Жеке түзету сабақ жоспары
Тақырыбы | Мақсаты | Түзету жұмысының барысы | Сағат саны |
ІI - кезең |
| ||
«Үй жануарлары» | - Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту; - Олардың дене мүшелерін дұрыс атауды үйрету, тіршілігімен таныстыру; - Есту қабілетін дамыту; - Сабақта жағымды көңіл-күй орнату; -Ұсақ моториканы дамыту; | Түзету жұмыстары: - артикуляциялық жаттығулар; - тыныс алу жаттығулары; - есту қабілетін дамытатын жаттығу; - сергіту сәті - ұсақ моториканы дамыту; Көрнекіліктер: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, үй жануарларының ойыншықтары, сабын көпіршігі.
І. Ұйымдастыру барысы: Атам мені құлыным дейді, ІІ. Негізгі бөлім - Балақай, қарашы мына терезелерді ашып көрейікші не бар екенін тыңдашы, нелердің даусы? Үй жануарларының әрқайсысының өздерінің дыбыстары бар. Үй жануарларының мекені мен олардың азығын балаға түсіндіреміз. (Суретпен жұмыс) ІІІ.Артикуляциялық гимнастика. «Түтікше» – ерінді алға қарай созу. 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру. «Қақпаға допты кіргіз» - ерінді алға «түтікше» тәрізді қылып созу. (мақтадан жасалған допты ұзақ үрлеп екі кубиктің арасына кіргізу. «Бұзық тілді жазала» - ауыз сәл ашық, тілді бос қылып астыңғы ерінге салып «пя-пя-пя» дыбыстарын айтып тілді соғу. IV.Тыныс алу жаттығуы. «Сабын көпіршігі» Бұл жаттығуда сабын көпіршігін пайдаланамыз. Түтікше арқылы жәй және қатты үрлетеміз. Жаттығу 3-4 рет орындалады. V.Фонетикалық есту қабілетін дамыту жаттығуы «Төлдер қалай дыбыстайды?» ойыны Мақсаты: Айтылу мен есту жағынан бірдей сөздерді айыра білуге, дауыс ырғағын қадағалай білуге дағдыландыру. Ойын барысы: « Мө-мө-мө, бұл не мөңіреп жатқан » «Бе-бе-бе саған келіп тұрған не?» «Тағы біреу келді де бө-бө-бө деді. Ол не?» «Ал, қазір мында не тығылып тұрғанынын айтамыз.» Мұғалім өз дауыс ырғағын өзертіп, үлкен әлде кішкентай қозының даусы шықты ма деп сұрайды.Олардың атын және дыбысталуын сұрап отырады. (үй жануарлары ойыншықтармен ойната отырып жүргізіледі) VІ. Сәйкесін тап. Мақсаты: Үй жануарларының қорегін білуге үйрету. Барысы: Суретте бейнеленген жануарларды мекеніне апарып, қорегін тауып қою. «Қандай жануар» ойыны Мақсаты: Мұғалім әр жерге жануарлардың бір ғана дене мүшесін көрсетіп, жасырады. Бала көрінген дене мүшелері арқылы қандай жануар екенін табуы керек. Табылған жануардың дыбысын дыбыстап, аты мен қорегін атайды. VІІ. Саусақ жаттығулары 1. Барабанда ойнаймыз. Бала саусақтарын бүгіп, яғни жұдырықтарын түйіп, кеуде тұсынан сәл төмен ұстайды. Содан соң сұқ саусағын жазып, тік ұстап көрсетеді де, «барабанда ойнаймыз» деген мұғалімнің белгісі бойынша сұқ саусағын жоғары төмен қозғалтады. 3. «Дүрбілер». Бала бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріп, шеңбер жасайды да, мұғалімнің «дүрбімен қарайық» деген белгісі бойынша саусақ шеңберімен жан-жағына қарайды. VІІІ.Сергіту сәті 1)Топ – топ етіп басайық, Ауылға біз барайық. Қозыларды санайық, Қораларға қамайық.
V. Ұсақ қол моторикасына арналған жаттығу: Мозайка арқылы. (мысықтың бейнесін жасау) |