Просмотр содержимого документа
««Алға,Қазақстан!»»
«Алға,Қазақстан!» атты спорттық ойын-сауық.
Міндеттері:
Балаларды белсенділікке баулу.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін нығайту.
Ата-аналармен жұмыс жасау.
Салауатты өмір салты мен спортқа деген сүйіспеншілік қалыптастыру.
Керекті құралдар:
Залды безендіру.
Спорттық инвентарь.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Болашақ ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде елбасы салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөледі. Сол себепті Қазақстанның тұңғыш президенті күні қарсаңында «Алға, Қазақстан!» атты спорттық додаға қош келдіңіздер!!
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы.
Бүгінгі сайысымыздың қатысушыларын таныстыруға рұқсат етіңіздер!