kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяулы анашым ортаңғы топқа ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сегізінші науырызға арналған ертеңгілік.Это сценарий разработана на 8 марта для мам и бабушек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяулы анашым ортаңғы топқа ертеңгілік»

«Аяулы анашым» ертеңгілік





Әдемі әуенге балалар залға кіреді, қолдарында гүлдер бар.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Сіздерді мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші: Дорогие гости, мамы и бабушки! Поздравляем Вас с наступлением Весны, Первым весенним праздником – днем восьмого марта.

8 марта – день торжественный

День радости и красоты,

На всей земле он дарит женщинам

Свои улыбки и цветы.

Жүргізуші: Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік. 

Тақпақтар: 4 бала

Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Айнұр Дариянқызына береміз.

Жүргізуші: Бүлдіршіндердің орындауында «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші: Балалар, біздің мерекемізде кім жоқ.

Біздің бұлақ сыңғырлайды Көктем бізге сығалайды. Ару көктем келді бізге. Аналарды құттықтауға.

Жүргізуші: Балалар, Қараңдаршы бізге қонаққа Көктем аруы келіпті (көңілді муз. ойналады) Көктем ортада билеп балаларды мерекесімен құттықтайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Көктем аруы!
Көктем: -Сәлеметсізбе! Мен сіздерді Көктем мерекесімен құттықтаймын!

Здравствуйте, мои друзья!

К вам пришла на праздник я.

Ваши песни услыхала…

Но туда ли я попала?

Здесь ли все поют, играют

И меня, Весну, встречают?

Дети.

Да! Здесь!

Жүргізуші:

Ждали мы тебя, Весна!

Ты нам очень всем нужна!

Жүргізуші: Көктем аруы біздің балабақшаға қош келдің! Сен неге мұңайып тұрсың!
Көктем:- Мен өз бақытымды іздеп келген жанмын.
Жүргізуші:- Э,э,э бақыт іздеп жүрмін дейсің бе!
Көктем:- Ия бақыт іздеп
Жүргізуші:- Көктем аруы сен бақыт дегенді қалай түсінесің!
Көктем:- Мен бақыт дегенді, қуанышты өмір, мерекелік көңіл, ән мен би деп түсінемін!
Жүргізуші:- Ән мен би дедің бе, Ендеше сенің тілегіңді орындамасақ болмайды. Қабыл алыңыздар кезекті биге береміз.
Би : «Қыздар биі»

Жүргізуші:- Жарайсыңдар қыздар! Талаптарыңа нұр жаусын!
Көрдіңіздер ме, көктем бақыт дегенді осылай түсінеді екен, ал біз ата-анамыз қасымызда аман болып, күліп жүруін еш қашан ауырмауын қалар едік.

Жүргізуші: Келесі кезекті тақпақтарға береміз көктем аруы қабыл ал.

Тақпақтар: 4 бала

Көктем: Ал енді, сендермен, аналарыңызбен көңілді ойын ойнауды ұсынамын!

А сейчас я предлагаю и ребятам, и мамочкам поиграть в веселые игры!

Ойын: «СОБЕРИ ЛУЧИКИ»

Көктем: Ал енді, балалар, менің кетуім керек, басқада балабақшаларға барамын.

Вас еще раз поздравляю,

Быть веселыми желаю!

Возвращаться мне пора,

До свиданья, детвора!

(Көктем кетеді, Карлсон ұшып келеді)
Карлсон: Сәлем,балалариктар!Қыз бен ұлдариктар ! Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә!
Карлсон: Сендерге көңілді Карлсон келді. Тамақ ішуге, шай ішуге келдім.
Ал, сендердің тәтті бәліштерін, кәмпиттерін, балмұздақ пен мармеладтарын қайда?Мен көңілді Карлсонмын, сондықтан мен балалар мен үлкендерге ұнаймын!
Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон! Әрине, біз сені мерекемізде көруге өте қуаныштымыз, бірақ неге сен тек қана балалармен амандастың? Қарашы , залымызда қаншама әдемі киінген қонақтар отыр.

Карлсон: Ой, расында да қонақтар отыр екен.
(бір анаға, екінші анаға жақындайды да, қолдарынан алып амандасады, сөмкелеріне қарайды)
Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер! Мен Карлсонмын! Әлемдегі ең әдемі, ақылды, тәртіпті және тамақты көп жейтін еркекпін! Көөп күш-қуаты бар, өте қызықты еркекпін! Ой, сіздің сөмкеңізде не бар?! Зефир, шоколад?! Ой, а сізде ше? Тәтті иристар ма? Біреуден сағыздың иісі шығады! Мм, тәттіні жегім келіп тұр. Көздеріңіздің алдыңызда жүдеп жатырмын.

Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон! Асықпа! Сен бізде қонақта көп уақыт болған жоқсын ғой.

Карлсон: Енді не қылайын. Жұмыс..Қаншама үйлерге ұштым, қаншама балақайлармен таныстым! Ал, тәттілерді қанша жедім десейші!

Жүргізуші: Иә, Карлсон! Сен әлі де тәттіні жақсы көретін жыбыр-жыбыр екенсің! Бірақ біз балалармен бірге саған өте қуаныштымыз. Солай ма,балалар!

Карлсон: Ой, мен қалай қуаныштымын, десеңдерші! Өйткені мен қазіргі уақытта сендердің бақшаларыңның төбесінде тұрамын ғой. Және бір кезде терезелеріңіздің алдынан өтіп балалардың бір мерекеге дайындалып жатқанын көрдім. Бірақ қандай мерекеге екенін түсінбедім! Қандай мереке?
Жүргізуші: Қандай мерекені тойлап жатырмыз, балалар, айтайықшы?
Балалар: 8 Наурыз!
Карлсон: Ух, ты! 8 наурыз?! Бұл не?
Жүргізуші: Қандай мереке екенін қазір балалар саған айтып береді!

Тақпақтар: 4 бала

Жүргізуші: Ал енді, Карлсон, 8 наурыз дегенді түсіндің ба?

Карлсон: Иә! Балалар әр күн сайын әнді неге қатты айтып жатқанын мен енді түсіндім!Олар дайындық жасаған екен ғой! Аналары мен әжелері қуанышты болсын деп. Мерекеде сарқыт бола ма?
Жүргізуші: Әрине, бірақ ол сарқытты алу үшін еңбек ету керек. Сен бізге ән айтып немесе би билеп берсең, көреміз береміз ба жоқ па!

Карлсон: О не дегеніңіз, мен ұялам ғой!

Жүргізуші: Жарайды, саған көмектесеміз! Балалар, бірге көңілді би билеп берейікші!
Би: «»
(биден кейін балалар отырады, ал Карлсон құлайды)
Карлсон: Болды! Би керемет болды, бірақ мен ауырып қалдым, маған міндетті түрде тәтті бір нәрсе беріңдер!

Жүргізуші: Балалар, Карлсонды құтқару керек! Дәмді тосаппен тұрған бәнкеміз қайда?!
Карлсон: (басын көтеріп) Тосап?!!!Дұрыс естідім ба!
Жүргізуші: Иә, тосап!
Карлсон: Ал бәнкесі үлкен ба?!

Жүргізуші: Үлкен, үлкен!
Карлсон: Ал қасық үлкен бе?!
(жүргізуші қолына банка мен қасықты ұстап, Карлсонның қасына жақындайды)
Жүргізуші: Қасық мынадай! Аузынды аш, қазір біз сені құтқарамыз!
(жүргізуші Карлсонды тамақтандырады, бірақ Карлсон бәнкені алып, бұрышқа тығылып тосапты жеуді жалғастырады)
Жүргізуші: Ойпырмай, Карлсон, менің ойымша сен бәрін шатастырып, тәттіқұмар мерекесіне келдім деп ойлап жүрсің. Ал біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз!

Карлсон: (аузын сүртіп, ортаға шығады)

Ештенені де шатастырған жоқпын! Олай болса, мен сіздерге тосынсый дайындадым!
Жүргізуші: Тосынсый?! Күшті ғой! Ол туралы айтып берші бізге!
Карлсон: Балалар, сендер ойын ойнауға жақсы көресіңдер ма?

Балалар: Иә!
Карлсон: Осы менің сізге деген тосынсыйым!
Сендермен бірге «Гүл жина» атты ойын ойнайықщы!

Ойын: «Гүл жина» ойыны( жерде әр түрлі түсті гүлдер жатыр, балалар бір түсті жапырақтарды жинайды)
Жүргізуші: Рахмет, балалар, жақсы ойнадыңдар!Саған да Карлсон, рахмет!Ойын үшін, гүлдерін үшін! Енді сол үшін мен саған мына кәмпитті бергім келеді!Саған деген тосынсыйымыз болсын!

Карлсон: Қап! Кәмпиттің түрін қараңдар!Рахмет!Көңілімнен шықты! Сендерде осындай үлкен кәмпиттер болса, мен кетуге асықпаймын! Мен, осында, сендерде қалатын шығармын!
Жүргізуші: Біз сен осында қалатынына куаныштымыз, бірақ кәмпит үлкен болса, оны барлығына бөлуге болады ғой!

Карлсон: Жо-жоқ!Нені бөлеміз! Өзіме де аз болып тұр ғой!
Жүргізуші: Жарайды, мен әзілдедім! Әрине, сен осындай тәтті сыйлыққа лайықсын! Айтшы,Карлсон, саған біздің мерекеміз ұнай ма?
Карлсон: Әрине, сендерде сондай тамаша!Балалар мен қыздар әдемі киінген!Аналарымыз қандай сұлу, көңілді!

Жүргізуші: Дұрыс айтасын, Карлсон, аналарымыз бүгін өте әдемі, өйткені бүгін олардың мерекесі ғой! Карлсон, қарашы мерекемізге тек қана аналар келген жоқ, әжелер де келді. Сегодня на праздник к нам пришли не только мамы, но и бабушки! И их мы тоже хотим поздравить!
Карлсон: Иә! Иә! Мен төбеден бәрін көріп тұрамын!Әжелеріңіз сендерді өте жақсы көреді екен!Сендерге ойыншық әперіп, балабақшаға әкеледі!

Жүргізуші: Балаларымыз әжелерімізге тосынсый жасады. Бүлдіршіндер әжелеріне арнап өз тақпақтарын айтып береді.

Тақпақтар: 4 бала.
Жүргізуші: Внучата приготовили для своих любимых бабушек в подарок песню. 
Ән: «Әжемді жақыс көремін»
Карлсон: Балалар, сендер әжелеріне көмектесесіңдер ме?Әжелеріңді тыңдайсыңдар ма? Әжелеріңіз тәтті тамақ пісіре ма? Сендерді қасықтан тамақтандыра ма?? Жоқ! Онда сендер қазір әжелеріңді қасықпен тамақтандырасыңдар!Кімнің әжесі бірінші болып тамақтанады, сол жеңімпаз болып аттанады. Так! Менің йогурттарым қайда? Өзім жеймін деп едім, жарайды сендермен бөлісейін!

Ойын: «Әжемді тамақтандыр»

Карлсон: Күшті ойнадық, әжелеріміз тойған шығар!
Жүргізуші: Ал, Карлсон, саған ұнады ма?

Карлсон: Иә! Сендердің балаларың шебер екен!Қыздарына ғашық болып қалдым! Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Бүлдіршіндердің қонақтарға арналған биі мен әні бар.

Би: «Жүрекпен би»
Карлсон: Ой, қандай тамаша биледіңдер! Шаршамапсыңдар да! Мен үлкен кәмпитті сендерге бермегенім үшін қатты қобалжып тұрмын, сондықтан мен сендермен бөліскім келіп тұр! Менде де кәмпиттер бар. Оларды сендерге сыйлаймын!(кәмпиттерді таратады)

Мереке тамаша өтті, жарайды онда, сау болыңдар, балақайлар! Ал менің ұшатын уақытым келіп қалды!Құрбыларымды мерекемен құттықтау керек.Сау болыңдар, достарым! Мен ұшып барамын! ( әуенмен ұшып кетеді)

Жүргізуші: Ал енді балалар, біз аналарымызға арнап ән айтып берейік.

Ән: «Мамина улыбка»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, осымен біздің бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ана-әжелерімізді көктем мерекесімен құттықтай отырып денсаулық, бақыт тілейміз. Балаларымыздың сіздерге арналған мерекелік ертеңгілігі өз мәресіне жетті.

Жүргізуші: Пели мы и танцевали,

Как могли, вас развлекали!

До свиданья, в добрый час!

Ждем еще на праздник вас!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Аяулы анашым ортаңғы топқа ертеңгілік

Автор: Кубекова Анар Мухамбеткалиевна

Дата: 25.02.2017

Номер свидетельства: 395556

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) ""Аяулы анашым!""
    ["seo_title"] => string(14) "aiauly_anashym"
    ["file_id"] => string(6) "388526"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486387921"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Айналайын анашым, ?лпештеген баласын!"
    ["seo_title"] => string(37) "ainalaiynanashymlpieshtieghienbalasyn"
    ["file_id"] => string(6) "320585"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461090312"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ертеңгілік «Мерекеңмен, анашым!»"
    ["seo_title"] => string(38) "iertien_ghilik_mieriekien_mien_anashym"
    ["file_id"] => string(6) "405173"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490895281"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Ана өмірдің гүлі" (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(32) "ana_omirdin_ghuli_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "465354"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1523090620"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Даярлы? топ ерте?гіліктер""
    ["seo_title"] => string(28) "daiarlyktopiertienghiliktier"
    ["file_id"] => string(6) "290375"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454947535"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства