Просмотр содержимого документа
«"Алғыс айту - парызым!"»
«Алғыс айту - парызым»!
(1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған тәрбиелік іс-шара.)
Мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым-қатынасын дамыту. Әдептілікке, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдістері: Ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: шариктер, қағаздан жасалған гүлдер.
Барысы:
1.Ұйымдастыру
Шаттықшеңбері
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме қонақтар.
Қайырлы күн біздің сүйікті балалар және кұрметті қонақтар. Бүгін 1 – наурыз күні Алғыс айту күніне арналған іс- шарамызға қош келдініздер. Бұл күні адмадар бір – біріне ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Біз де туған елімізге, Президентімізге балалардың игілігі мен жан–жақты дамуы үшін жасап жатқан істеріне ризашылық білдіріп , зор алғысымызды жеткіземіз.
2. Негізгі бөлім
Сондықтан, бүгін біз орталыққа экскурсияға баруды ұсынамыз. Біздің орталықта жұмыс істейтін қызметкерлерге біздің балалар өз ризашылығын білдіріп, рахмет айтады .
- Балалар, бұл кісілер сендер үшін жайлылық жасап, сендерді дәмді түскі аспен тамақтандырып, сендермен ойнайды, сендерді мүсіндеуге, сурет салуға және ән мен биге үйретеді.
- Ал дайынсындарма? Ендіше кеттік.
- Міне, балалар біз асханаға келдік .
Біздің бұл Орталықта.
Бар асем асхана.
Бар онда аспазшы .
Ақ көніл, жақсы апай.
Оның аты Асель апай.
- Ия балалар аспазшы сендерді таңертен, түсте, кешкі уақытта тамақтандырады. Сол үшін Асель апайларына «Рахмет» айтамыз!
(Аділ сыйлық сыйлайды)
- Келесі кабинетке барамыз .
Білім берер алабы.
Еңбек өнер сабағы.
Қуыршақпен , аюды.
Өздері жасап алады.
- Балалар, Гаухар Нургазиевна сендерді мүсіндеуге, сурет салуға және әр түрлі әдемі бұйымдарды жасауға үйретеді. Сол үшін Гаухар Нургазиевнаға «Рахмет» айтамыз!
(Айдос сыйлық сыйлайды)
- Ал енді қай кабинетке келдік, кім біледі?
Біздің музыкалық жетекші,
Ән мен биге үйретеді.
Ал "әні" қалай ойнайды,
Ешкім билемей тұра алмайды!
Ән мен би бақытты балалық шақтың бір белгісі.
Сол үшін сізге «Рахмет» айтамыз!
(Диас сыйлық сыйлайды)
Мен Орталыққа барамын,
Ойнаймын ән саламын.
Тәрбиеші әпкелер,
Досы барлық баланың.
- Ал балалар Алия Тлеубековнаға тәрбиешілеріне барлығымыз «Рахмет» айтамыз!
Сергіту сәті. (Қонақтармен бірге)
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
Шеңбер құрып тұрады, іс-қимыл арқылы көрсетеді.
(Поделка жасату)
3.Қорытынды.
- Сүйікті балалар, құрметті қонақтар мындай тамаша жылы сөздерді, әрдайым өзінің әкесі мен анасына, әжесі мен атасына, ағаларына, апайларына және әрине, достарына жиі айтып турындар. Сау саламат болындар!