Алтын күз. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Барысы: сахна мерекеге сай безендірілген. Балалар көңілді әуенмен кіріп, үш катар болып тұрады. 1 қатар жапырақтар, 2 қатар саңырау құлақтар, 3қатар қолшатырлар.
Жүргізуші::Күз де келді, алтын дәнін сапырып Күз де келді, той –думанды шақырып Күздің күні алтын нұрын шашады Жердің жүзін шұғылаға батырып Армысыздар, құрметті қонақтар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі, мерекелі алтын күз, құтты болсын! Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз « Күз жомарт» деп жыр жырлап ән саламыз Хор: «Күз жомарт» орындалады. - Бүгін, балалар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін, тақпақтарымен жеткізеді. Күз туралы тақпақтар.(Інжу,Айсұлу,Нүрила,Гүлсезім,Динара,Жанел,Аружан,Аянат,Жансая,Дина) Көңілді әуенмен Күн кіреді: Сәлеметсіздерме балалар! Сәлеметсіздерме ата-аналар ,қонақтар! Мен жадырап, жарқыраған күнмін.Естуімше, бүгін сіздерде керемет мереке басталмақшы екен.Мен сіздердің мерекелеріңізге өзімнің көңілді шуағымды шашып көмектескім келеді. Қарсы емессіндер ме? Балалар: Жоқ қарсы емеспіз. Күн:Ендеше қандай мереке өткелі жатыр балалар? Балалар:Алтын күз мерекесі. Күн:Иа, балалар біздің ортамызға кім жетіспейді? Балалар: Күз ханшайымы. Күн: Олай болса қолымызға жапырақтар алып билесек,күз ханшасы бізді байқап,өзі де кеп қалар. Би: «Жапырақтар» Жүргізуші:Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Алтын күн әнінің әуенімен Күз ханшасы келеді.Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз ханшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Жүргізуші:Олай болса, ең әуелі жоғарға шығыңыз, төрлетіңіз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз. Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма? Балалар:Дайынбыз деп жауап береді. Жұмбақ ән Жемістер жыры» орындалады.Күз ханшайымы:Жеміс-жидектермен көкөністердің бізге пайдасы өте көп, біздің ағзамызға алатын көптеген дәрумендер бар.Біз күнделікті жемістермен көкөністерді жеп жүрсек деніміз сау болып өсеміз.Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін. Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі! ( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Күз ханшайымы: Бәрекелді, керемет!Балалар, мен сендерге ойынымды да ала келдім. Ойын: «Қандай жеміс екенін тап» Шарты: көзді байлап, қолмен ұстап қандай жеміс екенін табу. Жігер,Адай,Сұңғат,Аслан, (Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі) Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбырдың да жауғысы кеп тұр Жаңбыр кіреді дүрсілдеген найзағай дыбысымен. Жаңбыр: Күн жадырап кеткенбе? Күз де келіп жеткенбе? Нөсерімді құяйын Дымқылдайын, сулайын. Күз ханшайымы: Тоқта! Тоқта!Біздің мерекеміздің шыркын бұзба! Күн:Ашуланбаңыз ханшайым.Жаңбырда менің досым. Жаңбырда мерекемізді тамашаласын. Солайма балалар? Балалар: Қатыссын, тамашаласын! Біз жаңбырдан қорықпаймыз. Қолшатырмен қорғаймыз Күз ханшайымы: Жарайды балалар, келісейін Жаңбыр да менің жеміс-жидектерімнің жақсы пісуіне атсалысты ғой.Жақсы..
Жүргізуші: Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр, Дабылыңды соқпай тұр. Саяғынды түгендеп, Үйіріңді соқпай тұр! – Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз. Ән: «Қолшатыр» Жаңбыр: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма? Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады) Жаңбыр: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма? Балалар: Жоқ! Жаңбыр: Сеңдердің ойнағыларын келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын. Жаңбыр мен жүргізушінің ұйымдастыруымен. Ойын: «Жаңбырдан қорықпаймыз» Жүргізуші балалармен: Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр! Жаңбыр келіп жауады Тамшылары тамады. (Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Жаңбыр:орындықта отырып ұйықтайды, балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).
Жаңбыр:Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстай алмадым. Жүргізуші:Күз ханшайымы біздің қыздарымыз жаңбырмен бірге қолшатырмен би билеп бермекші. Би: Қолшатыр Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Тағы қандай өнерлерің бар? Жүргізуші:Күз ханшайымы Бізге орманнан саңырауқұлақтар да келіп қалыпты. Енді солардың өнерін тамашалайық. Би: СаңырауқұлақтарЖүргізуші: Біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар жаттап қойды. Тақпақтар:Дастан,Іңкар,Айкөркем,Айбек,Мұхаммеджан,Гүлназым,Азат,Жантөре,Еділхан,Ерасыл ,Диана
Ата-анамен ойын «Лапки» (күн ойнатады) Жаңбыр мен күн Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, біздің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытымыз болыпты. Біз енді кетейік, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше! Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің қыздарымызда аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» топтамасын ортаға шақырамыз!
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келді міне ортаға толқып-тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Жарайды балалар өнерлі, білімді, тапқыр, ақылды балалар екенсіңдер. Менің өз патшалығыма баратын кез де жетті.Сендерді оларға мадақтап айта барамын. Мен өте қуаныштымын мерекені сендермен өткізгеніме.Балалар! мен құр қол келген жоқпын мен сендерге өз патшалығымнан дәрумендерге бай жемістерімді ала келдім.Бұл жемісті мен тәрбиешілеріңе беремін. Оны сендерге тәрбиеші апайларын береді. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Рахмет саған Күз ханша. Біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Сенімен жақсы көңіл көтердік. Топқа барғасын сенің жемісіңнен дәм татамыз. Сау болыңыз Жүргізуші: Берекелі бақ – дәулет Арта түссін тойланып. Сау болайық бәріміз, Келгенше күз айналып!