kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Муканова Гульбану Мукашевна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Топтар «5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін тірі ағзалардың суреттері бар ағзалардың қоректенуіне байланысты үш топқа топтастыру арқылы көрсетеді. Ағзалардың қоректену типтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Муканова Гульбану Мукашевна»


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп: Ғ.Қайырбеков тындағы №9 орта мектебі

Мерзімі: 18.02.2020ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Муканова Гкльбану Мукашевна

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тірі ағзаларға тән үдерістер

Осы сабақта қол жеткіз оқу мақсаттары

6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • тірі ағзалара тән үдерістерді анықтау;

  • ас қорыту мүшелері реті мен атқаратын қызметтерін сипаттау.

Бағалау критерийлері:

1. Тірі ағзаларға тән үдерістерді атайды;

2. Адамның ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін анықтайды;

3. Ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Ас қорыту мүшелерінің орналасу реті мен, мүшелердің атқаратын қызметі туралы жазбалар жасап, есеп дайындай алады

Пәнге тән лексика мен терминология: қоректену, ас қорыту, тыныс алу, көбею, ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, (ұлтабар – он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек (соқыр ішек, тік ішек, аналь тесігі)

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Барлық тірі ағзаға..., ..., ..., ... және ... тән. Ауыз қуысында қоректік зат..., өйткені… Асқазанда ..., өйткені ... Ащы ішекте ас..., өйткені... .

Құндылықтарды дарыту


Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.

Пәнаралық байланыстар

Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі. Немесе Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады.

Бастапқы білім


Оқушылар 5 – ші сыныпта тірі ағзаларға тән қастеттермен танысты. Оқушылар тірі ағзаларға тән қастеттерді атай алады, ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында тірі ағзаларға тән қастеттерді сипаттау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
















1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Топтар «5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін тірі ағзалардың суреттері бар ағзалардың қоректенуіне байланысты үш топқа топтастыру арқылы көрсетеді. Ағзалардың қоректену типтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Дескрипторлар Оқушы

Ағзаларды топтастырады;

Қоректену типтерін анықтайды;

Қоректену типтерінің ұқсастықтары мен айырмашылық тарын анықтайды.

2. Ой шақыру.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1














Сабақтың ортасы




























4. «Нысана» әдісі. Оқушылар адам денесі кескініне мүшелердің атауы жазылған карточкаларды (ауыз, өңеш, асқазан, (ұлтабар – он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек (соқыр ішек, тік ішек, аналь тесігі) орналастырады.

Адамның ас қорыту жүйесі астың қорытылуын (физикалық және химиялық өңдеу арқылы), ыдырау өнімдерінің қанға сіңірілуін және өңделмеген қалдықтардың шығарылуын жүзеге асырады. Ас қорыту жүйесі асқазан-ішек жолы және көмекші мүшелерден тұрады.

5. Мұғалімнің түсіндірмесі. Ас қорыту жүйесін шартты түрде үш бөлімге бөледі.  Алдыңғы бөлім ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештен тұрады. Бұл жерде, негізінен, астың механикалық өңделуі жүреді. Ортаңғы бөлім асқазан, аш және тоқ ішектен, бауыр мен ұйқы безінен тұрады, бұл бөлімде, негізінен, астың химиялық өңделуі, оның ыдырау өнімдерінің сіңірілуі және қалдық массаның жинақталуы жүреді. Артқы бөлім тік ішектің артқы тесік бөлігі болып табылады және ағзадан зәрдің шығарылуын қамтамасыз етеді.

6. Топтық жұмыс. «Кубизм» әдісі арқылы жүргізіледі.

1 топ: Суреттеу. Асқорыту мүшелерін орналастрады.
2 топ: Талдау. Астың қорытуын зерттеу әдістерін ұсынады.

3 топ: Зерттеңіз. Тістің ас қорытуға қатысуын дәлелдейді.

4 топ: Дәлелдеу. Ауызға келіп түскен тағамның қорытылуын дәлелдейді.

5 топ: Салыстыру. Астың механикалық және химиялық қорытылуын салыстырады.
6 топ: Қорытындылау. Ауызға келіп түскен қоректің ағза пайдалана алатын компоненттерге ыдырау және сіңірілу үрдістері екендігін сипаттайды.

Дескрипторлар Оқушы

- Асқорыту мүшелерінің ретін анықтайды;

- Астың қорытуын зерттеу әдістерін анықтайды (ұнтақталу, ыдырау, сіңірілу, бөліп шығарылу);

- Тістің ас қорытуға қатысуын анықтайды (механикалық өңделу);

-Ауызға келіп түскен тағамның қорытылуы анықтайды;

-Астың механикалық және химиялық қорытылуын сипаттайды;

-Қоректің ағза пайдалана алатын компоненттерге ыдырау және сіңірілу үрдістерден тұратынын түсіндіреді.

Мұғалім кері байланыс береді.

8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар «Сәйкестендір» тапсырмасын орындайды. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, қате тәртіпте берілген ас қорыту жүйесінің негізгі мүшелерінің атаулары және атқаратын қызметтерін дұрыс реті бойынша жазып, әр мүшеде өтетін үдеріспен сәйкестендіреді.

Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.

Қосымша 2













Қосымша 3













Қосымша 4

Кубик








Қосымша 3




Сабақтың соңы:

37-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Нысана» әдісі

Қосымша 5







Қосымша 1

Тірі ағзалар

Қосымша 2

«Нысана» әдісі

ауыз, өңеш, асқазан, (ұлтабар – он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек (соқыр ішек, тік ішек, аналь тесігі)




Ас қорыту мүшелері

АУЫЗ

Астың ұнтақталып, сілекеймен шылануы

ЖҰТҚЫНШАҚ

Өңешке өткізу

ӨҢЕШ

Ырғақты жиырылу арқылы келесі бөлімге өткізу

АСҚАЗАН

Астың қарын сөлі әсерінен ыдырауы

АЩЫ ІШЕК

Қоректік заттардың қанға сіңірілуі

ТОҚ ІШЕК

су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады



Қосымша 3


Мәтін «Ас қорыту жүйесі»


Ас қорыту жүйесін шартты түрде үш бөлімге бөледі.

Алдыңғы бөлім ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештен тұрады. Бұл жерде, негізінен, астың механикалық өңделуі жүреді. Ортаңғы бөлім асқазан, аш және тоқ ішектен, бауыр мен ұйқы безінен тұрады, бұл бөлімде, негізінен, астың химиялық өңделуі, оның ыдырау өнімдерінің сіңірілуі және қалдық массаның жинақталуы жүреді. Артқы бөлім тік ішектің артқы тесік бөлігі болып табылады және ағзадан зәрдің шығарылуын қамтамасыз етеді.

https://bilimland.kz/kk


Қосымша 4





Қосымша 5




Кері байланыс «Нысана»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Муканова Гульбану Мукашевна

Автор: Муканова Гульбану Мукашевна

Дата: 22.02.2020

Номер свидетельства: 540712

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Муканова Гульбану Мукашевна"
    ["seo_title"] => string(27) "mukanova_gulbanu_mukashevna"
    ["file_id"] => string(6) "540710"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1582388919"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства