«Аяулы Анашым!» мерекесіне арналған ертеңгілік.
Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпырған қыздар!
Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге шын жүректен, мықты денсаулық, құт береке және бақыт тілейміз!
Анам менің-жарқыраған шырағым!
Анам менің-айтылмаған жыр- әнім!
Анам менің-күлемдеген нұрлы-аспан!
Анам менің-оқылмаған жыр-дастан!
Құрметті аналар, әжелер, апайлар «Аяулы анашым!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
Балалар қазір қай жыл мезгілі?(Көктем)
Көктем мезгілінде қандай мереке болады?
-8наурыз аналардың, әжелердің, қыздардың мерекелері.
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.
Ән «Ана өмір шырағы!»
Тақпақтар:
Алия:
Алпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Салем жазып бүгін саған.
Мейрамыңмен құттықтайымын!
Искендер:
Үйдің күні-Анамыз!
Үйдің гүлі-Анамыз!
Сені көрсем қуанам!
Сен керексін маған!
Алдияр:
Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекен!
Қыздардың әні: «Ақ әжем.»
Көрініс «Жер –ана»
Жүргізуші: Балалар, тындандаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты?
Музыка әуенімен залға көктем мезгілі кіреді.
Көктем мезгілі: Сәлеметсіздерме,балалар! Ал енді айтыңдаршы сендер мені таныдыңдар ма?
Ия, дұрыс айтасындар мен көктем. Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктері болады?
Күн жылынады, жылы жақтан құстар ұшып келеді.
Ал,ен бірінші қандай гүл шығады?
Дұрыс, бәйшешек.
Жүргізуші: Көктем сіз бізбен бірге аналардың мерекесін тойлаңыз. Балалар өз өнерлерін көрсетеді.
Вальс.
Тақпақтар:
Асыл:
Сендей жан жоқ аялы.
Өзін үшін мақтанам
Аппақ анам,ақ анам.
Сендей бақыт жоқ маған!
Иса:
Тілінді аламын!
Ақылды боламын!
Ананың біз гүліміз!
Ана біздің күніміз!
Ән: «Аяулы анашым!» орындайтын:Сымбат.
Ән: «Ана өмір шырағы.»
Ұлдардың қыздарға арналған би: «Рэп»
Тақпақтар:Бауыржан, Аделя, Алихан.
2010жылдың киемдердің сән үлгісі.
1. Аналардың, қыздардың тойларға, туған күндерге баратын киім үлгісі(Арнұр)
2. Күнделікті жұмысқа киетін кием үлгісі:(Иса)
3. Жастардың қазіргі заманға сай киім үлгісі:(Рауан)
4. Жазда демалыста, күн ыстықта шомылуға баратын киім үлгісі:(Алдияр)
Ән: «Қуыршағым»орындайтын Асыл.
Көктем:Балалар барлықтарын өнерлі екенсіңдер, ал ойындарды ойнайсындарма?
-Ия.
Ендеше мен сендерге ойын әкелдім «Сұлылық салоны.»
Көктем:Балалар менің уақытым келіп қалды. Сау болыңыздар!
Тақпақ:
Арнұр:
Біз сыйлықты дүкеннен сатып алмаймыз.
Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.
Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!
Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға және қыздарға да сыйлықтар дайындаған, соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:Тамаша, міне көрдіңдер біздің балалар өнерлі әнші,бишілер және өсіп жатқан әртістер!
Ал енді біз үлкендердің өнерлерін көрейік.
Ата-аналармен ойын :«Кім шапшан?»
Жүргізуші: Адал бол деп балдырған.
Әділікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегінде-махаббат
Анамызға мың алғыс!
Құрметті ата-аналар, балалар «Аяулы анашым!» мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.