kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын күз сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күз мезгілі жайлы ақпарат беру білімдерін кеңейту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын күз сценарий»

Жүргізуші:  Тілегім аман болсын ел іргесі,
                      Алтын күз қайта келді берекесі.
                      Молшылықтың жаршысы бола білді,
                     Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз. 
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі 
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. 

Музыка әуенімен балалар кіреді.

Би «Жапырақтармен»

Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды дәл ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»

-Бұл не ,балақайлар?

Балалар:Күз

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                                 Әкеміз бен анамыз

Атамыз бен әжеміз

Қырдан кепті қыдырып,
                                  Алтын күзге бізге нұр төгіп.

Музыкамен күз кіреді

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Салем саған, Сұлу Күз!

Балалар:

Айниса: Алтын түсті ағаштар үшін – Барлығы:Рахмет

Жантемир:Дән толы масақтар үшін – Барлығы: Рахмет

Каусар:Жерді жуған жаңбырлар үшін- Барлығы: Рахмет

Данияр:Бізге қонаққа келген үшін - Барлығы :Рахмет

Тақпактар күз туралы

Ән: «Күз »

Күз: Өнерлі балалар екенсіңдер.Ал енді менімен ойын ойнайық ойнайық.

Ойын: « Сиқырлы орамал» . Балалар ортаға шығып тізерлеп отырып, көздерін жұмады. Күз бір баланы орамалмен жабады. Балалар кім екенін табады

Ойын ойналып жатқанда орман ата келіп түбірдің үстіне отырады. Балалар отырған кезде күлкінің даусы шығады

Орман-ата: Хи-хи-хи! Ха-ха-ха!

Күз: Ой , балалар , қараңдаршы бізге менің досым- Орман-ата қонаққа келіпті. Өзі сондай көңілді. Ұйықтап жатып та күле береді. Ха-ха-ха! Барып оны оятайын.Тұр Орман-ата. Тұрмайды. Балалар бірге оятайық.

Балалар:Орман-ата,тұра гой.

Орман ата: Сәлем балақандар-балапандар! Ой-ой-ой күлдірді ғой мені біраз

Күз: Кім күлдірді сені?

Орман ата: Орман-ата

Күз: Орма-ата ? Ол сен ғой Орман-ата!

Орман-ата: Иә! Мен өзімді өзім түсімде күлдірдім. Сендерді де күлдірейін бе?

Балалар: Иә!!!

Күз: Әрине . Біздіңде күлгенді жақсы көреміз!

Орман ата:Менің сандақшамда неше түрлі ойындар бар. Онда ойын ойнаймыз. «Жейтін және жеуге жарамайтын» ( сандықшадан алып, суреттер көрсетуге болады). Егер жейтін болса ням-ням-ням дейсіңдер, ал жемейтін болса фу-фу-фу дейсіңдер(қыздар ойнайды, ұлдар биге дайындалады)

Ойын: 1. Хош иісті бауырсақ ( ням-ням-ням)

2. жуылмаған үлкен табақ (фу-фу-фу)

3. Үлпілдеген бәліш

4. қап-қатты кірпіш

5. тәп-тәтті ірімшік

6. қолданған майлық

7. үп-үлкен прәндік

8. сап-сары өрік

Орман ата:Мен сендерді күлдірдім. Ал енді сендер мені қуантыңдар. Мен билегенді жақсы көремін.

Күз: Біз де балалармен билегенді жақсы көреміз

Би ұлдар:«Кемпірқосақ»

Орман –ата:Көңілді би. Көңіл көтеріп алдым. Сендер білесіңдер мен орман сақшысымын . Ормандағы аңдардың қысқа дайындығын қадағалаймын, ағаштардың барлығы алтын көйлектерін кигенін көремін. Күз ханшайымы бірде бір ағашты ұмытып кетпесін деп тексеремін. Ал, сендер күзде не істейсіңдер?

(көкеністер дайындалады)

Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы күзде біз не істейміз?

Балалар:Жидектер мен көкеністер жинаймыз

Орман-ата: Жидектерді білемін (сандықшасынан алып, муляждар көрсетіп балаларға айтқызады.)

Ал көкеністер не екенін білмеймін. Біздің орманда көкеністер өспейді.

Жүргізуші: Қазір біз саған көрсетеміз.

Көкеністер келеді. Тақпақтарын айтады.


Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Қолындағы көкеністерді атаға береді.


Іші сары, сырты қатты,
Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.
Пісіріпжесең ас тамақ,
Мұныңатыасқабақ.

Қолындағы көкеністерді атаға береді.


Қиярдеген мен болам,
Ертепістімбақшада.
Салат жасапөзімнен,
Қуантамынбәріңді.
Қолындағы көкеністерді атаға береді.


Асханаданшықпаймын, 
Атым - пияз, бұқпаймын. 
Көзденжастышығарам, 
Тұмауданбірақсақтаймын! 
Қолындағы көкеністерді атаға береді.


Тал шыбығымбұралып, 
Бақшалардақызарып. 
Тұрғанол мен- қызанақ, 
Күнгеқарапұялып! 
Қолындағы көкеністерді атаға береді.


Картоп-біздіңатымыз, 
Жерастындажатырмыз. 
Біртамырдантараған, 
Ағайынбызбәріміз!

Қолындағы көкеністерді атаға береді.


Орман-ата: Енді бұл көкеністер маған қыс бойына жететін болады.Рахмет балалар! Ризашылығымды білдіріп сендерге тағы бір ойын сыйлаймын.(Ұлдар ойнайды, қыздар биге дайындалады)

Ойын: «Жапырақтар түскенде». Ағаштардың жапырақтары немесе қағаздан қиылған жапырақтар керек. Үстел үстіндегі жапырақтарды үрлеп жерге түсіреді. Әр балаға бір жапырақтан . Кім бірінші жерге түсірсе, сол жеңімпаз.

Жүргізуші: Балалар, біз үрлеп-үрлеп желді шақырып алдық-ау деймін. Қараңдар жел біздің залға қаншама жапырақ үрлеп әкелді.

Би қыздыр:«Жапырақтар»

Билеп болғасын жапырақтарын Күзге сыйлайды.

Орман –ата:Балалар, сендер күзді жақсы көретіндерің көрініп тұр. Қаншама жапырақтар сыйладыңдар. Ал егер жаңбыр жауса сендер қайда тығыласыңдар? Ағаштың астына ма? Әлде інге кіресіңдер ме? Мүмкін тиіндер сияқты ағаштың қуысына тығылатын шығарсыңдар?

Балалар: Жоқ, Біз қолшатыр ұстаймыз.

Орман-ата: Қолшатыр ? Ол не мен білмеймін.

Жүргізуші: Казір балалар саған барлығын көрсетеді

( әнге қолшатырмен би)

Ән «Жаңбыр»
Жүргізуші:
Ал мына қолшатырды біз балалармен бірге саған сыйлаймыз.

Орман-ата:Ғажайып!!! Қандай әдемі! Ашылады , жабылады. Рахмет балалар!! Енді Жаңбыр болғанда менде тығылмай қолшатырымды ұстап түбірде отырамын.(қолшатырын ұстап отырады)

Жүргізуші:Ал сенің ішің пыспасын деп балалар тағы өнерлерін көрсетеді.

Тақпақтар

Вокал

Орман-ата:Сендер таңқалдыратын балалар екенсіңдер. Өлең, ән, би барлығын біледі екенсіңдер.

Күз: Күзге дайын екенсіңдер балалар. Аталар мен әжелер, әкелер мен аналар сіздерге де рахмет. Ерінбей алқапта, бауда, бақшада еңбектенгендерің үшін. Ал енді менің сыйлық тартар уақытым келді. Орман-ата сандығыңды әкелші маған.

Орман-ата: Міне, сандық . Бірақ онда ештеңе қалған жоқ!(балаларға көрсетеді)

Күз:Жапырағым сиқырлы

Таң қалдырар балаларды

Бір ,екі, үш

Алмаларым сандыққа түс

Сандықтың ішінене алмалар шығады.

Күз: Ал, Орман-ата, сағанда орманға оралуың керек. Менің де көп жұмыстарым бар. Сау болыңдар !!!

Орман-ата:Маған сендермен өте көңілді болды. Сау болыңдар!!! 

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға« Сауболыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алтын күз сценарий

Автор: Найманова Бахытжан Сериковна

Дата: 27.11.2018

Номер свидетельства: 487935

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "22 наурыз "Алтын сақа" сценарий"
    ["seo_title"] => string(32) "22_nauryz_altyn_sak_a_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "417039"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495211272"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Берекелі алтын күз!" сценарии"
    ["seo_title"] => string(28) "berekeli_altyn_kuz_stsenarii"
    ["file_id"] => string(6) "483098"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541065918"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Алтын күз" сценарий"
    ["seo_title"] => string(21) "altyn_kuz_stsenarii_1"
    ["file_id"] => string(6) "487910"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1543339462"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Берекелі Алтын Күз!" сценарийі"
    ["seo_title"] => string(33) "bieriekieli_altyn_kuz_stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "448421"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515409580"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Алтын күз сценарий"
    ["seo_title"] => string(19) "altyn_kuz_stsenarii"
    ["file_id"] => string(6) "485683"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1542211759"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства