kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспарлар жинағы: ашық сабақ, коучинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-сыныпта биологиядан ашық сабақ өтті. Аудан көлемінде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспарлар жинағы: ашық сабақ, коучинг»

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Ниязова Ғалия Серікқызы

№166 қазақ орта мектебі

Жаңақорған ауданы

Қызылорда облысы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Сендер қалай білім берсеңіздер Қазақстанның болашағы сол деңгейде болады» деп, ұстаздар қауымын сапалы білім беріп, саналы ұрпақты тәрбиелеуге шақырып отыр. Өйткені, нәтижеге бағытталған білім - оқушының болашақта бір кірпіш болып қалануына жол ашады.

Қазіргі таңда оқушының білім алуына, мұғалімнің де үздіксіз білім көтеруіне, жұмысының сапалы, әрі нәтижелі болуына жан-жақты жағдайлар жасалынған. Себебі, бүгінгі талап - оқушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпаратты құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулыту. Оқушының ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы тиянақты болады. Мұғалім оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға мүмкіндік туды. Осы тұрғыдан алғанда мұғалім білім жолында үнемі ізденісте болып, білімін шыңдап отыру, өзге әріптестерімен үнемі байланыста болу – кәсіби дамуына мүмкіндік береді. Біздің тың өзгерістеріміз оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуына, өзін-өзі және бір-бірін бағалауға, өз ойын ашық айтуға бағытталған. Жақсыдан ғибрат ала білгеннің ісі оңға басады» деп Қожа Ахмет Иассауи айтқандай, 3 айлық курстан алған білімімді әріптестеріммен бөлісіп, курстың маңыздылығын коучинг арқылы жеткізіп, кейінгі сабақтарында олар тәжірибелерінде іске асырып, сәтті сабақтардың туындауына жол ашты. Әсіресе оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасағаны, коллаж, постер арқылы ой қорытулары, шаттық шеңберлері, мозайкалық оқыту, сергіту сәттері баланың жан-жақты дамуына, жаппай сабаққа қатысуына, пәнге деген қызығушылығының туындауына жол ашты.

Адам өз өмірінің мәнділігін, толыққандылығын тек басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы өлшейді. Мектепте ұстаздар мен оқушылардың бір-біріне деген сенімділігі, түсініспеншілігі, белсенділігі, т.б. артып, ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттері артады. Үнемі диалог орнату арқылы төмендегі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуына, ізденуіне, шығармашылығының шыңдалуына жол аштым.

1.Мозайкалық оқыту әдісі

2.СТО технологиясының

әдіс-тәсілдері,

3.АКТ

4. Топқа бөлу әдістері, топтық жұмыстар

5. Сергіту сәттері

6. Автор орындығы

7. Бағдаршам,

8. Постер

9.Коллаж,

10.Сұрақ-жауап.

Қазіргі талап – үздіксіз білім алу, білім шыңдау. Ұстаз қашанда ізденіп, заман ағымына қарай өзгере отырып жұмыс жасаса, оның еңбегі жемісті болмақ.

Сабақта жас ерекшелікке сәйкес оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, соның ішінде оқуға деген қабілеті мен зейінін, сөз сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін қалыптастыруды алға қойған жөн. Оқушылардың жеке сұраныстарын, дамуы мен мүддесін әр сабақта ескере отырып, ойын еркін айтуға, пікірімен санасуға мүмкіндік береміз.

Мектебімде үнемі әр сабағыма жаңалық енгізе отырып сабақтарымды өткіздім. Шынында да, оқушы бойында білімге деген құштарлық, өздерін еркін ұстау, ойын ашық айту, бір-біріне деген оң көзқарастың қалыптасуы байқалды.

Курстан алған білімді қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында игі жұмыстар жасалды. Сабақта СТО технологиясының әдістері, АКТ, дарынды және талантты оқушыларды дамыту, көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, т.б.

Өз тәжірибемде оқушылардың еркін сөйлеуі, ойын ашық айтуы, бір-бірінің пікірін құрметтеуі үшін әрекет жасай отырып, сөз байлығын және ой өрісін кеңейту үшін, шығармашылық қабілетін арттыру және пәнге қызығушылығын арттыру үшін жұмыстар ұйымдастырдым, әрі қарай алдағы уақытта да жалғастыруды басты міндеттерімнің бірі деп ойлаймын.


Коучинг тақырыбы:

Сабақта инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық әрекетін арттыру

Мақсатым: Танымдық дамыту арқылы оқушылардың оқуға деген қабілетін, шығармашылығын арттыру, өздігінен білім алуын ұйымдастыру.

Міндеттерім:

  • Оқушылардың жас ерекшелікке сәйкес танымдық қабілетін дамыту;

  • Оқушылардың белсенділігін топпен, жұппен жұмыс арқылы арттыру;

  • Оқушылардың өздігінен білім алуына жол ашу, қызығушылығын ояту арқылы пәннің деңгейін көтеру.

Болжамым:

  • Егер де мен оқушылардың шығармашылық қабілетін, белсенділігін топ, жұп арасында арттыра алсам танымдық дамуы жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін.

  • Егер де мен оқушылардың өздігінен білім алуын қалыптастыра алсам, олар өз білімін анализдеуі, ой қорыта алуы мүмкін.

Осы тақырып аясында не істей аламын?

  • Сабақтарымды дұрыс ұйымдастыру, жоғарыда айтылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру.

«Ғылым-білімнің бірінші пайдасы – мінез түзету»

(ынтымақтастық атмосферасы) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы


І. Атмосфералық ахуал орнату

«Өзіңізге тілегенді –басқаларға тіле»

Әр қатысушы өзіне арнап қағаз бетіне тілек жазады. Оны қасындағы жолдасына сыйлайды. Әркім оқып, сынып ішінде жақсы атмосфера орнайды.

Бақыттың кілті достықта,
Достықтың кілті халықта

ІІ. Топқа бөліну

«Ән арқылы бөліну»

Әр қатысушыға жеке өлең жолдары беріледі. Сыныпты аралай отырып, олар өлең шумағын құрастыру арқылы топтарға бірігеді. Өлеңді әнімен айтып береді.

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Нұрсұлтан Назарбаев

(топтық жұмыстар жасалынады)

ІІІ. Жағдаяттарды бірлесе шешейік.

1 жағдай І топқа

Оқушы енжарлығы

Сылтау:

  1. Мұғалім тек бір оқушыдан сұрай береді.

  2. Сұрақтарға «бәрінен де жақсы» жауап беретін оқушыларды таңдайды.

  3. Мұғалім «дұрыс жауапты күтеді» және басқа жауапты қабылдамайды.

  4. Марапаттамайды, тек қана «дұрыс емес» жауаптарға ескертпе жасалады.

2 жағдай ІІ топқа

Жалпы сыныптық талқылауда оқушылар бір-бірін тыңдамайды және сөздерін бөледі.

Сылтау:

  1. Талқылауда ережелер дұрыс түсіндірілмеген.

  2. Ережелер дұрыс түсіндірілген, бірақ оқушылар оны қолданбайды.

  3. Мұғалім бір мезгілде екі оқушының жауап беруіне мүмкіндік береді.

3 жағдай ІІІ топқа

Сыныпта мұғалімнің үстемдігі

Сылтау:

  1. Мұғалім өзінің жеке көзқарасын айтады.

  2. Мұғалім өзінің дұрыстығына сенімді.

  3. Мұғалімнің жұмысы оқушылардың дәлелдемелер жасауымен байланысты.

  4. Талқылау процесі бағаланбайды.

  5. Мұғалім бұдан оқушының енжарлығын альтернативті түрде көреді.

4 жағдай ІҮ топқа

Оқушылар өздерінің назарын мазмұнына сай емес, өздерінің сыртқы презентацияларының безендірілуіне аударады.

Сылтау:

  1. Мұғалім жұмыстың жүргізілуін қадағалап, оқушының безендіру кезінде өзінің идеяларын дәлелдеуді талап етеді.

  2. Мұғалім презентациясының сыртқы безендірілуінің сапалы екенін күтеді. Мұғалім мазұнын бағаламаса, проблема тереңдейді.

  3. Өз уақытында қажет бұйымдарын, ватман, маркер,т.с.с. тарату жүргізілмейді.

  4. Оқушыларға түсініксіз, неге олар бұл бұйымдарын дайындайды және оның сапасы не үшін керек.

«Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес» (инклюзивті білім беру, саралап оқыту).

Мұхтар Әуезов

ІҮ. Бейне үзінді арқылы ой қозғау

Әріптестеріме бейне үзінді тамашалатамын.


Сұрақ:

Өздеріңізге көп салмақ салмай, оқушының сапалы да саналы білім алуы үшін қандай әдістер маңызды? (Әр топ арасында талқылануы қажет)

Өз ойларын топ арасында талдап, постер жасайды, ортаға шығып қорғайды. (әуен үнімен жұмыс жасайды)

Ү. Сергіту сәті

ЕКІ ҚОЛДЫ ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРУ . Мидың екі жарты шарын жұмысқа жұмылдыру үшін жасалынған жаттығу.

Ү. Суретке қатысты ой.

І топқа тапсырма:

Дінмұхамед Қонаев:

Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден

жалықпау мен үйретуден аянбау

(Үздіксіз білім алу)

В.А.Сухомлинский

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

ІІ топқа тапсырма:

Мұхтар Әуезов:

Алдынғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?! (тәлімгерлік)

ІІІ топқа тапсырма:

Жүсіпбек Аймауытов

Жанның тәрбиеленетін үш түрлі сипаты бар: ақыл, сезім, қайрат (танымдық, эмоционалдық, ынталандырушылық).


ІҮ топқа тапсырма:

Абай Құнанбаев

Күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? (Рефлексия)


Әр сөздің тобықтай түйіні бар:

(топтың ойын білу керек)

Олжас Сүлейменов

Адамның рухани ізденіс-сілкіністері

үш-ақ сауалдың аясына сияды:

1) не біле аламын (теория)

2) не істеуім керек (практика)

3) үміт артарым не? (рефлексия)

Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне жағдайлар жасауға тырысамын.

А.Эйнштейн

ІХ. Бағалау.

Интербелсенді тақтадан чемодан, ет турағыш, себет суреттерін көрсетемін. Әр топ өзара келісе отырып, сабаққа қатысты ойларын білдіреді.























Ниязова Ғалия Серікқызы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №166 қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар. 8 сынып


Сыныбы: 8-сынып

Пәні: биология

Тақырыбы

Сүйектер, бұлшықеттер, сіңірлер – тірек-қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері


Сілтеме

Жоспар

Мақсаты

Тірек-қимыл жүйесінің құрамдас бөліктерін анықтап, оның ағзадағы маңызын қарастыру;

Жұппен жұмыс жасауға дағдыландыру және білімдерін өмірмен байланыстыру; Оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік жұмысқа баулу.

Оқу нәтижесі:

Берілген білімді өмірде қолдана алады,өз денсаулығына жанашырлықпен қарауға үйренеді.

Салыстыра біледі, анализдейді, ой қорыта біледі

Түйінді идеялар:

1) Жұптық жұмыс оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, ойын ашық айтуға, өзін және сыныптасын бағалауға жетелейді, белсенділігін арттырады.

2) Сабақ үстінде баланы ынталандырып отыру оның сыныптасына және ұстазға деген көзқарасын өзгертеді.

3) Сынып оқушыларын үнемі алмастырып отыру арқылы қарым-қатынасы жақсарып, бір-біріне деген сенімі артады.

4) Әр сабаққа жаңалық енгізу жұмыс тиімділігін арттырады.

Жаттығулар:

Сергіту сәті

2. Жұппен жұмыс істеу

3. Жұптық жұмысты бақылау және бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Екі қолды жұмысқа жұмылдыру арқылы миының жұмысын жақсартады.

Оқушылар берілген жұмбақ шешімі арқылы жұптарға бірігеді.

Тірексызба, кесте толтырады. Суреттер салады.

Бір-бірін бақылайды, бағалайды. Сауалнама толтыру арқылы сабақта алған әсерін жазады.

Дереккөздер:


Оқулық, интербелсенді тақта, таратпа материалдар, стикерлер

Сауалнама, қалыптастырушы бағалау кестесі

Оқуға арналған тапсырма:

Интербелсенді тақта

Таратпа материалдар

Таратпа материалдар, оқулық.


Уақыты

Стратегиялар

Ресурсы

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

3 м

Диалог


Ұйымдастыру «Сыйлық тарту». Қимыл арқылы бір-біріне сыйлық тарту ету тапсырылады. Сыныпта көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырамын.

Кезекші сынып жайында ақпар береді.

Шаттық шеңбері. Әр оқушы көршісіне қимыл арқылы сыйлық тарту етеді.


Диалог


Постер


Оқушыларды жұмбақ жасыру арқылы жұптарға біріктіремін. Жұп атын құрғызып, ереже шығартамын.

Жұмбақ жауабы арқылы жұптарға бірігеді. Өз жұбына ат қойып, ереже ойластырады. Қорғайды.

Сыни ойлау

Диалог

Зерттеу-ге арнал-ған заттар

Оқушыларға түрлі заттарды көздерін байлау арқылы зерттеуге тапсырамын.

1 топқа:алма, лимон, мандарин

2 топқа: жаңғақ, доп, сызғыш

3 топқа: түрлі дыбыстар. Машина, су ағысы, сағат тықылы, есік

Жұптар берілген заттарды сезім мүшелерін қатыстыра отырып, жан-жақты зерттейді.


Диалог

Сұрақ-жауап


Жұптарға тақырыпқа сай бір-біріне сұрақ-жауап алмасуға шақырамын.

«Сен-маған, мен-саған» ойыны.

Жұптар сұрақ-жауап алмасады. Әр жұп бір сұрақтан дайындап, бір-бірін бағалайды.

15м

Сыни ойлау

Диалог

АКТ





Оқулық, интербелсенді тақта

ноутбук

кесте

суреттер

Әр жұпқа түрлі тақырыптағы бейнеүзінділер көруді тапсырамын. Өзара талдап, ой қорытады. Өз тұжырымын келесі жұптарға ұсынады. ЖАДА әдісімен қажет болса көмектесемін.

Ашық сұрақтар беріп, оқулықпен жұмыс жасау арқылы білімдерін толықтыртамын.

Оқушыларға сұрақтармен қатар коллаж жасау үшін қосымша суреттер беремін.

Әр жұп бастапқы берілген тапсырманы мұқият орындап, бір-бірін бағалайды.

1 жұпқа: Тірек-қимыл жүйесінің бөлімдері.

2 жұпқа: Сүйектердің қозғалысы.

3 жұпқа:Тірек-қимыл жүйесінің құрамдас бөлімдері

Ашық сұрақтар беріп, оқулықтағы тақырыпты оқу арқылы білімдерін толықтырады.



Өз тапсырмаларын оқулықты, берілген таратпа материалдарын қолдана отырып, жұп ішінде орындап, қорғайды.





1 топқа:

1.Тірек-қимыл жүйесінің маңызы қандай?

2.Бас қаңқасының құрылысын атаңдар.

3.Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

4.Қол сүйектерін атаңдар.

5.Аяқ сүйектерін атаңдар. Суретке қарап қандай сүйек түрін көргеніңді баянда

2 топқа:

Сүйектердің қандай

байланысын білесіңдер?

Адам ағзасының қай

жерінде кездеседі?





3 топқа:

Сұрақ – жауап:

Ерекшелігі

Сүйектер


Бұлшықеттер

Буындар

Маңызы




Саны




Түрлері




Байланысы




Қандай ұлпадан тұрады?










Сергіту сәті


А4 форматы қағазы,

қалам

«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» ойыны. Қолдарына екі қалам ұстатып, кезекпен төмендегі тапсырмаларды орындауды тапсырамын.

1.Оң қолмен 3 үшбұрыш, сол қолмен 3 төртбұрыш.

2.Оң қолмен 3 шеңбер, сол қолмен 3 үшбұрыш салу

3.Оң қолмен атыңды, сол қолмен фамилияңды жаз.

Оқушылар екі қолына екі қалам, қағаз алып, берілген тапсырмаларды орындайды. Көбіне оң қолмен жазу жазғанда мидың сол жағы ғана жұмыс істейді. Ал бұл жаттығу мидың екі жағын жұмысқа жұмылдырады.

5 м

Сыни ойлау


Оқулық

Көрсеті-лім

Оқушылар назарына дене қимылдары бар бейнеүзінді тамашалатамын.

Семантикалық карта толтыртамын. Анаграмма арқылы жаңа ұғымдарды анықтайды.

Қозғалыстың қалай жасалатынын көріп, өз ойларын ұсынады.

Семантикалық карта, анаграмма арқылы алған білімдерін жинақтайды.

Сауал-нама

Кесте

Сабақта алған әсері

Сабақ соңында сауалнама жүргіземін. Сол арқылы сабақ нәтижесін, алдағы уақытқа жоспар жасаймын.

Оқушылар берілген сауалнамаға жауап беру арқылы сабақтан алған әсерін жазады.

Рефлек-сия

Бағалау


Оқушыларға сабақ басында берілген критерийлер бойынша талдау жасайды.Өзін және өз жұбын бағалайды. Соңынан жинақтаушы баға қойылады.

Берілген критерийлерді пайдаланып өзіне, жолдасына баға қояды.




Үйге тапсырма

П. 22 оқу. Кез келген ағза бөлігіне 5 жол өлең жазу

Оқушылар үй жұмысын күнделікке жазып алады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақ жоспарлар жинағы: ашық сабақ, коучинг

Автор: Ниязова Галия Сериковна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 387067

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "К?шбасшы м??алімні? мектепті дамыту жоспары"
    ["seo_title"] => string(44) "koshbasshymugalimninmiektieptidamytuzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "285159"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454091988"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства