Патриотизм-адамны? ?з Отанына деген с?йіспеншілік пен адалды?ын к?рсететін сезім. Ол адамны? ?з Отанын к?шті де айбынды етіп, г?лдендіруге ?мтылумен сипатталады, ?андай да бір ?астанды? ?рекеттерден Отанын ?ор?ау?а дайын болуды білдіреді. Патриотизм сондай-а? ту?ан жерге, ата-бабасы жат?ан жерге ??штарлы? сия?ты тере? перзенттік махаббатты да білдіреді. Б?гінгі жас жеткіншектер келешекте ?з Отанын ?ор?айтын азаматтар боларына к?міл сенімдеміз. Осындай патриотты? т?рбие мен ?лтты? рухты, туып-?скен жерге, елге деген перзенттік сезімді арттыру ж?не Отан ?ор?аушылар ретінде азаматты? ж?не адамгершілік ?абілеттерді жо?ары ?стау?а, ?асиетті тілімді ?олдайтын ?лтжанды ?рпа? ?сіру ма?сатында мектебімізде ?араша айыны? 28 ж?лдызында Кусаинов Мереке Ерденбай?лыны? ?йымдастыруымен «Ерлік саба?ы» ?ткен болатын. Б?л ерлік саба?ыны? та?ырыбы «?шпес ерлікке м??гі та?зым» деп атанды. Ерлік саба?ына ер жетіп, б??аналары бекіп, сана сезімдері оянып келе жат?ан жас жеткіншектер ?атысып, ?з ойларын білдірді. Патриотизм, елін-жерін с?ю туралы тере?нен ой ?оз?а?ан о?ушылар, атамекенге деген с?йіспеншілікке толы ?ле?дер о?ып, ж?рекке к?п жігер сыйлады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ерлік саба?ы "?шпес ерлікке м??гі та?зым"»
Ерлік сабағы
Патриотизм-адамның өз Отанына деген сүйіспеншілік пен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуды білдіреді. Патриотизм сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді. Бүгінгі жас жеткіншектер келешекте өз Отанын қорғайтын азаматтар боларына кәміл сенімдеміз. Осындай патриоттық тәрбие мен ұлттық рухты, туып-өскен жерге, елге деген перзенттік сезімді арттыру және Отан қорғаушылар ретінде азаматтық және адамгершілік қабілеттерді жоғары ұстауға, қасиетті тілімді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ өсіру мақсатында мектебімізде қараша айының 28 жұлдызында Кусаинов Мереке Ерденбайұлының ұйымдастыруымен «Ерлік сабағы» өткен болатын. Бұл ерлік сабағының тақырыбы «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» деп атанды. Ерлік сабағына ер жетіп, бұғаналары бекіп, сана сезімдері оянып келе жатқан жас жеткіншектер қатысып, өз ойларын білдірді. Патриотизм , елін-жерін сүю туралы тереңнен ой қозғаған оқушылар, атамекенге деген сүйіспеншілікке толы өлеңдер оқып, жүрекке көп жігер сыйлады.
Ерлік сабағы 1-желтоқсан Тұңғыш Президентіміздің күні қарсаңында өткізіліп отырғандықтан сабақты да Елбасымен байланыстыруға көп көңіл бөлінді. Елбасының осы уақытқа дейін жүріп өткен жолы мен жасаған ерліктері жайлы сөз қозғалып, ой толғады. Елбасымыздың ел тыныштығын сақтаудағы атқарған абыройлы істері мен ел аумағындағы тұтастықты сақтаудағы рөлі зор екендігі баршаға мәлім. Еліміздегі көп аймақтарға әскери мектептер мен кадет корпустарын салып, жастардың білім мен әскери мамандықты игеруіне жол ашқан да Елбасы екенін аттап өтті. 1992 жылы Өзіміздің күш құрылымдарымыз-Қарулы Күштер Республикалық ұлан, ішкі және шекаралық әскерлер құрылған еді. Елімізде әскери адамдар үшін жағдай жасалып, барынша көмек беріліп келеді. Әскери мамандық-ең жауапты мамандықтардың бірі және бірегейі өйткені оны алып жүру үшін алдымен сенім, жігермен қайрат керек. Ел қорғаны атанатын болашақ сарбаздар бойына осындай қасиеттерді ұялату керек екені айдан анық. Осы үшін де ерлікке үндейтін сабақтар өткізіліп тұратыны сөзсіз. Елбасындай көшбасшы адамға еліктеп, сондай бола білуге тырысу, жаңа мақсаттарға жетелейді. Тәуелсіздігімізге 20 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында қазақ елі өзге жұртпен және көршілес мемлекеттермен де терезесі тең болып келе жатыр.
Қазақстан әлемге ынтымақпен бейбітшілікті насихаттауды көздейді. Сол жолда аянбайды.
Ерлік сабағы осы сарындас баяндаулармен өрби келе, қорытындылау мақсатында «Сержант» және офицерлік құрамның әскери атақтарына, пагон үлгілеріне арналған сұрақтар, мақал-мәтелдер және өлең жолдарымен түйінделді. Оқушылар Президентке рапорт тапсыру және өзге шендер туралы мәліметтер келтіріп, мақал-мәтелдерді ұтымды таба білді. Сабақ интерактивті түрде, көпшілікке түсінікті әрі ашық түрде өтті. Сабақты ұйымдастырып, жас азаматтардың бойына ұлтжандылықты сіңіруді мақсат еткен мектебіміздің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Кусаинов Мереке Ерденбайұлы да тақырыпты аша түсіп, Елбасының елін сүйген ерлерге деген астық ықыласы мен жүктеп отырған жауапкершілігін жеткізуге тырысты. Бүгінгі қазақтың жас баласы ертеңгі елін қорғайтын ұланы, батыры емес пе?! Болашақта Отанының тыныштығын күзететін ерлеріміз Елбасыдан үлгі алып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Абай атамыз «Боламасаң да ұқсап бақ» деп бекер айтпаса керекті. Елбасындай ұлттық қолбасшысы әрі көшбасшысы болуға талпыныс жасау, парызбен тең. Осындай мағналы да мәнді әрі ой толғандыратын ерлік сабақтары өз жалғасын одан әрі қарай таба берсін. Бүгінгі ерлік сабағы-ертеңгі ұландарымызға даңғыл жолдың бастамасы болсын!