Жүргізуші: Қымбатты да, ардақты әжелер, аяулы аналар, гүлдей жайнаған қыздар. Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні 8 наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей, иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана.
Жүргізуші: Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Ән: Құттықтаймын мама
Тақпақтар:
Мансұр: Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп маұтанам
Айналайын ақ мамам
Зере: Біз доспыз гүлменен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз
Мирхат: Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама
Айтыңдаршы баршаң да
Жанайым: Ана біздің күніміз
Ананың із – гүліміз
Ұландарды қуантып
Аман-есен жүріңіз
Әділжан: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Елхан: Анашым ақ таңым
Ақ сүтін ақтаймын
Жүректе атыңды
Тұмардай сақтаймын
Ернар: Көктем келді балалар
Ән айтайық, би билеп
Ақ сүт беріп өсірген
Аман болсын аналар
Би:Раз ладошка, два ладошка.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Олай болса келесі тақпағымыз әжелерімізге арналады.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр. Деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер аяулы аналар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын.
Ән:Қалабай Мирхаттың орындауында «Көктем келді» әнін қарсы алыңыздар
Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне осындай қойылым
Көрсетті достық бақшасы.
Би:«У меня, у тебя»
Құрметті ата –аналар, қонақтар! Сіздерді «Болашақ» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Ардақты әжелеріміз, аяулы аналарымыз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын.