(Әуен ырғағымен балалар жұптасын кіріп жарты шеңберге тұрады.)
Жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі –
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, балабақшамыздың ұстаздары, ару қыздар.
Сіздерді 8 Наурыз Халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз! Сіздерге арналған аналар мен әжелер әнді қабыл алыңыздар.
«Анашым» әні орындалады.
Тәрбиеші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.
1 Бала.
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
2 Бала.
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң менен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен?!
3 Бала.
Мәпелейсің мені анам,
Қолың дағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп демалам,
Құшағыңда қысылмай.
4 Бала.
Үмітіңдей көзіме,
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде,
Еміреніп тұр күліп.
5 Бала.
Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен.
6 Бала.
Жер бетінің ғұрымы,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
7 Бала.
Біліп тұрсың Жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күштері сол баладан,
Ана менен отанның.
Жүргізуші:
Балалар, айтындаршы сендер бақыттысыңдар ма? Бақыт деген не өзі?
(Балардың жауаптары)
Ортаға бақыт іздеген қыз шығады.
- Сәлеметсіздер ме?
Бала: Қош келдің біздің балабақшаға, неге көңіл-күйің болмай тұр, Дина?
Дина: Мен бақыт іздеп жүрмін, сол үшін үйден де қашып кеттім.
Бала: Дина, бақыт деген нағыз міне сенің өзің емес пе?
Жүгізуші: Сенің көңіл-күйіңді көтерейік
«Мен ең сұлумын» ойыны ойналады.
(Ойынға тек ұл балалар қатысады. Барлық бала бір сызықта тізіліп тұрады. Команда берілген кезде залдың екінші жағына жүгіріп жетіп тез киіп тұра қалады да «Мен ең сұлумын» дейді.)
Жүргізуші: Бәрің де сұлу болдыңдар, енді тек билеу ғана қалды!
«Гүлдер» биі орындалады.
Дина: Маған түк емес. Одан да мен өз бақытымды іздеп келейін – дейді.
Ортаға Алтынмүйізді бұғы шығады. Динаға келіп: - Сәлем! – дейді.
Дина: Сәлем! Сен кімсің?
Бұғы: - Мен сенің бақытыңмын, мен мүйізіммен түрткен нәрсенің бәрі алтынға айналады.
Дина: Қандай тамаша!
Бұғы: Енді сен байсың, әдемі киімдер киіп, сұлуланып, тәтті тағамдарға тоясың.
Дина: Жоқ, маған сен ұнамайсың.
Бұғы: Өзің біл, өз бақытыңды ұстай алмадың...
(Алдынан Иван ханзада шығады, қолында бақасы бар.)
Дина: - Сәлем, сен кімсің?
Иван:- Мен Иван ханзадамын.
Дина: Ой, қолыңдағы не өзі?
Иван: Бұл менің бақытым. Мен бақамсыз өмір сүре алмаймын, - деп бақаны сүйеді.
Дина: Фу, сенің бақытың маған мүлдем ұнамайды. Мен кеттім.
Алдынан Алладин шығады.
Дина: Сәлем, сен кімсің?
Алладин: Мен Алладинмін.
Дина: Сен бақытты көрдің бе?
Алладин: Бақытты іздемейді. Сен өзің бақыттысың. Білесің бе Дина мен бақыттымын.
Дина: Ешқандай бақытты көріп тұрған жоқпын.
Алладин: Бақытты көрмейді, тек сезеді.
Дина әріқарай жүріп көлге тап болады, ол жерде Алтын балық жүзіп жүр еді.
Дина: - Сәлем! Сен кімсің?
Алтын балық: Мен сенің бақытыңмын, не айтсаң соны орындаймын.
Дина: Онда мені бақытты етші.
Алтын балық: Сен онсызда бақытты жансың.
Дина: Кәне, бақытым сен сияқты алтын киімім де жоқ. Сен мені алдайсың.
Алтын балық: Онда бақытыңды басқа жақтан ізде.
Жүргізуші: Ал, енді әжелеріңді құттықтайық!
1 Бала:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі –
Қандай ғажап күлкісі.
2 Бала:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем.
3 Бала:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман – есен жүр әжем.
4 Бала:
Мейірімді жібектей,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
«Құлыным» деп құшады.
5 Бала:
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін
«Менің әжем» әні орындалады.
Алдынан Алибаба шығады.
Дина: Сәлем, сен кімсің?
Алибаба: Мен Алибабамын.
Дина: Сен білмейсің бе, бақыттың қайда кеткенін?
Алибаба: Не істерсің оны, кел маған қосыл, менімен бірге ұрлық жасайсың, тонайсың, алтындарың көп болады. Ақшаң көп болса, бақытты боласың. Тойып алып билейсің, міне саған бақыт.
Дина: Маған ондай бақыт керек жоқ. Енді бақытты қайдан табамын?
Алдынан оныншы Патшалықтың Ханшайымы шығады. Қолындағы айнаға қарап.
- Айна, айна маған айтшы кім әдемі бұл ғаламда?
- Ой, мен қандай сұлумын.
Дина: - Сәлем, Ханша, қолыңдағы не маған көрсетші.
Ханша: - Жоқ, мен саған көрсете алмаймын. Бұл айна ең сұлуды көрсетеді,
Ол мен. - деп реверанс жасайды.
Дина: Бұл не бақыт па?
Ханша: Иә, бұл менің бақытым. Ең сұлу болған жақсы емес пе? Ол мен.
Тәрбиеші: Иә, сен сұлусың, бірақ айналаңа қарашы. Бізде қанша сұлу бар. Аналар қандай әдемі болып кеткен, ал біздің қыздар аналарының қалай жұмысқа жиналатынын көрсетпекші.
«Менің анам жұмысқа қалай жиналады» ойын.
(Ортаға 3 қыздан шығады. Орындықтарда ілулі тұрған моншақты мойына тағып, далап жағып, сөмкесін иығына бірінші болып іліп, асып алған қыз жеңеді. Ойын бірнеше рет ойналады.)
«Ойыншықтармен» би орындалады.
«Ақ мамам» әні орындалады.
Ойын біткен соң Ханша: - Ойын ұнады ма? Ұнайтын нәрсеге қол соғыңдар! (Балалар қол соғады.)
- Балмұздақты жақсы көресіңдер ме?
- Чупа-чупсты ше?
- Киндер сюрприз жегенді?
- Таяқ жегенді...?
- Қысты жақсы көресіңдер ме?
- Жазды ше?
- Күнге қыздырғанды ше?
- Шомылғанды... шалшық лай суға?..
- Билегенді ше?
Онда бір би тамашалайық.
«Парлық(Ханшайым мен Ханзада)»
би орындалады.
Дина: - Ой, бақыт іздеймін деп адасып та кетіппін, үйге қалай барамын, анамды қалай табамын – деп отырып мұңаяды, көзін жауып жылайды.
Динаның анасы ортаға шығып: -Дина қызым мен сені іздемеген жерім жоқ, қайда жүрсің ботақаным, қошақаным, құлыным, - деп қызын құшақтайды.
Дина: Мен бақытты барлық жерден іздедім таба алмадым, сізді көріп қатты қуандым. Ана, сенсің ғой менің бақытым.
Анасы: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата-анасымен бақытты.