Мақсаты: Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспенншілігін арттыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ана- өмір шырағы»»
Тағырыбы: «Ана- өмір шырағы»
Мақсаты: Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспенншілігін арттыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Аналарды қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар. Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты да, аяулы аналар және ұжымдыстар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ашық аспан, жарқын болашақ, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
– дей келе, ертеңгілігіміздің сәні мен мәні №13 ортаңғы тобының балаларын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз.
/Әуенмен балалар залға кіреді/.
Би: «Флешмоб».
/Балалар орындарына отырады/.
Жүргізуші: Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің ақ тілегін қабыл алыңыздар.
Ұлан: Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Әбілмансұр: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели! От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта. Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем! Сұлтан: Dear Mummy, Dear Granny! I want you to be happy! On the eights of March I love Mummy, I love Granny I wish them health I wish them wealth!
Жүргізуші: Таңдай қағар тамсана,
Тіршіліктің басы – Ана.
Қыздырайық тойды біз,
Тақпақ айтып бәріміз. Ендеше, балапандарымыздың сіздерге арнаған өлең жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Амина: Баға жетпес асылдың сынығысың,
Мөлдір таза бұлақтың тұнығысың,
Күндей ашық, айдай биік көңіліңді,
Жүрегімді нұрға бөлер жыр ұғынсын.
Алихан: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Б.Каусар: Ана біздің күніміз,
Ананың біздің гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ибраһим: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас йеміз.
Айсулу: Моя бабушка родная,
Лучшая на свете.
Самая красивая,
На всей большой планете
Қарақат: Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан,
Жансын жарық жұлдызың.
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл- қызың.
Аппақ: Баланың да тірегі
Данның да тірегі, Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Сұлтан: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап бұл кісі.
Есенбет: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
/Осы кезде кереуетте ерке қыз ұйықтап жатады, анасы келеді/.
Анасы: Тұра қойшы қызым менің,
Тұра қой күнім.
Әдемілеп тарайыншы,
Шашыңды сенің.
Төсегіңді жинай ғой алтыным.
Қыз: Ештеңеге зауқым жоқ!
Анасы: Жарайды, ендеше мен кеттім.
Әжесі: Тұра қойшы ботам менің,
Тұра ғой енді.
Ұйқымен таңда атырып,
Батырдың күнді.
Тәтті бәліш пісіріп қойдым көп.
Қыз: Ештеңеге зауқым жоқ!
Әжесі: Жарайды, ендеше мен де кеттім.
/Ғажап періште келеді, қыз ұйықтап жата береді/.
Ғажайып періште: Сүйкімді қыз тұрсайшы!
Қыз: Сіз кімсіз?
Періште: Мен ғажайып періштемін. Мен барлығын да көріп тұрмын. Сен анашыңды да, әжеңді де ренжіттің. Бүгін олардың мерекесі екенін ұмытып кеттің.
Қыз: Енді мен оларды қалай қайтарсам екен ,қарным да ашып кетті, оларды қатты сағынып кеттім. Ғажайып періште, сіз сиқырлы болсаңыз оларды қайтарыңыңызшы.
Періште: Жоқ, олай болмайды, сен оларды өз еңбегіңмен қуантуың керек. Сонда ғана барлығы өз орнына келеді.
Қыз: Анамды да, әжемді де ренжіттім. Мен оларды қалай қуантамын?
Періште: Сен қарашы, айналадағы балалар қандай әдемі! Олар анасын құттықтауға келіп отыр.
Қыз: Балалар, маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... балаларымыздың орындауындағы «Ай дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар. «Ай дидарлы анашым» әнін сыйға тартамыз.
Еркелетіп өсірген,
Тентек болсам – кешірген.
«Айналайын, күнім!,»- деп
Мерейіммен өсірген
Қайырмасы
Ай дидарлы анашым
Ақыл айтар данасың
Аман болшы әрқашан,
Деп тілейді балашың .
Тең көрмейтін ешкімге
Орның бөлек дарасың!
Жүрегімде бар ізің
Өзіңе мол қарызым!
Мәңгі бақи алдымда
Өтей алман парызым!
Қыз: Менің есіме түсті. Аналар мерекесі көктемде гүлдер шығады.
Періште: Дұрыс айтасың, көктемде бәйшешек гүл атады.
Жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашы, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. «Мики маус» биі.
Би: «Мики маус»
Жүргізуші: Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.- дей отыра ата-аналарымызды да ойын ойнауға шақырайық. Ойын: «Түймедақ гүлі».
Ойынның шарты: ортаға алты ата-ана шығады. Магнитті тақтаға қойылған түймедақ күлтешелерінің артындағы тапсырмаларды орындайды.
Ойынның тапсырмалары:
Оң аяқпен төрт рет, сол аяқпен төрт рет және қос аяқтап төрт рет секіру?
Әтеш қалай шақырады?
Күлтешеде жазылған мақалды жалғастыр?
Түлкінің жүрісін салу?
Ана туралы тақпақ айтып беріңіз?
5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?
Жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше құрметті аналар сіздерге арналған өлең – шумақтарымызды тыңдай отырыңыздар.
Айлин: Мен анамды сүйемін, Сөзін ойға түйемін. Анашымды ардақтап, Басымды оған иемін
Айдай: Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Аналардан тарайды Біздің ана тіліміз
Алинур:Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам
Даулет: Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін
Амина: Spring is green. Summer is bright. Autumn is yellow. Winter is white
Медина: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Қыз: Ғажайып періште, менің анам мен әжем келе ме? Мен оларды қатты сағынып кеттім.
Періште: Мен өзімнің сиқырлы күшіммен сенің анаң мен әжеңді алып келгенмін, олар осында. Ақ сүт берген аналарыңмен мәпелеген әжелеріңді ешқашан ренжітпеңдер. Ал, мен сендер сияқты балаларға жөн сілтеп көмектесуім керек. Мен кеттім, сау болыңдар!
/Ғажайып періште кетеді, ортаға ана мен әже келеді/
Қыз: Мен сендерді ешқашан ренжітпеймін
/ «Анашым», «Әжешім» деп екеуін құшақтайды/.
Ана мен әже: Біз де сені жақсы көреміз.
Қыз: Маған балалар қатты ұнады, олар маған көмектесті.
Жүргізуші: Ендеше біздің балаларымыздың «Анашым қартаймашы жалынамын» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Анашым қартаймашы жалынамын»
Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Хабарымыздың соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем гүлән қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!