қасиетті ас дайындайды?..
Дұрыс. Келесі ойын – «Наурызкөже дайындау». Сендер дүкенге барып дәм сатып алыңдар.
Наурызкөже қалай дайындалады?
Сүт, айран, қатықты қайдан аламыз?
2-жүргізуші: Балалар, Наурыз мерекесі күні ұлттық салт-дәстүр,
әдет-ғұрыптар көрсетіледі.
Бүгін бізге әже кішкентай немересімен келіп тұсаукесер рәсімін көрсетпекші. Амандасып қарсы алайық.
Әже: Менің кішкентай балапандарым! Наурыз құт, береке әкелсін!
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Баланың тұсау кесу рәсімі құрметті, беделді қонақтардың біріне ырымдалып тапсырылады. Тұсау келісіп болған соң қазақтың тағы бір рәсімі – шашу, оны балалар жинап алады. Той басталып қыздар мың бүралып билейді.
Би «Айгөлек».
1-жүргізуші:
Балалар, Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?
Жыл басы қай ай?
Адамдар жақындарына не дайындайды?
Үлкен-кіші бірін-бірі қалай құттықтайды?
Наурызда не айтылады?
Жиналғандар қасиетті қандай ас ішеді?
Балалар шеңберге түрып хормен «Наурыз тойын» айтады.
Наурыз тойы – елдің тойы,
Көктем тойы, төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар! Ардақты аналар! Наурыз мерекесі
баршамызға тек жағымды жаналықтар мен жақсылықтар, толымды да толағай табыстар әкелсін! Біздің балбөбектеріміз, сендерге сыйлықтар береміз!
Ортаға Күн мен Түн, Қыдыр ата, Наурыз, Әже шығып балаларға сыйлық береді.