Просмотр содержимого документа
«"Анашым - асыл қазынам"»
Тақырыбы: Анашым – асыл қазынам
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру; -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарату; -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
«Шоқ қыздар» ұлдар биі. ( Концерт осы бимен ашылады )
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қайырлы күн, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Десек те уақытпенен жарыспайды, Қияға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе мектепалды даярлық «Б» тобы оқушыларының сіздерге арнаған концертін қабыл алыңыздар.
Балалар:
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге бас иеміз біз. ( хормен )
Ендеше сөз кезегін бүлдіршіндерге берейік.
Әдеби монтаж.
1 – Алина 2 – Жанерке
Той пердесін ашайық. Бақытты ғой шынында,
Тойға шашу шашайық, Анасымен балалар.
Аналарды құрметтеп, Құтты болсын мереке,
Ән маржанын шашайық. Аман болсын аналар.
3 – Нұржан
Сіздерменен жадырайды өңіміз,
Сіздерменен жарасады сәніміз.
Ұзақ болсын мерекеңіз,
Құттықтаймыз бәріміз.
4 - Абдурахман 5 – Айгерім
Жүзімізге қарасаңыз, Құтты болсын, ардақты анам,
Біз бақытты боламыз. Асыл анам мерекең.
Бізге қымбат құшағыңыз, Құтты болсын жадыраған,
Бізге қымбат анамыз. Қуанышты берекең.
6 – Мағжан
Ақыл айтып баптаған
Анам үшін мақтанам.
Аялаған ұрпақтарын
Көп жасасын жақсы адам.
Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып, Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып, Биімен көрерменді тәнті ететін Арулар келді міне толқып, тасып. «Ха-фа-на-на» биі. Қарсы алыңыздар. Орындайтын «қыздар» тобы.
Жүргізуші:Ана деген- асыл жандар болаттай Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай, - дей келе келесі кезекті аналарға арналған тақпақтарға берейік.
7 – Наргиза
Жамандықтан жирентіп,
Анам үшін мақтанам.
Аялаған ұрпақтарын
Көп жасасын жақсы адам.
8 – Аяжан 9 – Азамат
Аналарды сүйеміз. Оқуды да ойлаймыз,
Ақылын ойға түйеміз, Бірге күліп ойнаймыз,
Әжені де ардақтап, Қыздарды да аялап,
Әдеппен бас иеміз. Мерекесін тойлаймыз.
10 – Аружан 11 – Сабыржан
Мерекеде көктемгі, Себепсіз қалмас сабақтан,
Құттықтаймыз сіздерді. Көреміз сені тек алдан.
Жайнап өскен қызғалдақ, Өсе бер , жайнап Аружан
Қыздар әсем ел гүлі. Ақылың бойға жарасқан.
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ұстаз - ол».Орындайтындар: трио
Тақпақтар: 12– Темірлан 13 - Алижан
Бәйгеден озған жүйріктей, Тазалықты сүйетін,
Аласың «бестік» іркілмей. Сабағын да білетін.
Жанерке біздің әдепті, Бота көзді Аяжан,
Даланың әсем гүліндей. Ұзақ болсын өмірің.
14 - Нұрасыл 15 -Бекзат
Ай секілді Айгерім, Жайнап жаймен жүретін,
Жарқырап тусын ай- күнің. Жымиып, ақырын күлетін.
Озып шығар бәйгеден, Назым біздің ибалы,
Көп болсыншы бестігің. Әдеппен бәрін сыйлайды.
16 - Нұрболат. 17 – Томирис.
Жамандыққы бармайды, Ақ анашым, аппағым,
Жақсылықты қалайды. Өзің жайлы тақпағым
Жаны сұлу Наргиза, Өзің жайлы әнім де,
Мінезі бізге ұнайды. Арнадым саған бәрін де.
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Айналайын, ақ мамам» атты әнін қабыл алыңыздар.
Хор: «Недеукерек?»
Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз,
Аналарды құрметтеп,
Би – билейміз бәріміз.
Би: «Біздің жігіттер». Орындайтындар: ұлдар тобы.
Жүргізуші: Құрметті аналар, сіздермен енді ойын ойнағымыз келеді.
Ойын: «Мимикамен көрсету»
1.Баласын мәпелеп отырған ана.
2.Жұмысқа асығып бара жатқан адам.
3.Баласына ұрсып жатқан ана.
4.Балаңызға ренжіп тұрған кейіпіңіз.
5.Балаңызды мақтан тұтып тұрған кейіпіңіз.
Жүргізуші: Енді, аяулы асыл аналарымызды ортаға шақырамын. Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, «Өлеңнің жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, өнерлерін тексеремін.
Ойынның шарты: Бір топтың аналары өлеңді бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары ән айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші, ана!» дипломымен марапатталады.
Құрметті қонақтар, біздің «Анашым – асыл қазынам» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды.