kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Анашым асыл қазынам !" 8 Наурыз мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 Наурыз  "Анашым асыл қазынам" атты мерекелік ертеігілік сценариы

Балаларды сүйіспеншілікке тірбиелеу мақсатында түрлі ән мен би өнерлерін көрсетуге қалыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Анашым асыл қазынам !" 8 Наурыз мерекесі»



8 Наурыз «АНАШЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!»

Әуен ойнап тұрады, Ұлдар қыздардың қолынан ұстап залға таныстыра кіргізеді. Тәп-тәтті қыз – Айзере Жаздай жайсаң – Амина Инабатты қыз – Марал Әп - әдемі – Айару Айдай ашық – Амира Әсем қыз – Ару Айдай сұлу – Махаббат Ерке қыз – Іңкәр Сымбатты қыз – Аделина Ақылды қыз – Маргарита Мейірімді қыз – Меруерт Гүлдей күлімдеген – Дарья Ажарлы қыз - Дильназ


Жүргізуші:

Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды.  Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар,ұлағатты ұстаздар!Өздеріңізге арналған мерекемізге қош келдіңіздер.Сонымен,ересектер тобының

«Анашым Асыл қазынам » атты ертеңгілігін бастаймыз.

ӘН: «Көңілді күн»

1.ӘН: «Топ-топ балақан »

1.Біздер үйдің күліміз, Біздер үйдің гүліміз. Ата-анаға қуаныш, Біздің әсем үніміз.

Қ-сы Топ-топ балақан Шапалақта алақан Мәпелеген анамыз Әке деген панамыз Кәмпит берсе біздерге Риза болып қаламыз

2.Аман болсын анамыз, Аман болсын папамыз. Аман болсын екеуі Жұлдыз болып жанамыз

2. Балалар тақпақтарын айтады /баяу әуен қойылады/

Іңкәр. Жанымызды жайнатқан, Сіздерсіз ғой аналар. Зор денсаулық,мол бақыт, Тілейді барша балалар. Ару. Еркелеймін шаттанам, Жарқын күлкің бақ маған. Ақ бетіңнен сүйейін, Келші,келші ақ мамам.

Кирил. Бізді өсірген апатай, Еңбегің де зор екен. Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең.

Дильназ.

Бала,бала,бала деп

Мені өсірген анашым

Гүлге толсын құшағың

Бақытты бол анашым

Самғат.

Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған
Менсіз тамақ татпаған,
Айналайын, ақ маман!

Дарья.

Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Ән. «Ақ мамам!» орындайтын Ару

Жүргізуші:

  • Балалар,Көктем ханшайымы кешігіп жатырғой,көктем ханшайымсыз аналар мерекесін өткізе алмаймыз.

Осы кезде жағымсыз әуен қойылып қатігез Қар қызы залға кіреді.

Қатігез қар ханшайымы:

  • Мен тұрғанда еш жерде көктем болмайды.

Жүргізуші:

-Сәлеметсіңбе Қар ханшайымы.Біз Көктем ханшайымын күтіп отырмыз

Қатігез қар ханшайымы:

  • Бәрі де кеш!Көктем ханшайымы мәңгілік ұйқыға кетті,сендер оған көмектесе алмайсыңдар.

Жүргізуші:

  • Балалар,мен тапқан сияқтымын,сендер көктем туралы ән білесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә!

Жүргізуші

  • Олай болса көктем аруына көмектесейік!

ӘН: «Көңілді күн»

Қатігез қар ханшайымы:

  • Жоқ,жоқ естігім келмейді!Тоқтатыңдар!Жоқ!

Құлағын жауып сахнанын артына тығылып қашып кетеді.Осы кезде әдемі әуен қойылып,Қар ханшайымы кірген жерден Көктем ханшайымы шығады.

Көктем ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер балалар!Рахмет сендерге балалар,сендер болмағанда мәңгілік ұйқыға кетер едімғой.Неге көңілдеріңіз түсіп кеткен?Қане бәріміз көктем туралы би билейік.!

Би: «Қуыршақтар құламақтар»

Тақпақтар. Айзере. Аналарды сүйеміз Сөзін ойға түйеміз Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

Амина. Мерекені қарсы алып, Мәз болады барша жұрт. Гүл ұсынып анаға, Бердім өзім ән алып.

Алихан. Тату тәтті жүреміз, Анамызды сүйеміз. Әрқашанда оларға Басымызды иеміз.

Ерасыл.

Шалқып тасып әніміз Жадырасын әніміз. Ана сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз.

Сұлтан . Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Диар.

Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам
Мерекеңіз бүгін!

Махаббат.

Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Бар баланы қуантып Ұзақ өмір сүріңіз        

Рита.

Анашым анам, Ризамын саған. Тіліңді аламын, Ақылды болам.

Виталий.

Ана деген ақ көңіл Күнмен бірге күледі Ана деген шат көңіл Шарықтайды үнемі.

Амира.

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде.

Арлан.

Жұмақ – құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл – қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!

Айару.

Баланың да тірегі Дананың да тірегі Ауырмасын ешқашан Аналардың жүрегі.

Көктем ханшайымы:

Тамаша!Қандай жақсы.Балалар,енді біз аналарымызбен ойын ойнайық.

Ойын шарты мынадай:

Ортаға бір ананы шығарып көзін байлайды,өз алақандарымен өз баласын сипап тауып алу керек.

Ойын.Осылай бірнеше рет қайталанады

-Рахмет сіздерге,сезімтал екенсіздер.Балалар менің әлі де ұзақ жол жүруім керек.Сендерді барған жерімде мақтай жүремін.Жасаған батылдықтарыңды ешқашан ұмытпаймын.Қош сау болыңдар!

Көктем ханшайымы жағымды әуенмен балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші

-Балалар біз ауылға барғанда бізге сақтап қойған құртын,тәттілерән беретін кім ол?

Балалар:

ӘЖЕ!

Жүргізуші

  • Иә балалар,Әжемізғой!

Олай болса әжетайларымызға арнап ән тақпақ айтайық.

Абай.

Әжем маған базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін жақсысын, Маған таңдап әперді.

Марал. Әжем өрнек тереді Сырмақ сырып оюлап. Басы ауыра береді, Шәй ішпесе қоюлап.

Жүргізуші:

  • Тамшылар!Бұл жаңбырғой!Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар.

Осы кезде әуенмен жаңбыр залға кіреді.

Жаңбыр:

  • Алақай!Бұл- мен! Мен Жаңбырмын!Армысыңдар балалар мен аналар!Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын,өсімдіктерді суарамын.Міне көктем де келіп жетті.Осы өлкеге келгеніме өте қуаныштымын.Ал сендер қуаныштысыңдарма? Көңіл күйлерің қалай?

  • Иә!Қуаныштымыз!

Жаңбыр:

  • Тамаша! Мен сендермен ән шырқаймын көңіл көтеремін ойыншылмын!Әсіресе билегенді ұнатамын.

  • Би: «Жаңбыр тамшылылары»

Жүргізуші:

  • Жаңбыр біз де биді жақсы көреміз!

-Тамаша!Бұл билерің маған қатты ұнады..

Балалар,мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым,ал көктем мезгілі келісімен жылы жаңбырға айналдым.

Балалалр,сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші:

-Біздің балалардың барлығы аналарына ылғи көмектесіп жүреді.

Жаңбыр: Ойын. «Үздік көмекші»

Ойын Шарты мынадай: Қәзір мен екі баламен өз аналарын ортаға шығарып,жаюлы тұрған орамалдарды аналарыңа жылдам әкеліп беруді сұраймын .Әйтпесе менің тамшыларым орамалдарды сулап тастайды.


Би: « Анасының көмекшілері» ер балалар биі


Жүргізуші:

  • Айттымғой Жаңбыр!Балаларымыз өте ақылды,қамқор!

Жаңбыр:

  • Тамаша Балалар,өте өнерлі екенсіңдер!мен сендермен көңіл көтеремін деп өз анамды мерекесімен құттықтауға ұмытып кеттім!Қәзір менің кетуім керек.Сендерге рахмет!Қош сау болыңдар!

Әуен ойнап балалар жаңбырмен қоштасады

- Балалар біздің де аналарымызға жасаған сыйлығымызды тарту ететің кез келген секілді.

Осы кезде экранда видеоролик көрсетіледі.

Видеоролик біткен соң, Әуен қойылып балалар өз аналарына жасаған сыйлықтарын тарту етеді.

Вальс: « Көңілді көктем »


Жүргізуші:

  • Құрметті Аналар!Бұл жай ғана сыйлық емес балалардың шын жүрекпен арнап жасалған сыйлықтары ! Сіздерге осы мерекеде зор денсаулық,таусылмас мейірім тілейміз.

«Анашым –Асыл қазынам!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!











«Бекітемін» МКҚК«Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі:_______________Д.Ж.Ескожина





Анашым асыл қазынам!

II сәбилер№11 «Жұлдыз» тобы.

2017ж



Тәрбиешілер: Абдыкова А.Т Аябергенова А.т




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Анашым асыл қазынам !" 8 Наурыз мерекесі

Автор: Аябергенова Айбарша Тоқсанбайқызы

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 406074

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты  "Аналар мерекесі" "
    ["seo_title"] => string(34) "t-rbiie-sag-aty-analar-mieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "221538"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435400855"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "8 наурыз мерекесіні? сценарийі"
    ["seo_title"] => string(32) "8nauryzmieriekiesininstsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "319739"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460947939"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "8 наурыз мерекесіні? сценарийі"
    ["seo_title"] => string(33) "8nauryzmieriekiesininstsienariii1"
    ["file_id"] => string(6) "319740"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460947954"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Анамызды арда?тайы?""
    ["seo_title"] => string(20) "anamyzdy-ardak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "305974"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458034018"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "8 наурыз Аналар к?ніне арнал?ан мерекелік шара"
    ["seo_title"] => string(45) "8nauryzanalarkuniniearnalganmieriekielikshara"
    ["file_id"] => string(6) "319743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460948549"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства