kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыныс алу Жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылған сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылған сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу Жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылған сабақ»

Солтүстік Қазақстан облысы

М.Жұмабаев ауданы

«Қарақоға орта мектебі»




7.1. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері.

Сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді сабақ Мектеп: КММ «Қарақоға орта мектебі»

жоспардың тарауы: 7.1.Тыныс алу. Мұғалімнің аты -жөні: Джаманбаева Акнур

Адылбековна

Күні:

Сынып: 7 Қатысқандар: 18 Қатыспағандар: 0


Сабақтың тақырыбы:

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері(бунақденелілердің демтүтіктері, балықтардың желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.4.4. - омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

-тыныс алу үрдісі мен маңызын біледі;

Басым бөлігі:

-жануарлардың тыныс алу мүшелерінің құрылысындағы ерекшеліктері тіршілік ету ортасына бейімделу барысында түзілгенін түсінеді және салыстыра алады;

Кейбір оқушылар:

-омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу мүшелерінің құрылысын сипаттайды; тыныс алу үрдісінің жүру заңдылықтарын талдайды, саралайды, дәлелдейді

Бағалау критерийі

  • Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу мүшелерін анықтайды;

  • Жануарлардың тыныс алу мүшелерінің ерекшелігін салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: желбезек, демтүтік, диффузды тыныс алу, қосарлы тыныс алу, диафрагма, өкпе.

Диалог құруға арналған сөзтіркестер:

-Қосарлы тыныс алу дегеніміз-……..

-Диффузды тыныс алу-....................

-Ауа өтетін жол ............. ........... ........... қамтамасыз етеді.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият негізінде іске асырылады.

Топта бірлесе жұмыс жасау арқылы оқушы бойына бәсекеге қабілеттілік пен сыйластық, ауызбіршілікті дарыту

Пәнаралық байланыс

Физика, химия, медицина,

ағылшын тілі –смайликтер арқылы бағалау кезініңде.

Дағдылар

Білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез

Алдыңғы білім

Өсімдіктердің тыныс алуы. Фотосинтез.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ынтымақтастық орта қалыптастыру: «Мен тілеймін саған» тренингі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(семантикалық карта толтыру)

Үдеріс

Тыныс алу

Фотосинтез

1

Қандай жасушада жүреді?



2

Жұтылатын газ?



3

Шығарылатын газ?



4

Органикалық зат қандай өзгеріске ұшырайды?



5

Күннің қай кезінде жүреді?



6

Үдеріс барысында энергия қандай өзгеріске ұшырайды?





Дескриптор

Оқушылар өсімдіктерде жүретін тыныс алу және фотосинтез құбылыстарының ерекшеліктерін анықтап , жүретін үдерістерін салыстырмалы түрде сипаттай алады.


Оқушылар өз жауаптарын мұғалімнің берген дұрыс жауабымен салыстырады, нәтижеге сүйеніп кері байланыс жасайды.


Кері байланыс: (түрлі түсті стикерлер арқылы)

- өткен тақырыпты түсіндім, мақсатқа жеттім.

- сабақ тақырыбын жартылай түсіндім.

- түсінбедім.


ІІІ. Алдын -ала орындықтарына жабыстырылған түрлі түсті стикерлер бойынша 3 топқа бөлінеді.

ІҮ. «Ой – қозғау»

Мәселелік сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу


күн энергиясы

6CO2+6H2O C6H12O6+6O2 осы үдеріске қарама қарсы бағытта жүретін құбылыс қандай? (оқушылар: тыныс алу)

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу мүшелері»

БББ кестесін толтыру арқылы сабақтың мақсатын айқындаймыз.

Б (мен не білемін?)

Б (менің не білгім келеді?)

Б (мен не білдім?)






Семантикалық карталар (әр оқушыға), түрлі түсті стикерлер, БББ кестесі












































Сабақтың ортасы



























































1 тапсырма.

Сөйлемді толықтыр.

А) Диффузиялық тыныс алатын жануарлар.............

Ә) Су жануарларының тыныс алу мүшелері .............................

Б) Желбезектік тыныс алуға мысал келтір..........

В) Омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері екі типті .................. және ..............

Г)Құстардың тыныс алу жүйесіндегі ерекшелік .......... ............ болады.

Ғ) Сүтқоректілерде ..................... пайда болған, ол кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрады.


Дескриптор

-диффузиялық тыныс алу түсінігіне сипаттама бере алады;

-жануарлардың тіршілік ету ортасына байланысты тыныс алу ерекшеліктерін сипаттай алады.

Кері байланыс: «Смайликтер» тәсілі.




2 тапсырма.

«Суреттер сөйлейді». Сурет бойынша топта жануарлардың тыныс алу типтерін анықтап, жауаптарын өз парақтарына жазып алады және келесі топқа беріп жібереді

І топ: « Жәндіктердің»

ІІ топ «Балық пен бақаның»

ІІІ топ «Құстар мен сүтқоректілердің»



Дескриптор

-омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу типтерін анықтай алады;

-тыныс алу мүшелерінің орналасу ретін көрсете алады;

-тыныс алу мүшелерінің құрылысындағы ерекшеліктерін ажыратады;


Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі

«Бас саусақ» мен үшін ең құнды мәлімет;

«Балалы үйрек» топта қалай жұмыс істедім, кімге көмектестім?

«Ортан терек» қандай білім мен тәжірибе алдым?

«Шылдыр шүмек» тапсырма маған ұнады ма? Неліктен?

«Кішкентай бөбек» мен тапсырманы орындау кезінде өзімді қалай сезіндім? (көңіл күйім)


3 тапсырма.

І деңгей (барлық оқушылар үшін)


А) Тынысалу дегеніміз не?

Ә) Тыныс алу үрдісінің маңызы неде?


ІІ деңгей (басым бөлігіне )


А)Неліктен желбезек су мекендеушілерінің тыныс алу мүшесі болып табылатынын түсіндір. Желбезек қандай бөлімдерден тұрады және және қандай қызмет атқарады?

Ә) Жәндіктер мен құстар, ұшатын жануарлар үшін қандай ерекше тыныс алу мүшелері тән?


ІІІ деңгей(кейбір оқушылар үшін)


А) Неліктен құс ұшқан кезде тұншығып кетпейді?

Ә) Тыныс алу мүшелері эволюциясының сызбасын құрастыр.


Дескриптор

Барлық оқушылар:

-тыныс алу үрдісі мен маңызын сипаттай алады;

Басым бөлігі:

-тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктерін түсінеді;

-омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыра алады;

Кейбір оқушылар:

-құрылысына байланысты атқаратын жұмысына талдау жүргізе алады;


Кері байланыс: «Табыс сатысы»


Сергіту сәті: «Терезеден кірген көбелек» (көзге арналған жаттығу)

сөйлемдер жазылған парақтар, смайликтер, омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу жүйесі бейнеленген суреттер, маркерлер, стикерлер, АКТ



Тапсырмалар орындау барысында «Сұраныс бойынша аялдама» тәсілі арқылы оқушыларда туындайтын сұрақтарға мұғалім жауап беріп отырады.




(осылайша үш топ барлық жануарлардың тыныс алу типі мен жүйе құрылысын меңгереді, өздігінен білім алып, бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады)

Сабақтың соңы



























Бағалау.

Бекіту: 4 тапсырма.Тақырыпты пысықтау.

Дұрыс жауап жанына «+» белгісін қойып, кестені толтыр.

Жануарлар

Тыныс алу

Диффузды

Желбезекті

Демтүтікті

Кеңірдекті-өкпелі

өкпелі

1

Буылтық құрттар






2

Су шаяны






3

Зауза қоңызы






4

Өрмекшілер






5

Балықтар






6

Құрбақа






7

Ит






8

Гидра







Интербелсенді тақтаға дұрыс нұсқасын шығарып, оқушылар өз жауаптарымен салыстырады, кері байланыс жүргізеді.


Дескриптор

Оқушылар әр түрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу түрлерін ажырата алады.


Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі


Оқушылардың тақырыпты игеру деңгейін көрсету мақсатында орындалған тапсырмалары және кері байланыстарын саралап, мұғалім бағалайды.

Үй жұмысы:

1) Мазмұнын оқу.

2) Венн диаграммасына омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу типтерін салыстырмалы түрде толтырып келу.

Рефлексия:

«5-5-1» тәсілі.

оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартып, сол түйінді сөзімен бүкіл сыныппен бөліседі.

Кесте, АКТ, стикерлер

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқу үлгерімі төмен оқушыларға тақырып бойынша қажетті ақпарат жазылған үлестірме материалдар, карточкалар беріледі.

Барлық оқушылар:

-тыныс алу үрдісіне анықтама бере алады, тірі ағзалар үшін маңызын түсінеді;

Басым бөлігі:

-жануарлардың тыныс алу мүшелерін ажыратып, салыстыра алады;

Кейбір оқушылар:

-омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу мүшелерінің құрылысын салыстырып сипаттайды, тыныс алу үрдісінің жүру заңдылықтарын талдайды, саралайды, дәлелдейді

Оқушылардың тақырыпты игеру деңгейін сабақ барысында, кері байланыс пен бағалаудың кейбір түрлері арқылы анықтаймын.

Олар:

-Мұғалімнің ауызша бағалауы

-Топтық бағалау:

-өзін -өзі бағалау

- түрлі түсті стикерлер;

-смайликтер;

-«Екі жұлдыз, бір тілек»;

- «Табыс сатысы»;

-«Бес саусақ»


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәті «Терезеден кірген көбелек» (көзге аралған жаттығу)


Биология сабағындағы қауіпсізідік техникасының ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немес оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізеді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау





Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)


1:




2:




Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тыныс алу Жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылған сабақ

Автор: Джаманбаева Акнур Адылбековна

Дата: 22.02.2018

Номер свидетельства: 459003

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "М?тінні? ?зіндісін ерекшелеу. ?аріп. Абзацты пішімдеу"
    ["seo_title"] => string(60) "m-tinnin-uzindisin-ieriekshielieu-k-arip-abzatsty-pishimdieu"
    ["file_id"] => string(6) "316613"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460120583"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства