kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Айналайын анашым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана құрметтеуге, 8наурыз мерекесінде аналарға арнап тілектерің әндерін тақпақтарын айтуға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Айналайын анашым"»

Айналайын анашым " Мақсаты: Анаға деген суйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеуге, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Балалар музыкамен залға кіреді Жүргізуші: Əйелге сай бар бақыт табыңыздар, Барлығыңыз бақытты болыңыздар! Қызғалдақтай құлпырып, күндей күліп, Оттай лаулап, жұлдыздай жаныңыздар! Ең бастысы көктеммен бірге келген, Мереке құтты болсын ару жандар! Армысыздар, аналар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Аналар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекеміз де аналарға арналады. « Айналайын анашым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Жүргізуші: Біздің «Көгершін» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алыңыздар! (Ортаға әуенді музыка ырғағымен балалар кіреді). Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа Көктем аруының өзі келе жатыр екен қарсы алайық. Көктем аруы:Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар.

Даланы гүл жайнатам

Бұлбұлдарды сайратам

Көктен жаңбыр жауғызып

Құлпырады айналам

Жүргізуші:Сәлеметсізбе ару көктем . Мерекемізге қош келдіңіз төрден орын алыңыз.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз-

дей отыра бүлдіршіндеріміз аналарымызға арнаған тақпақтарын тыңдайық

Перизат : Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.




Вадим: Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

Айбота : Жанымызды жайнатқан

Сіздер гой ол аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Райана:Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Айару:Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Ерасыл:Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам

Қасымда жүрсең биікпін

Алыстасаң сағынам

Арсан:Мен анамды сүйемін

Сөзің ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін



Жүргізуші:

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті ұл қыздарымыздың орындауында «Мереке» әннің қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Көрініс: «Назардан тыс қалмаңыз...»

(Анасы үй жинап жүреді)

Жүргізуші: Бүгін мерекелік күн,анасы таңнан жұмыска кеткеннен кешке шаршап жұмыстан үйге келеді, үйдің іші шашылған, тамақ истелмеген,аркім өзімен әлек,анаға қараған ешкім жок.

Анасы: Балам маған көмектесші .

Баласы: Анашым мен спорт, спорт тек қана спорт

Мен Генадий Головкин сияқты

Тек қана чемпион болу керекпін

Ол үшін күнде, күнде дайындық керек.

Анасы: Әкесі отырмашы маған көмектесші үй жинауға дастархан жасауға

Әкесі: Қазір мында Реал Мадрид

Ойнап жатыр футболды

-Гол , Ура!!


Анасы: Қызым отырмашы үй жинашы

Қызы: Мен ең әдемі сэлфи жасауым керек

Инстаграмга фото салып

Көп лайк жинауым керек

Және мені таныс бір бала

Шақырды ғой киноға

Менде мүлдем уақыт жоқ

Анасы : Жалғыз өзім не істеймін?!

Жүргізуші: Анасы не отыра алмай, не жата алмай ,ары бері жүріп қиналады.

(Ана орындықта отырып жылай бастайды)

Әкесі,қызы, баласы жүгіріп келіп:

Сізге не болды?

Кім тиісті?

Кім ренжітті?

Анасы: Мені ешкім ренжіткен жоқ, тиіскен жоқ. Менің бүгін мейрамым ғой Ешкім мені құттықтаған жоқ және сыйлық жасаған жоқ. Маған мүлдем уақыттары жоқ.

Жүргізуші: Ана деген асыл заттан жаралған

Күн нұрынан сарқылмайтын нәр алған

Аналардың бойындағы қасиет

Жер бетіне нұр боп шалқып тараған

Бар жақсылық аналардың ақ сүтінен жаралған

Бүкіл әлем аналардың құдіретінен нәр алған

Айтыңдаршы халайық!

Бұл дүниеде не бар қымбат анадан

Әкесі,қызы, баласы хормен:

Бізді кешірші. Мерекенізбен құттықтаймыз сізге арнап дастархан жаямыз сізге арнап мерекелік кеш дайындаймыз. Сіз уайымдаманыз алансыз жатып дем ала берініз(Ананы құшақтайды, кетеді).

Көктем аруы: Балалар көрдіңдерме аналарды ренжітуге болмайды, оларға әркез көмектесу керек.

Жүргізуші:Көктем аруы біздің кішкентай тобымыздың балаларының әнін аналарға арнайық.

«Топ –топ балақан » әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Анасы дем алуға кеткенде барлығы үйді жинап, мерекелік дастархан жайып анасын мерекемен құттықтайды.

Барлығы: аналар асыл жандар біз сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз, аналарды ардақтайық, құрметтейік.

Жүргізуші: Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналар

Мың бұралып билейміз

Би: «Гүлдер» қыздарымызды қарсы алайық.



Жүргізуші: Ана көркі көгімнің

Ана нұры жерімнің

Ана бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Ендеше балалардың тақпақтарын тыңдайық

Полина: Ақ қабақты анашым

Күн сәуелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Дамыс: Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Балауса: Анамызға мың алғыс

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Анамызға мың алғыс

Балжан: «Боташым» деп саған

Кім сүйікті адам

Ол менің анашым

Балауса:Аспандағы айымсың

Бақытымабалаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анашым

Аяжан: Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар Жүргізуші: Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен

Өшпес ыстық алаулаған жалынмен-дей келе

Ержігіттеріміздің «Біздің жігіттер» биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар онда бір ойын ойнайық аналарымызбен ортаға аналарымызды шақырайық.



Ойын: «Менің анам мықты»

Шарты: 1 .аналар ортада модаға жүреді

2. өздері білетін тақпақ айтып береді

3.тақпақты өте мүңлы жылап орындайды

4. тақпақты рэп қылып айтады

5. тақпақты өте көңілді күйде орындайды.

Жүргізуші: Әр кімніңде өмірден аласы бар

Аласы бар адамның анасы бар

Мерекені құттықтап аналардың

Өнерлерін жолдайтын баласы бар-деп ұл қыздарымыздың «Ана туралы попури» әнін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші. Мереке құтты болсын! Бүлдіршіндеріңіз әрқашан сіздерді қуантып жүрсін. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілей отыра балалардың өз қолдарымен жасаған азына-аулақ сыйлықтарын тарту етеміз!

Сыйлықтарды тарату.

Жүргізуші: Би билеп ән мен күйде аяқталды

Уақытта біраз жерге таяп қалды

Көктеммен қоса келген

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсынамыз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Айналайын анашым"

Автор: Мереке Алмагүл

Дата: 19.06.2019

Номер свидетельства: 515255

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Айналайын, анашым!" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(34) "ainalaiyn-anashym-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "327786"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463496357"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Айналайын анашым, ?лпештеген баласын!"
    ["seo_title"] => string(37) "ainalaiynanashymlpieshtieghienbalasyn"
    ["file_id"] => string(6) "320585"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461090312"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "«Айналайын анашым»"
    ["seo_title"] => string(19) "ainalaiyn_anashym_5"
    ["file_id"] => string(6) "510439"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1557940529"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«Айналайын, анашым!» (ерте?гілік)"
    ["seo_title"] => string(29) "ainalaiynanashymiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "304712"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457780931"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Айналайын, Анашым» "
    ["seo_title"] => string(17) "ainalaiyn-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "180803"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425235224"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства