kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8 наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар  қолдарына сыйлықтарын ұстап, музыка ырғағымен залға кіреді.

Жүргізуші: Құттықтау сөз балабақша директоры А. Байсұлтанова беріледі.

Жүргізуші: Сегізінші наурыз!

Табиғаттың бұл күні де біздің аяулы апаларымызды, сүйкімді  қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай. Наурыз айының басында біздің еліміздің  көптеген жерінде әлі де қар жатады.  Бірақ көңілімізді көктемнің  алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл  мереке  тек  көктем  мерекесіне  сай  келеді.  Өйткені  көктем  секілді әйелдерде адамзатқа өмір, жылылық пен  әсемдік  сыйлайды. Ана – бұл өте қасиетті мейірімді жылы сөз. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын  жалғасы. Бұл  сөз  кімді  болса да  елең  еткізбей  қоймайды. Қымбатты  да  аяулы  аналар  мерекелеріңіз  құтты  болсын, сіздерге  деген  балаларыңыздың  сыйлықтарын  қабыл  алыңыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8 наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама»

Балалар қолдарына сыйлықтарын ұстап, музыка ырғағымен залға кіреді.

Жүргізуші: Құттықтау сөз балабақша директоры А. Байсұлтанова беріледі.

Жүргізуші: Сегізінші наурыз!

Табиғаттың бұл күні де біздің аяулы апаларымызды, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай. Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай келеді. Өйткені көктем секілді әйелдерде адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды. Ана – бұл өте қасиетті мейірімді жылы сөз. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Бұл сөз кімді болса да елең еткізбей қоймайды. Қымбатты да аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын, сіздерге деген балаларыңыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Айым: Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Іңкар: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен.

Алан: Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Тәрбиеші апайларды

Үнемі айтып мақтанам.

Ақниет: Әйел біткен қуанып

Ерлер жүрер гүл алып

Бұл күнді біз тойлаймыз

Бәрімізде қуанып.

Хор: «Ана»

Бастаушы: Ананның әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, деңдеріңіз сау болғанын тілейміз. Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар.

Кәсар Ә.: Мерекелі күнің

Қандай тамаша

Кеудедегі гүлің

Қалды жараса

Медина: Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы, анашым

Арнұр: Жүре берсем қасыңда

Әйбат анам, ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

Айналайын ақ мамам

Ән: «Мамочка моя» орындайтын Алина

Бастаушы: Балалар, мамалардың сендерді жақсы көргенде құлыным, қозым, ботам деп теңейді. Енді біз Р.Нұртазина әжеміздің «мен кіммін» деген өлеңін оқиық.

Ақаийша: Атам мені құлыным – дейді

Әжем мені ботам – дейді

Әкем мені шырағым – дейді

Шешем мені қозым – дейді

Айналайын жаным – дейді

Ал шынында мен кіммін?

Мен кәдімгі баламын.

Медет: Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын

Ана деген сөзді де

Әке деген сөзді де

Ата деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар.

Арай: Күнім, Жаным дегенді

Құлыншағым дегенді

Ботақаны дегенді

Қошақаным дегенді

Ойлап тапқан аналар!

Бастаушы: Ынтықсың сен маған

Асыл үнің мен

Қуантайын мама

Әсем биіммен.

Би: Қазақ биі «Асатаяқ»

Көрініс: «Әже мен бала» орындайтын Алтынай мен Дамира әжесі

Бастаушы: Балалар, сендердің әрбір қауіпті істеріңе аналарыңның жүрегі ауырады, шашы ағарады. Еш уақытта аналарымыздың, жүрегін ауыртпайық. Тек тәтті қылықтарыңмен аналарымызды қуанышқа кенелте түсейік.

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Ән: «Қыз сыны» орындайтын Алтынай

Би: Кукарелла ұлдар тобы

Бастаушы: Әрбір ана көздері байлаулы болсада өз баласын таниды. Қазір шеңбер болып тұрамыз, ортаға бір ана шығады. Көзін байлаймыз, өз баласын табуы керек.

Ойын: «Өз балаңды тап»

Бастаушы: Біз ана туралы әндер айттық, тақпақ оқыдық. Енді сол аналарымыздың анасы – әжелеріміз туралы не білемііз? Әжелер немерелерін өте жақсы көреді. Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған. Сол әжелерге әзірлеген өнерімізді көрсетейік.

Камила: Шашымды өріп , тараған

Қабағына қараған

Үлкен – кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Баян: Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің – өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

Алдияр: Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Алтынай: Өскенде мен енді

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді

Өте жақсы көремін

Өйткені мен әжемді

Ән: «Әжемді жақсы көремін» орындайтын Қазына

Бастаушы: Ал, құрметті қонақтар! Бізге қонақа әжелер келе жатыр. Барлығымыз қол соғып қарсы алайық.

Әжелер әзіл-әні орындалады.

Жансая: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Қарақат: Әжемді мейрамымен құттықтаймын

Айтатын ән, беретін гүлім дайын

Әжетай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағына сыбырлаймын.

Бақнұр: Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Керек болса бәріне

Бекарыс: Бізді өсірген апатай

Еңбегіңде зор екен

Құтты болсын, апатай

Құтты болсын мерекең.

Би: Испан биі

Бастаушы: Мереке қарсаңында дүкен сөрелеріндегі барлық гүлдер сатылып кетті. Дегенмен апаларымыздың, әжелеріміздің, әпкелеріміздің құшағы толған гүл. Олар қаншама жылы лебіздер естіді. Бүгін аяулы аналарымыздың мерекесі. Мереке мәңгілік болсын. Бүлдіршіндеріңіздің қолдан жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрқашан аман болыңыздар!

Бастаушы:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Сенсің ана жан күші

Сендей болсын бар кісі

Шексіз перзент алғысы.

Хор: «Ақ гүлімді сыйлаймын»


Батымбетова Алия Уразбековна

Тәрбиеші

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылы «Балбөбек» балалар бақшасы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
8 наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама

Автор: Батымбетова Алия Уразбековна

Дата: 08.02.2018

Номер свидетельства: 455665

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Мерекеңмен анашым оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(38) "mieriekien_mien_anashym_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "415553"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494851715"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Қош келдің әз, Наурыз""
    ["seo_title"] => string(24) "k_osh_kieldin_z_nauryz_7"
    ["file_id"] => string(6) "416218"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495015218"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства