Просмотр содержимого документа
«16 желтоқсан мерекесіне арналған ертеңгілік»
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілік
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Жүргізуші:
Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе Ұрпақ өсер айналатын тірекке Егемендік тиді міне еншіме Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Біздің тобымыздың "Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Би «Көк туым желбіресін» Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады. Ертеңгілігімізді Қ.Р-ның әнұраны мен бастайық.
Жүргізуші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл оқиға Алматы қаласында болды. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Слайд
Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат көріністерін көрейік
Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыз:
Ән: «Ел таңбасы -елімнің»
Тақпақтар:
Сағыныш
Ардақтайтын ана тілім – бастауым,
Ата Заңым – арқа сүйер асқарым!
Армандаған болашақты баянды
Арландары – жалындаған жастарым!
Ажарында көгіміздің –
Тыныштығы жеріміздің. Тәуелсіздік деген осы –
Азаттығы еліміздің!
Бауырына айналдырып сан ұлтты,
Бірлігі мен татулығын танытты.
Жаңа ғасыр көшін бастап
Қазақстан жаңа күнге жетелейді халықты.
Арайланып, шуақ шашар таң күліп,
Бақыт жолы жатыр алда жаңғырып.
Бағзылардан аңсап жеткен
Еркіндік – Ұлы Дала Елі үшін – Мәңгілік!
Ерсайын
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Н.Адель
Казакстан – земля родная,
Очень любим мы тебя.
Море, горы, даль степная-
Это Родина моя!
Данат
Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды.
Жарқын
Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған. Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Ғажайып сәт:
Орыс ұлты қонаққа келеді.
Сәлеметсіздерме, балалар!
Орыс ұлты: Қазақ жеріне келдім, бұл елде қандай бүлдіршіндер тұрады, және осы ел туралы білгім келген.
Жүргізуші: Төрлет,төрлет қазақ елі әрқашанда қонақ жайлы бүгін біздің елде мереке
16 желтоқсан Тәуелсіздікті тойлап жатырмыз.
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.
1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)
2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
3.Біз қандай елде тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз)
Орыс ұлты: Жарайсыңдар балалар, мен енді білетің болдым сендер тәуелсіз елдің болашағы екенсіңдер ғой!
Жүргізуші:
Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй отанды шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал ойына, қырына да
Би « Жұппен»
Орыс ұлт: Өте тамаша балалар, маған ұнады
Орыс ұлты: -Ендеше жігітерімізді сынап көрейік, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. 1 - Ойын: «Күш сынасу»
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде Елбасымызға Отанымызға арналған
тақпағымыз бар
Айғаным
Казахстан – это имя страны,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это крылья побед!
Ерасыл
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.
Арнұр
Отан елдің анасы
Отан жердің анасы
Бақытты ғой дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы.
Сұлтан
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз
Әнель
Қуат алған өзінен, Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген, Отанымның гүлімін.
Жүргізуші: Енді бір ойын ойнап жіберейік.
2 - Ойын: «Теңге алу»
Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыз:
Ән: «Тәуелсіз елім -Қазақстан»
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты
Би: «Сарбаздар»
Орыс ұлты: Жарайсыңдар балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір марқайып қалдым. Мен сендерге кішкентай бүлдіршіндерді ерте келдім. Олардың сіздерге арнаған өнерлері бар.
Жүргізуші:
Би: Ромашка
Орыс ұлты: Біз енді өз елімізге қайтайық. Сендерге арнап тәттілерімді ала келдім.Сендерге көп рахмет.
Жүргізуші: Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.
Жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Көңілді музыка әуенімен барлығы жалпы суретке түседі.