kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сіз қаншалықты мүгедек жандарды түсінесіз?

Нажмите, чтобы узнать подробности

АКТУАЛЬНОСТИ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ. ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ ПОДХОД.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сіз қаншалықты мүгедек жандарды түсінесіз?»

Сіз қаншалықты мүгедек жандарды түсінесіз?

 Білім беру – «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. [1]

Осыған орай қазіргі кезде арнайы білім беру жолында туындап отырған ең өзекті мәселенің бірі – инклюзивті білім беру жүйесін енгізу болып табылады. Бұл өз кезегінде жай сөз немесе жай ұсыныс емес. Мемлекет тарапынан қолға алынып, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырылып отырған бүгінгі күннің басты және кезек күттірмейтін мәселесі.

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға бірдей білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Осы жылы Қазақстан «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы заң қабылдады. Бұл заңда жарымжан балаларға ерте бастан білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету жан – жақты қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалған.[2]

Осы ресми құжаттарды басшылыққа ала отырып, жоғарғы және жергілікті атқарушы органдар, осы сала бойынша еңбек етіп жүрген ұстаздар, барлығы да инклюзивті білім беру жүйесін енгізу жолына өз үлестерін қосып, ат салысуда. Бұдан инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстарының қызу жүріп жатқандығын байқаймыз. Бұл өз кезегінде, әрине, қуантарлық жағдай.

Бірақ, дегенмен, әлі де түйіні шешілмеген мәселелер, жауабы әзірше табылмай жүрген сауалдар баршылық. Мәселен, қоғам.... Қоғам бұны қалай қабылдайды? Олар мүгедек жандарды қаншалықты түсінеді? Дені сау адам мүгедек жанды қабылдауға дайын ба? Ал мүгедек жанның өзі ше?....

Міне, мәселенің бар өзектілігі де, түйіні де осында жатыр. Егер қоғамда өзара түсінушілік болып, адамдар басқа түскен ахуалды бір адамдай сезініп, бір – бірін сол кемшіліктерімен қабылдай алса, бұл мүгедек жандар үшін үлкен бақыт, ал сау адамға үлкен сауап болар еді. Сондықтан, біздің ойымызша, ең алдымен адамдарды психологиялық тұрғыдан даярлап, бір – біріне деген барынша оң көзқарас қалыптастыру қажет. Мүгедек жанның сыртқы бейнесіне, диагнозына қарамай, ішкі жан – дүниесіне үңілуге бағыттай отырып, олардың да ішкі әлемі сондай сұлу, адал, шынайы екендігіне көздерін жеткізу.

Мысалы, өздеріңіз бір сәт ойланып көріңіздерші... Аты әлемге әйгілі атақты тұлғалар... Сіздің ойыңызша, олардың барлығы да даму мүмкіндігі қалыпты жандар ма? Жоқ. Олардың да арасында мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Мысалға, Людвиг Ван Бетховен – атақты неміс композиторы. Жас кезінен оның құлағы дұрыс естімейтін болған, бірақ ол саңыраулықтың үдеуіне қарамай, теңдесі жоқ музыканы жазуды жалғастырған.

Луи Брайль – соқыр адамдар үшін шрифт ашып шығарған француз ұстазы. Үш жасында соқыр болып қалған.

Диана Гурцкая – қазіргі таңдағы атақты Ресей әншісі. Бала күнінен зағип. Бір рет болса да көрмеген, көз алдына мүлдем елестете алмайтын ноталарды жаттаудың қандай қиын екенін ойланып, сезініп көріңіздерші... Бірақ, әнші бұған қарамастан, ән мектебін бітірген...

Міне, көрдіңіздер ме, шектеулі мүмкіндіктер бұл адамдарға шектеусіз атақты болуға кедергі жасаған жоқ. Олар өздерін қоғамға ұсынды, ал қоғам оларды қабыл алды. Яғни, қоғам олардағы сол ішкі дүниені байқай білді, кемістік түріне қарамастан, олардың да дәл өздері сияқты екендігін түсіне білді.

Белгілі жағдай, біз барлығымыз бірдей емеспіз. Бірдей адам жоқ та. Бізді біздің ұлтымыз, теріміздің, көзіміздің түсі, шашымыздың ұзындығы басқалардан ажыратады. Бірақ, бұдан басқа да айқын айрмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар оларға басқа адамдармен өзін тең ұстауға кедергі жасайды. Яғни, өздеріңіз түсініп отырғандай, бұл мүгедек жандар тобы.

Жалпы мүмкіндігі шектеулі жандар дегеніміз кімдер? Олар – денесі мен психикасы жағынан қалыпты дамуынан ауытқыған жандар. Мұндай адамдардың дамуында елеулі кемістіктері болады.[5] Осы кемістіктердің салдарынан олардың әлеуметтік ортамен өзара қарым – қатынасы қиынға соғады, болып жатқан өзгерістер мен талаптарға көңіл бөлу қабілеті төмендейді. Өз мақсаттарына жетуде ерекше қиындықтарды сезінеді де, белсенділігі төмендеп, жағымсыз реакциялар пайда болып, тәртіптерінде ауытқулар байқалады.[4] Олар өз әлемінде ғана өмір сүреді... Кейбір жарым жанды балалар үйден мүлдем шықпайды, ал енді біреулері тек арнайы мекемелерде оқып, тәрбиеленеді. Мүгедек баланың арнайы балабақшада тәрбиеленуі немесе арнайы мектепте оқуы, оған өзін басқа балалармен тең санауына кедергі болатын ерекше таңба... Сонда неге ойланбаймыз?... Мүмкіндігі шектеулі балалар... Олар да біз сияқты қоғамның мүшесі. Олар да біз сияқты барынша толыққанды өмір сүргілері келеді. Өмірден мүмкіндігінше көп нәрсе алуды армандайды. Олар да ел қатарлы білім алып, сау балалармен бірге ойнағылары, оқығылары келеді. Өздерімен жасты балалармен бір сыныпта, тіпті бір партада отыруды қалайды. Айналасындағы мыңдаған адамның бір - екеуінен болса да қолдау мен қамқорлықты күтеді. Ал қоғам болса, бұндай жандардан алыстаған сайын, алыстай беруде. Оларға деген теріс көзқарастарынан әлі де арыла алмай келуде. Әлі де оларға мүсіркей қарауда...

Адам – жануар тілін түсінбейді десе, ол ойға қонымды, түсінікті жағдай. Ал, бірақ, адамның адамды түсінбеуі, оған деген жанашырлық сезімінің болмауы – мүлдем ойға қонымсыз, санаға сіңімсіз дүние... Сонда адам табиғаты осыншама қатігез болғаны ма?...

Бұл өз кезегінде инклюзивті білім беру жолындағы күрделі де, өзекті мәселенің бірі болып отыр. Біз, әрқайсымыз, мүгедек адамдарға деген ішіміздегі кедергілерді бұзбайынша, ештеңе де өзгермейді. Ақпараттың аздығы, қорқыныш....деп өзімізді қанша жұбатқанымызбен, бұл да себеп емес...

Міне, осындай мәселелерді шешу жолында инклюзивті білім берудің тигізер әсері зор болмақ. Енді оқытудың осы жүйесіне толығырақ тоқталып өтейік.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – ерекше қажеттіліктері бар балаларға басқа балалармен бірге мектепте оқуға мүмкіндік беретін білім беру жүйесі. Ол барлық балаларды бір жүйеге, яғни, жалпыға бірдей білім беру жүйесіне толық енгізе отырып, баланың әлеуметтік бейімделу қабілетін жоғарлатады. Олардың шығу тегіне, жынысына, жасына, дініне, оқудағы жетістіктеріне, денсаулық жағдайы мен даму деңгейіне, қоғамдағы орнына және басқа да толып жатқан айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін жүйеге толықтай енгізуді қамтамасыз етеді. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және университет қабырғасында қоғам өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынаста қажет деген қабілеттілікті дамытуға жағдай жасайды. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне деген сенімі артады, ол айналасындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді. Бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашады.  Инклюзивті білім беру жүйесі енгізілуінің тағы бір қуантарлық жағы – мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінетіндіктерінде. [3]

Сондай – ақ, мұндай оқыту арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, өзінің тұрғылықты жерінде білім ала алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ал әлеуметтік бейімделу, өз кезегінде, кемтар балалардың қоғамдық ортамен белсенді араласуына мүмкіндік туғызып, жалпы жағдайын жақсартады.

Біз оларды қоғамнан алшақтатып, «тығып қойып» немесе «бөлме өсімдігі» сияқты ұстап отырып, ойдағыдай жоғары нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Себебі бала толыққанды дами алмайды. Ол тек өз ортасына ғана бейімделген, сол ортаның деңгейінде ғана дамыған болады. Ал сыртқа шыққанда қайтадан бұрынғы күйге еніп, тұйықталып қалады.

Мысалы, тұтықпасы бар балалардың мінездемесін еске түсіріп көрейікші. Олар өсе келе өз дефектісін сезіну нәтижесінде сұхбаттас адамда жағымсыз әсер қалдырудан қорқа бастайды. Яғни, сөздік кемшіліктерін үнемі қорқынышпен күтулері нәтижесінде, оларда «логофобия» қалыптасады. (Логофобия – сөйлеуге қорқу). Логофобия белгілі бір жағдайларда, мысалы, телефонмен сөйлескенде, көшеде, дүкенде, қарым – қатынасқа түскенде, мектепте тақта алдына шығып жауап берген кезде күшеюі мүмкін. Бірақ, өзі үйренген ортасында, мәселен, үйде, достары арасында, олар өздерін еркін сезініп, қысылмай, орнықты сөйлеуі мүмкін.[6]

Дәл осы сияқты мінездеме қандай да бір кемістігі бар кез – келген балаға тән. Сол себепті, оларды тек өз ортасында ғана дамытпай, көпшілік ортасына қарай бейімдеу қажет. Осы орайда инклюзивті оқыту – ерекше балалар үшін үлкен бір мүмкіндік. Жарқын өмірге бір қадам болса да жақындау. Жарқын болашаққа деген сенім мен үміт. Сондықтан, бұл ерекше жандарды бұндай мүмкіндіктен айырмайық! Олардың толыққанды өмір сүруіне жәрдемдесейік! Елбасымыздың инклюзивті білім беру шешімін жүзеге асыруда бір кісідей ат салысайық!


Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 заңы.

  3. Зарубежный и отечественный опыт включения детей с особыми нуждами в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения. Алмата – 2001

  4. У.Е.Нұрманбетова «Мамандыққа кіріспе» Қарағанды – 2006

  5. Ж.Намазбаева, Р.Сүлейменова «Дефектологиялық сөздік» Алматы – 1993

  6. А.Айтбаева «Коррекциялық педагогика негіздері» оқу құралы. Алматы – 2011


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сіз қаншалықты мүгедек жандарды түсінесіз?

Автор: САРСЕНОВА ЖАЗИРА КАСЫМОВНА

Дата: 28.03.2017

Номер свидетельства: 404192


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства