kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Инклюзивті білім беретін мектептегі психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін арнайы жұмыс дәптерін қолдана отырып дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақала Инклюзивті білім беретін мектептегі психикалық  дамуы тежелген  бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін арнайы жұмыс дәптерін қолдана отырып дамыту тақырыбы бойынша жазылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Инклюзивті білім беретін мектептегі психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін арнайы жұмыс дәптерін қолдана отырып дамыту»

Инклюзивті білім беретін мектептегі психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін арнайы жұмыс дәптерін қолдана отырып дамыту



Еліміздің әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады .

Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды. Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады.

Қазіргі таңда психикалық дамуы тежелген балаларды қоғамға біріктіру, әлеуметтік бейімдеу, білім беру және тәрбиелеу, бала дамуының бұзылыстарын алдын алу және нәтижелі түзету үшін ең қолайлы жағдайлар жасау мақсатында инновациялық бағыттар жетілдіруде. Осыған сәйкес арнайы білім берудің болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту болып табылады.

Сабақ кезінде психологиялық дамуының тежелуі бар балалар жиі қозғалғыш, отыра алмайды, берілген тапсырмаға өздерін 5-10 минут зейінін тұрақтандыра алмайды. Бұл жерде психологиялық дамуының тежелуі бар балалар сабақ кезінде жиі қозғалғыш, отыра алмайды, берілген тапсырмаға өздерін 5-10 минут зейінін тұрақтандыра алмайды. Бұл жерде психологиялық дамуының тежелуі бар зейіннің даму деңгейін біркелкі деп айтуға болмайды. Кейбір оқушылардың зейіндері сабақтың басында тұрақты болады да, сабақтың ортасында зейін тұрақтануы төмендейді. Екіншілерінің зейіні сабақ кезіндегі бірнеше тапсырма орындағаннан кейін ғана тұрақтанады. Ал, үшіншілерінікі кезеңмен сипатталады. Зейін шоғырлануының деңгейінің төмендеуін шаршаған, қажыған балалардан байқауға болады. Бұл балалар оң материалдарын қабылдауға қиналады, нәтижесінде оқу үлгерімінде кері әсерін тигізеді, үлгермеушіліктер болады. Зейіннің белсендіден белсенсіз жағдайына жиі ауысуы, жұмыс және демалу көңіл-күйі кезі баланың психикалық жағдайымен тығыз байланысады, еш себепсіз пайда болады. Сыртқы жағдайлар (қиын тапсырма, үлкен көлемді жұмыстар) баланы қобалжытады, зейіннің тұрақтылығын төмендетеді. Әсіресе, бұл жағдай қиын сабақтың соңында байқалады. Өзінің әлсіздігі, тапсырма орындауда шоғырлана алмауы баланы тітіркендіреді, кейбіреулері – жұмыс жасаудан түбегейлі қарсылық білдіреді, әсіресе жаңа оқу материалын меңгеруде. Ақыр соңында балаларда өз күшіне сенімсіздік, оқу әрекетіне қанағатсыздық пайда болады.

Психикалық дамуы тежелген баланың бастауыш мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындығын байқау керек.

Психологиялық дамуының тежелуі бар балалардың көпшілігіне ауызша мәлімет алу зейіннің әлсіздігі тән. Тіпті қызықты, тартымды, сезімді әңгімелерді тыңдау кезінде бұндай балалар есінеп, көңілі басқа нәрсе ауысып, әңгіме жүйесін жоғалтады. Әсіресе айналасында басқа көңіл аударатын фактор болса, зейін деңгейі анық белгілі болады. Сыныпқа бөтен кісі кірсе, есік қағылса, кенеттен құлап қалған, зат осының барлығы баланың зейінін сондай алаңдатады. Мұғалім тапсырмасын есінен шығарып алады. Педагог бұл балалардың жұмыс белсенділігін арттыру үшін көп күш жұмсайды.

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқытуда тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта ұйымдастырылады:

- Оқушыға қоятын талаптар баланың мүмкіншілігіне сай болу керек.

- Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдалануы.

- Оқу материалының күрделілігі, орындалатын жаттығу жұмыстары, баланың ұғымына таныс,

жеңіл болуы.

-Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер

таңдалып алынуы.

- Жаңа сөздерді үйретіп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқытуда тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта ұйымдастырылады:

- Оқушыға қоятын талаптар баланың мүмкіншілігіне сай болу керек.

- Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдалануы.

- Оқуматериалының күрделілігі, орындалатын жаттығу жұмыстары, баланың ұғымына таныс,

жеңіл болуы.

-Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер

таңдалып алынуы.

- Жаңа сөздерді үйретіп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық дамуы тежелген оқушылардың тобының сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға болады, ребустар шешу, жалғасын табу , сәйкестендіру т.с.с 

Даму мүмкіндіктері уақытша шектелген балалармен жүргізілетін қандай жұмыс болмасын оқушыларды қоршаған өмірге биімдеуге , олардың сөйлеу тілін ой - өрісін дамытуға негізделуге тиіс .Мұғалім олардың ойлау белсенділігін арттырып , білім алуға деген ынтасын оята алатын жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады . Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді : 
1. Әңгіме айту, түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу.
2. Көрнекі әдістері: қызықты тақырыпқа сай көрнекі құралдар болу керек.
3. Осы өтетін тақырып практикалық әдістер болу керек .

Елбасымыз Н . Ә . Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріліп , мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс – тәжірибелерін саралай келіп , коррекциялық тәрбие жүйесін құрдық . Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу , өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру деген.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Мұқан Ақерке Тлеуханқызы

Дата: 11.11.2016

Номер свидетельства: 357920


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства