kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аяулы анашым!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу6 аналар мен аруларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аяулы анашым!"»

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Балалар залға көңілді ән-күймен ,ұлдар кіреді бір рет айналып тоқтайды,содан кейін қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді айналып ұлдарға қарама-қарсы тұрады,ұлдар бір-бірден барып қыздардың қолдарынан ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін өздері отырады.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Анашым»Хор

Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз..-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың, (Қ.Арсен)
Анаға айтар лебізі.

Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар. (Еркеназ)

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді (Айару)

Бізді өсірген апатай,

Еңбегін де зор екен.

Құтты болсын апатай.

Құтты болсын мерекең! (Ақжан)

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді.

Сыйлайды оны бар адам (Жансезім)

С 8 марта мамочка,

Счастья и любви!

Луче нету на земле,

Мамочи , чем ты ! (Дарья)

Свою мамочку люблю,

Крепко обнемаю...

И поздровить в этот день

Ранше всех желаю (Анель)

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Есік қағылып көк көйлек киген көктем кіріп келеді.. \балалар мен амандасады.\

Көктем:Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)

Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.Балалар менімен ойын ойнағыларын келеді ме?

Ендеше ойын ойнайық. Ойын: «Кім тез гүл тереді?»»
Көктем: Жарайсыңдар балалар! Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.

Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта.
Бұзақы: Ой,қандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің. (Кілтті береді)
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік.

Би: «Көктем вальсі»

Тәрбиеші: Балалар б аналарымызға арнап жүрек жарды тілектерімізді айтайық.

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, (Ш.Арсен)
Қуантсам деп келемін.

Мен айтамын тақпақ,

Анамды мақтап.

Менің анам әдемі,

Менің анам аппақ (Жасмин)

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап (Мейірім)
Әдеппен бас иеміз.

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де (Ерасыл)

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне. (Нұрайым)

Анам менің ақылшым,

Күн секілді білгенге

Шашырайды шуағы.

Үйімізге кіргенде (Зарина)

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз. ( Ясмина)

Би: Флешмоб

Жүргізуші:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақсүтінен нәр алған

Аналарға бас иеміз- деп,аналарға тағзым етеміз.

Балаларымыздың өз қолыдарынан жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қымбатты да аяулы аналар,әжелер және сүйкімді қыздар!Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Аяулы анашым!"

Автор: Букенбаева Несипгул Есенкуловна

Дата: 06.03.2018

Номер свидетельства: 460937

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "К?ркем ?дебиет саба?ы, та?ырыбы аяулы анашым "
    ["seo_title"] => string(49) "korkiem-diebiiet-sabag-y-tak-yryby-aiauly-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "184153"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426000427"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сыныптан тыс: Аяулы анашым!"
    ["seo_title"] => string(27) "synyptan_tys_aiauly_anashym"
    ["file_id"] => string(6) "373630"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482771319"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Аяулы анашым! "
    ["seo_title"] => string(16) "aiauly-anashym-1"
    ["file_id"] => string(6) "187523"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426524398"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Ерте?"Аяулым анашым""
    ["seo_title"] => string(23) "iertien-aiaulym-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "319960"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460982370"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "«Аяулы анашым»"
    ["seo_title"] => string(16) "aiauly-anashym-2"
    ["file_id"] => string(6) "300650"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456766340"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства