Просмотр содержимого документа
«Ойнайык та, ойлайык»
Сабақтың тақырыбы: Күз - мереке, Күз - береке!
Сабақтың мақсаты:
-Күз мезгілінің қыр сырын жете меңгере білу, Күздік негізгі белгілері, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы лған білімдерін тиянақтау.
-Балалардың өмір тәжірибесіне сүйене отырып, жыл мезгілдерінің басты басты ерекшеліктерін талдай білуге жаттықтыру. Бақылау, байқау дағдыларын қалыптастыру. Байланыстырып сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
-Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, жемістер.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Танысу. Шаттық шеңбері. Балалар шаттық шеңберіне отырып, өз есімдері мен сүйікті ойынын айтады. Көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын береді. Бір бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл күй тілейді.
Балалар, бүгінгі сабағымыз жұмбақ шешуден басталады. Мен жұмбақ айтайын, сендер шешуін табыңдар.
Жұмбақ
Дала тегіс сарғайды
Шаруа қысқа қамданды
Күн қысқара бастады
Тауда тұңғыш қар жауды.
(Күз)
Қай мезгіл, кім табады? Балалар жауап берген соң, мынадай сұрақтар куз
1.Күз екенін қалай білдіңдер?
2.Күздің қандай белгілерін білесіңдер?
3.Күз айларын атаңдар.
4.Қазір қай ай?
5.Қыркүйек айының қандай ерекшеліктері бар?
Балалардың жауабы тыңдалып, толықтырылып отырылады.
Гүл ойыны:
Мақсаты: Қиялды дамыту, денедегі қысымды түсіру.
Балалар жүрелеп, тізелерін құшақтап отырады. Олар дәндер жақында әдемі гүлдерге айналады. Тәрбиеші балалрға қарап: « Күннің жылы шуағы жерге түсіп, дәндерді жылытты, дәндер тамырланды, олар өсті, бой көтерді, бұратылып үнге мойнын созды. Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады.
Балалар тәрбиешіні тыңдап, нақты қимылдармен көрсетеді: жүрелей отырады, бастарын, қолдарын көтереді. Бойларын тік ұстап, қолдарын жан жаққа созады, гүл ашылды. Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды. Көздерін жартылай жұмып, күнге қарап күлімсірейді.
Сурет бойынша әңгіме
Күз туралы суретті тақтаға іліп, юалалардың назарын аударамын. Суретке ат қойғызамын.
«Алтын Күз» неліктен олай дейді?
(Шөптер, жапырақтар сары алтындай, сап сары болғандықтан).
-Неліктен сары? (Күз түсті, Күн салқындады, Аспанды бұлт торлады.)
- Күздің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі неде? (Күн қысқа, түн қзақ, аспанда күн жоғарылай бастады. Жел соғады, жаңбыр жауады, шөптер жапырақтар сарғаяды, күзде астық жиналады, балалар мектепке барады, құстар жылы жаққа ұшады.)
Осы күз айларында жеміс жидектер, көкөністер, егістіктегі астық пісіп қамабалрға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «жомарт», «алтын» деп атайды. «Жомарт» сөзі молшылықты, дархандықты, берекені білдіреді.
Күз жылдың мерекелі, берекелі мезгілі.
Психогимнастика «Қарлығаш»
Қарлығаш керілді (қолдарымызды жоғары көтереміз)
Қолдарын жазды (қолымызды екі жаққа жазамыз)
Еңкейді (төмен қарай иілеміз, қолымызды төмен түсіреміз)
Шалқайды (екі жаққа қарай теңселеміз)
Алтын кілт тапты да (қолымызды айқастырамыз)
Үйіне қайтты (Қолымызды жоғары көтереміз де бір орында тұрып адымдаймыз)
Мақал айтып үйренейік
- Көктемде түскен бір дән,
Күзде болады мың дән.
-Жазда не ексең, күзде соны орасын.
Мен қапқа салдым ойыны.
Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын: «Мен қапқа алма салдым» деп басталады. Келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. Келесі ойыншылар да қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Қорытынды: Балалармен бірге сабақты қорытындылай келе, жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау.