Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп отыр,амандасайық!
Балалар: Саламатсыздар ма?
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде «Алтын күзе» арналған ашық сабақ. Бүгінгі күн көтеріңкі көңіл күй әкелгенін тілейміз. (Шаттық шеңберге тұру)
Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі талып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Балалар. Күз!
Тәрбиеші: -Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Күн салқын болады.
Тәрбиеші: Ағаштағы жапырақтар қандай болады?
Балалар: Ағаштағы жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Көкөністер мен жемістер піседі.
Қуанышты сәт. (Қолына себет ұстаған қоян кіреді. Қоянның себетінде жеміс-жидектер , көкөністер бар. )
Қоян: Сәлеметсіздер ме балалар?Маған кірпі досым мынадай себет толы өнімдер берді. Ішіндегі сәбізді, картопты, қызылшаны білемін, ал қалғандары не екенін білмеймін, соны маған таныстырып беріңдерші.
Тәрбиеші: -Балалар қоянға көмектесеміз бе? Мына себеттегі көкөністер мен жемістерді атап берейік. Мынау не?
Тәрбиеші: Міне, қоян есіңде сақта, біздің балалар бәрін біледі. Тіпті кұз туралы, жемістер туралы тақпақтар біледі.
Дулат: Мен-өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Зарина: Мен-алмұртпын, алмұртпын.
Аузындамын бар жұрттың.
Бағдат: Мен-жүзіммін, жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.
Гүлфариза: Мен-алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бал дәмім.
Әлия: Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін-деп ектік.
Көктемде еккен көкөніс,
Кұзде берді көп өніс.
Ән: «Жаз өтіп барады»
Жаз өтіп барады,
Өзен-көл мөлдіреп.
Құстар ән салады,
Қайтар кез болды деп.
Босатып жағаны,
Біз құмға аунаған.
Жаз өтіп барады
Оттай боп лаулаған.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге енді жұмбақ жасырғым кеп тұр. Кім шешімін тауып айтады екен. Мұқият тыңдаймыз.
Ағайынды бәрі,
Шықса –жасыл,
Түссе-сары. /Жапырақ/
Қанаты жоқ- ұшады,
Аяғы жоқ-қашады. /жел/
Тәрбиеші: Күз туралы кім тақпақ айтып береді?
Жансұлу: Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз,
Ағыл-тегіл ағымыз.
Ерасыл.С: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Ерасыл А: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды, тал-терек,
Жапырағын жұлғызып.
Нұржан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Назерке: Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап.
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ.
Тәрбиеші: Балалар, күзде құстар жылы жаққа ұшады екен, сосын көктемде қайтадан оралады. Құстар қалай қоштасатынын сахналық көріністен көрейік. Ортаға: үйрек-Жансұлу, қараторғай-Нұржан, қарлығаш-Қарақат, тырна-Гаухар.
Үйрек: Қараторғай , сен жылы жаққа қашан ұшасың?
Қараторғай: Біз дүйсенбіде ұшамыз.
Тырна: Қарлығаш, сендер қашан ұшасыңдар?
Қарлығаш: Біз ертең ұшамыз.
Барлығы қосылып: «Көктемге дейін сау болыңдар!» деп қоштасады. (қол бұлғау)
Тәрбиеші: Балалар, бәріміз тұрып сергіту сәтін өткізейік.
Орманға біз барамыз (бір орында жүру)
Бұл жер қандай тамаша (бұрылу)
Қоян өтті секектеп (секіру)
Қасқыр кетті ырылдап (ырылдау)
Орман қандай тамаша (шапалақтау)
Тәрбиеші: енді бізге Гаухар, Әлішер, Бекзат Қ,Қарақат, АлиС. Өздерің күз туралы тақпақтарына айтады.
Гаухар:
Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты-кетті жапырақ.
Әлішер: Әй, алақай, тамаша,
Шашу шаты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар едім жатып-ап.!
Бекзат: Кейде құйын өтеді,
Тозаңдатып жан-жақты,
Кейде құйын кетеді,
Доп қылып-ап қаңбақты.
Қарақат: Бейне тентек баладай
Ойран-асыр салады
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады.
Тәрбиеші: Енді мен сендермен ойын ойнаймын. Ойынның аты: «Жапырақтарды жинау»(үш түрлі жапырақты өз пішініне, түсіне қарай топтастыру)
Ән: «Қошақан»
Тәрбиеші: Балалар күзде күн суық болады, жапырақтар сарғаяды,адамдар жылы киінеді. Ал енді далада жаздай жүрген үй жануарлары да енді қорда тұрады, себебі олар да тоңады. Осы үй жануарларының бірі қошақан туралы ән айтайық.
Балалар жылдың әрбір мезгілі өте әдемі және табиағт үшін қажетті. Қыс-демалыс ұшін қажет. Көктемде бәрі оянады, ағаштар гүлдей бастайды. Жаз бізді жақсы ауа райымен қуантады, табиғат гүлдене түсіп, күш жинайды. Ал күз болса-өнім жинау кезеңі.
Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық!