kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үздік биологтар" сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  "Үздік биологтар" сайысы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:               Оқушылырдың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

Тәрбиелік:                Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:                Дәстүрден тыс  сабақ.

Сабаққа бөлінген уақыт: 90 минут

Сабақтың әдісі:                 Сайыс сабақ (баяндау, түсіндіру,  сұрақ-жауап, көргізбелі, деңгейлеп оқыту)

Сабақтың көрнекілігі:   Слайдтар, интерактивті тақта,   видиотаспа.

Сабақты өткізу жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут 
  2. Жаңа сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру – 2 минут
  3. Таныстыру (команданың атын  және төс белгісін қорғау, слайд) -

10 минут

  1.  Менен сұрақ, Сізден - жылдам жауап (топ басшыларына сұрақтар) – 4 минут
  2.  Сиқырлы ұяшықтар  – 10 минут 
  3. Сандықшада не бар ? – 5 минут
  4.  Құпиялы ағаш – 15 минут
  5. Зерттеушілік жоба - 15 минут
  6. Тұлғаны таны - 5 минут
  7. Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген  ораторлық.  Егер мен. - 14 минут
  8. Сабақты қорытындылау, марапаттау- 5 минут

Пән аралық байланыс:  Медициналық биология және генетика, молекулалық биология, Микробиология және вирусология, Экология.   

 

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі –  5 минут

Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі  "Үздік биологтар" сайысына хош келіпсіздер!

Шеберлікті, білімді,

Саралап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер.

(Әділ қазылар алқасы сайланады).

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Сәт сапар тілеп бәріңізге,

Сайысты біз басталық.

Көрсетіп өнерлеріңізді

Қалмаңыздар жасқанып.

Студенттермен  ең алдымен психологиялық  дайындық  жасап алу керек.

  1. Көңіл күйлеріңіз қалай?
  2. Топтасып жұмыс істеуге дайынсыздар ма?
  3.  Сайысуға дайынсыздар ма?
  4.  Ендеше бастайық.

 

Сайыстың негізгі шартымен, топтардың атымен, кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  

І топ "Генетиктер"

ІІ топ "Биотехнологтер"

Сайыс VIІІ кезеңнен тұрады.

I  кезең   Таныстыру кезеңі

II  кезең  Менен сұрақ, Сізден - жылдам жауап (топ басшыларына сұрақтар)

III  кезең  Сиқырлы ұяшықтар  

IV  кезең  Сандықшада не бар?

V  кезең  Құпиялы ағаш

VI  кезең   Зерттеушілік жоба

VII  кезең   Тұлғаны таны

VIII  кезең  Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген.  Егер мен.

Ал, енді бірінші кезеңді бастаймыз.

Бірінші таныстыруды  І топ "Генетиктер" тобы бастайды.

I  кезең   Таныстыру кезеңі

Топ басшы: 1. Қуанышбай Айсері

             

 II  кезең  Менен сұрақ, Сізден - жылдам жауап (топ басшыларына сұрақтар). Әр топ басшы ортаға шығып, 1 минутта сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беруі керек. І  Мейіргер ісі "А" тобынан құралған "Генетиктер" тобы. 

1. Генетика  ғылымы нені зерттейді? (тұқымқуалаушылықпен өзгергіштікті)

2.Homo sapiens сөзі қандай мағынаны білдіреді? (саналы адам)

3.Тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан - ұрпаққа хромосома құрамында болатын не арқылы беріліп отырады? (гендер)

4. Түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын, оның шыққан тегіне қарай зерттеу қандай әдіс? (генеологиялық)

5. ДНҚ – ға талдау жасау арқылы ата – анасын дәл анықтауға болатын әдіс қалай аталады? (биохимиялық)

6. Бұл әдіспен түрлі тұқым қуалайтын аурулардың   таралу жиілігі зерттеледі? (популяциялық)

7. Гемофилия қандай ауру? (тұқым қуалайтын көбіне ер балалар ауырады да, әйелдер (аналар) таратады)

8. Егіздердің қандай түрлері бар? (бір жұмыртқалы және екі жұмыртқалы)

9.  Ағзаның бір дене  (сомалық) жасушасынан өзінің  дәл көшірмесі болып шығатын ұрпақ алу қалай аталады? (клондау)

10. Қазіргі кезде адам баласы қанша нәсілге бөлінеді? (негроидтік, еуропеоидтік және монғолоидтік)

І "Емдеу ісі" Б тобынан құралған "Биотехнологтер" тобы

1. Селекция (selectio) латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (сұрыптау)

2. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтауға қандай ғалым зор еңбек сіңірді? (Н.И.Вавилов)

3. Жүгері, ұзын талшықты мақта, асқабақ, темекі, какао қандай орталықтан шыққан ? (Орталық Америка)

4.Күріш, қант қамысы, көптеген дақылдары (мәдени өсімдіктердің 50%-ы) қандай орталықтан шыққан?(Оңтүстік Азияның тропиктік орталығы)

5.Бидай, қара бидай, бұршақ тұқымдастары, зығыр, кендір, сәбіз, сарымсақ, жүзім, алхоры, алмұрт, т.б. (мәдени өсімдіктердің 14 %-ы) қандай орталықтан шыққан? (Оңтүстік -Батыс Азия).

6.Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің қанша түрлерін зерттеді? (1600)

7. Өсімдіктер селекциясында  қандай әдістер қолданылады? (сұрыптау, будандастыру, эксперименттік, мутагенез)

8.Будан ұрпақтың белгі қасиеттерінің ата-анасынан артық болуы қалай аталады? (гетерозис)

9.Жануарлар селекциясында будандастырудың қандай жолдары бар? (туысты,туыстық емес, алыстан будандастыру)

10. Қазақстанда қойдың арқар-меринос тұқымын қандай ғалымдар шығарды?

(Н.С.Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Жандеркин)

 

 

III  кезең  Сиқырлы ұяшықтар.  

 

IV  кезең  Сандықшада не бар?

 

         

VI  кезең   Зерттеушілік жоба.

  Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді, сол берілген тақырып бойынша слайд дайындап, қорғау.

1 топ: Микроағзалардың пайдасы.

2 топ: Микроағзалардың зияны.

 

VII  кезең   Тұлғаны таны.

  1. Мен француз микробиологімін. Ашу және шіру процестерін зерттедім. Микроорганизмдердің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдедім.  (Л. Пастер)
  2. Мен тірі организмдердің біртіндеп даму теориясының негізін салған философ әрі жаратылыс зерттеуші ғалыммын. Табиғаттың қарапайымнан күрделіге өзгеретінін дәлелдедім. (Аристотель)
  1. Мен алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысымын. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстыра зерттедім. «Зоология философиясы» деген еңбегім бар. (Ж.Б. Ламарк)
  1. Органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынның ұлы жаратылыстанушы ғалымымын.Эволюция ілімінің негізін қаладым. (Ч. Дарвин)
  2. Мен жасуша теориясын XIX ғасырдағы ашылған үш ұлы жаңалықтардың бірі деп жоғары бағаладым. Ол жаңалықтар: “энергияның сақталуы және бір түрден екінші түрге айналуы”, “жасуша теориясы”, Ч.Дарвиннің “эволюциялық ілімі”. (Ф. Энгельс)
  3. «Ұрықтық ұқсастық» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеп, эмбриология ғылымының негізін қаладым  (К.Бэр)

VIII  кезең  Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген.  Егер мен.

1 -ші  топқа    "Егер сіз Табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда."

2-ші  топқа   "Егер сіз   Денсаулық сақтау министрі болсаңыз, онда."

 

Қорытынды. Марапаттау.

Азығы бір күнге жететін айламен емес,

Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір  сүрейік!

Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Үздік биологтар" сайысы»

Сабақтың тақырыбы: "Үздік биологтар" сайысы

Өтілетін күні, уақыты: 17.03.2017 ж. 1030 -1215

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылырдың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.

Сабаққа бөлінген уақыт: 90 минут

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ (баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, көргізбелі, деңгейлеп оқыту)

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта, видиотаспа.

Сабақты өткізу жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут

  2. Жаңа сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру – 2 минут

  3. Таныстыру (команданың атын және төс белгісін қорғау, слайд) -

10 минут

  1. Менен сұрақ, Сізден - жылдам жауап (топ басшыларына сұрақтар) – 4 минут

  2. Сиқырлы ұяшықтар – 10 минут

  3. Сандықшада не бар ? – 5 минут

  4. Құпиялы ағаш – 15 минут

  5. Зерттеушілік жоба - 15 минут

  6. Тұлғаны таны - 5 минут

  7. Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген ораторлық. Егер мен ... - 14 минут

  8. Сабақты қорытындылау, марапаттау- 5 минут

Қолданылған әдебиеттер:

1. Т.Қасымбаева, К. Мұхамбетжанов "Жалпы биология" оқулығы Алматы «Мектеп» 2014



  1. Р. Сәтімбеков, Р. Әлімқұлова, Ж. Шілдебаев «Биология» оқулығы 11 сынып, Алматы «Мектеп» 2015

  2. Интернет материалдары.

  3. Биология және салауаттық негізі жұрналдары.

Пән аралық байланыс: Медициналық биология және генетика, молекулалық биология, Микробиология және вирусология, Экология.



Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут

Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі "Үздік биологтар" сайысына хош келіпсіздер!

Шеберлікті, білімді,

Саралап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер.

(Әділ қазылар алқасы сайланады).

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Сәт сапар тілеп бәріңізге,

Сайысты біз басталық.

Көрсетіп өнерлеріңізді

Қалмаңыздар жасқанып.

Студенттермен ең алдымен психологиялық дайындық жасап алу керек.

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?

  • Топтасып жұмыс істеуге дайынсыздар ма?

  • Сайысуға дайынсыздар ма?

  • Ендеше бастайық.



Сайыстың негізгі шартымен, топтардың атымен, кезеңдерімен таныстырып өтейін.

2 топ қатысады: І Емдеу ісі "Б" тобы және І Мейіргер ісі"А". Әр топ 8 студенттен құралған.

І топ "Генетиктер"

ІІ топ "Биотехнологтер"

Сайыс VIІІ кезеңнен тұрады.

I кезең Таныстыру кезеңі

II кезең Менен сұрақ, Сізден - жылдам жауап (топ басшыларына сұрақтар)

III кезең Сиқырлы ұяшықтар

IV кезең Сандықшада не бар?

V кезең Құпиялы ағаш

VI кезең Зерттеушілік жоба

VII кезең Тұлғаны таны

VIII кезең Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген . Егер мен ...

Ал, енді бірінші кезеңді бастаймыз.

Бірінші таныстыруды І топ "Генетиктер" тобы бастайды.

I кезең Таныстыру кезеңі

Топ басшы: 1. Қуанышбай Айсері

Қатысушылар:

2. Халбай Меруерт

3.Базарбай Кәмшат

4. Маман Салтанат

5. Сапар Меруерт

6. Жадыра Назерке

7.Шегебай Ақжайық

8. Шорат Айтолқын

"Генетиктер" тобының

Ұраны: Білім – таусылмас кен.
Мақсаты: Жұртыңды ауыстыра алсаң да, ұлтыңды ауыстыра алмайсың.
Салтыңды ауыстыра алсаң да, халқыңды ауыстыра алмайсың.



ІІ топ "Биотехнологтер"

Топ басшы: 1. Абылай Зарина

2. Әбіш Нурилла

3.Амантай Алимұхаммед

4. Нашир Тілла

5. Қожан Бақберген

6. Рүстем Жомарт

7. Құрбан Жасұлан

8.Қозбағар Алишер



"Биотехнологтер" тобының

Ұраны: Білімнен асар байлық жоқ
Мақсаты: Ей, білімдер түзу ұста жолыңды,
Кетпе ұмытып, ойлап текпен түбіңді.



II кезең Менен сұрақ, Сізден - жылдам жауап (топ басшыларына сұрақтар). Әр топ басшы ортаға шығып , 1 минутта сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беруі керек. І Мейіргер ісі "А" тобынан құралған "Генетиктер" тобы.

1. Генетика ғылымы нені зерттейді? (тұқымқуалаушылықпен өзгергіштікті)

2.Homo sapiens сөзі қандай мағынаны білдіреді? (саналы адам)

3.Тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан - ұрпаққа хромосома құрамында болатын не арқылы беріліп отырады? (гендер)

4. Түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын, оның шыққан тегіне қарай зерттеу қандай әдіс? (генеологиялық)

5. ДНҚ – ға талдау жасау арқылы ата – анасын дәл анықтауға болатын әдіс қалай аталады? (биохимиялық)

6. Бұл әдіспен түрлі тұқым қуалайтын аурулардың таралу жиілігі зерттеледі? (популяциялық)

7. Гемофилия қандай ауру? (тұқым қуалайтын көбіне ер балалар ауырады да, әйелдер (аналар) таратады)

8. Егіздердің қандай түрлері бар? (бір жұмыртқалы және екі жұмыртқалы)

9. Ағзаның бір дене (сомалық) жасушасынан өзінің дәл көшірмесі болып шығатын ұрпақ алу қалай аталады? (клондау)

10. Қазіргі кезде адам баласы қанша нәсілге бөлінеді? (негроидтік, еуропеоидтік және монғолоидтік)

І "Емдеу ісі" Б тобынан құралған "Биотехнологтер" тобы

1. Селекция (selectio) латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (сұрыптау)

2. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтауға қандай ғалым зор еңбек сіңірді? (Н.И.Вавилов)

3. Жүгері, ұзын талшықты мақта, асқабақ, темекі, какао қандай орталықтан шыққан ? (Орталық Америка)

4.Күріш, қант қамысы, көптеген дақылдары (мәдени өсімдіктердің 50%-ы) қандай орталықтан шыққан?(Оңтүстік Азияның тропиктік орталығы)

5.Бидай, қара бидай, бұршақ тұқымдастары, зығыр, кендір, сәбіз, сарымсақ, жүзім, алхоры, алмұрт, т.б. (мәдени өсімдіктердің 14 %-ы) қандай орталықтан шыққан? (Оңтүстік -Батыс Азия).

6.Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің қанша түрлерін зерттеді? (1600)

7. Өсімдіктер селекциясында қандай әдістер қолданылады? (сұрыптау, будандастыру, эксперименттік, мутагенез)

8.Будан ұрпақтың белгі қасиеттерінің ата-анасынан артық болуы қалай аталады? (гетерозис)

9.Жануарлар селекциясында будандастырудың қандай жолдары бар? (туысты,туыстық емес, алыстан будандастыру)

10. Қазақстанда қойдың арқар-меринос тұқымын қандай ғалымдар шығарды?

(Н.С.Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Жандеркин)





III кезең Сиқырлы ұяшықтар.

1-ші ұяшық

Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) жер бетінде тіршіліктің пайда болу туралы қандай көзқараста болды? (бит-еттен, қандала-жануар шырышынан, шұбалшаң - балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды)

2-ші ұяшық

Ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626 жж.) жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қандай көзқарасы қандай? (Міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.)

3-ші ұяшық

XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626-1698 жж.) қандай тәжірибе жасады? ("Тіршілік өздігінен пайда болады" деген теорияға қарсы шықты. Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.)

4-ші ұяшық

Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) қандай тәжірибе жасады? (Ол ұшы латынның S-әріпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді)



5-ші ұяшық

А.И.Опариннің тіршіліктің пайда болуы теориясының негізгі қағидалары қандай?

1) қоршаған орта факторларының тікелей әсер етуінен бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттар түзілді; 2) түзілген органикалық заттар өзара қарым-қатынас жасай отырып, құрылысы күрделі органикалық қосылыстардың (ферменттердің) және өзін -өзі қайта қалпына келтіре алатын бос гендердің түзілуіне әсер етті; 3) түзілген бос гендер басқа да жоғары молекулы органикалық заттармен қосылды; 4) ондай жоғары молекулалы заттардың сыртында біртіндеп, нәруызды липидті мембраналар пайда болды; 5) айтылған процестердің нәтижесінде жасушалар пайда болды.

6-ші ұяшық

Қазіргі кездегі жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарас биопоэз теориясын Дж. Бернал қанша кезеңге ажыратты?

3 кезеңін ажыратты:

1) биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы;

2) биологиялық полимерлердің түзілуі;

3) мембраналы құрылымдар мен алғашқы организмдердің (протобионттардың) пайда болуы:

IV кезең Сандықшада не бар?

І топқа

          XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейде  XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда таруына III Петрдің еңбегі зор. Сандықшада не бар? (Картоп)

ІІ топқа

Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл. Одан түрлі ыдыс – аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын бұйымдар жасалынады. Әсіресе, оның басқа металдармен қоспасы өте құнды. Мұндай қоспалар әрі берік, әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңінен қолданылады. Ол таза күйінде ХІХ ғасырдың басында өндіріле бастады. Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті. Біразға дейін  мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат, сирек кездесетін зат ретінде қолданылған. Сандықшада не бар? (Алюминий)

V кезең Құпиялы ағаш (деңгейлік сұрақтар).

І -ші деңгейлік сұрақтар

1. Бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің шамамен қанша пайызы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады? (7-8%)

2. Адамда қанша хромосома бар? (46)

3. Генетикалық инженерия дегеніміз не ? (Генетика мен молекулалық биологияның қол жеткен табыстарының негізінде қалыптасқан биология ғылымының саласы.)

4. Биотехнология дегеніміз не? (Адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру.)

ІІ-ші деңгейлік сұрақтар

1. Болашақ ұрпақ үшін қандай заттарды қолдану қауіпті? (алкогольді ішу мен темекі тарту, әсіресе есірткіні қабылдау)

2. Туыстық некенің тиімсіздігі дегеніміз не? (Туыс адамдардың некелесуі дұрыс емес. Себебі ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады.)

3. Генетикалық инженерияның негізгі мақсаты қандай? (Генотип құрамындағы бір генді бөліп алып, екінші организмге апарып салу немесе ДНҚ молекуласын рекомбинациялау арқылы генетикалық бағдарламаны өзгерту, сөйтіп тіршілікті меңгерудің жаңа жолдарын табу.)

4. Микроорганизмдерден адам денсаулығы үшін қажетті қандай заттар алынады? (Көптеген ауруларды емдеуде қолданылатын антибиотиктер бактериялар мен саңырауқұлақтардың өнімі.)

ІІІ-ші деңгейлік сұрақтар

1. Клайнфельтер ауруы туралы не білесің?

Клайнфельтер ауруымен тек ер адамдар ауырады. Оның белгісі: жыныс бездері дұрыс жетілмейді, ақыл есі кем болады және аяқ – қолы шамадан тыс ұзын болады.Бұл аурудың болу себебі, жыныстық хромосомаға бір Х – тың артық қосылуына байланысты. Ауру адамның хромосомаларының жалпы диплоидті жиынтығы – 47, жыныс хромасомасы ХХУ. Дүниежүзілік санақ бойынша, 1000 ер баланың екеуі осы аурумен ауыратындығы анықталған.



2. Шершевский – Тернер ауруы туралы не білесің?

Шершевский – Тернер ауруы әйелдерде кездеседі. Мұнда жыныстық жағынан пісіп – жетіуі баяулайды, сондықтан бедеу болады әрі бойы тапал келеді. Ақыл – есі кем, ашуланшақ, жұмысқа қабілеттілігі төмен болады. Аурудың хромосомаларының диплоидті жиынтығы – 45, жыныс хромосомасы – ХО. Дүниежүзілік санақ бойынша, 1000 қыздың төртеуі осы аурумен ауыратындығы дәлелденді.



3. Даун ауруы туралы не білесің?

Даун ауруының белгісі: адамның ақыл-есі кем, бойы аласа, беті, дөңгелек, көздері қысыңқы әрі бір –біріне жақын орналасқан және кішкентай аузы үнемі жартылай ашық жүреді. Бұл ауру 21 – хромосоманың екеу емес, үшеу болатындығына байланысты. Сонда ондай баланың барлық жасушаларында 46 хромасоманың орнына 47 хромосома болады.



4. Трисомия ауруы туралы не білесің?

Х хромосоманың артық қосылуына байланысты әйелдер арасында трисомия ауруы кездеседі. Жыныстық хромосомасы - ХХХ, ал жалпы хромосомалардың саны - 47. Ауруды алып әйел деп атайты. Ауру белгілері: жыныстық жағынан пісіп жетілуі баяулайды, ақыл есі кем болады. Ер адамдарда артық Y - хромосоманың қосылуына байланысты жыныстық хромосомалары XYY болып келетін ауру кездеседі. Оны алып еркек деп атайты. Бұл аурудың белгісі: адамның бойы шамадан тыс ұзын, әлсіз, жүйке жүйесінің дамуында үлкен кемістік болады.

VI кезең Зерттеушілік жоба.

Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді, сол берілген тақырып бойынша слайд дайындап, қорғау.

1 топ: Микроағзалардың пайдасы.

2 топ: Микроағзалардың зияны.

 

VII кезең Тұлғаны таны.

  1. Мен француз микробиологімін. Ашу және шіру процестерін зерттедім. Микроорганизмдердің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдедім.  (Л. Пастер)

  2. Мен тірі организмдердің біртіндеп даму теориясының негізін салған философ әрі жаратылыс зерттеуші ғалыммын. Табиғаттың қарапайымнан күрделіге өзгеретінін дәлелдедім. (Аристотель)

  1. Мен алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысымын. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстыра зерттедім. «Зоология философиясы» деген еңбегім бар. (Ж.Б. Ламарк)

  1. Органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынның ұлы жаратылыстанушы ғалымымын.Эволюция ілімінің негізін қаладым. (Ч. Дарвин)

  2. Мен жасуша теориясын XIX ғасырдағы ашылған үш ұлы жаңалықтардың бірі деп жоғары бағаладым. Ол жаңалықтар: “энергияның сақталуы және бір түрден екінші түрге айналуы”, “жасуша теориясы”, Ч.Дарвиннің “эволюциялық ілімі”. (Ф. Энгельс)

  3. «Ұрықтық ұқсастық» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеп, эмбриология ғылымының негізін қаладым  (К.Бэр)



VIII кезең Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. Егер мен ...

1 -ші топқа "Егер сіз Табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда ..."

2-ші топқа "Егер сіз Денсаулық сақтау министрі болсаңыз, онда..."



Қорытынды. Марапаттау.

Азығы бір күнге жететін айламен емес,

Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!

Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Үздік биологтар" сайысы

Автор: Молдабекова Құрбанкүл Тұрсынбайқызы

Дата: 26.01.2020

Номер свидетельства: 537390

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Білгір биологтар "
    ["seo_title"] => string(18) "bilghir-biologhtar"
    ["file_id"] => string(6) "174045"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424083836"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Та?ырыбы:   Озы? ойлы тап?ырлар"
    ["seo_title"] => string(25) "takyrybyozykoilytapkyrlar"
    ["file_id"] => string(6) "327997"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463546505"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства