Бұл сайыс сабақ 6-7 сынып оқушыларына арналып жасалған. Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін бекіту, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында құрылған сабақ.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
10. Ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым? (микробиология)
ІІ кезең. «20 сөзді есіңде сақта» . 1 минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді есте сақтап параққа жазу ұсынылады.(Қанша сөз жазылса, сонша ұпай беріледі)
Үй 11. жалбыз
орман 12. тұқым
жаңбыр 13. ұя
күнбағыс 14. алма
су 15. қоян
ауа 16. құлпынай
бақа 17. кептер
жапырақ 18. емен
шегіртке 19. жеміс
10.күн 20.мүйізтұмсық
ІІІ кезең «Артық төртіншіні тап» Бір атаудың басқа 3 атауға тән қасиеті жоқ. Сол атауды анықтау қажет. ( әрбір дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі)
Қауын, қарбыз, шабдалы, асқабақ.
Бөдене, кесіртке, қарлығаш, торғай.
Қайың, теңгежапырақ, қарағай, үйеңкі,
Фотосинтез, оттегі, су, көмірқышқыл газы.
Шыбын,шегіртке, дәуіт, итшабақ.
Баклажан,алхоры, апельсин, құрма,
Тасбақа, сілеусін, қасқыр, аю.
Адыраспан, тораңгыл, жусан, жантақ.
Бекіре, акула, дельфин, скат.
Бүркіт, сұңқар, қаршыға, аққу.
ІҮкезең . Логикалық ойындар. Дұрыс жауап берген оқушы жұлдызша алады.
Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма болды? (қайыңда алма өспейді)
Бала аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы нешеу? (0000).
5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алып, бірақ 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен қосып алады).
Ү кезең. Тест сұрақтары: (қанша жауап дұрыс болса сонша ұпай беріледі)
1. Өсімдіктердің көбею мүшесі?
А) жапырақ Ә) тамыр
Б) гүл В) сабақ
2. Киіктің төлін не деп атайды?
А) көгілдір Ә) марғау
Б) құралай В) алан
3. Тірі ағзалардың бір-бірімен селбесіп тіршілік етуі:
А) регенерация Ә) адаптация
Б) симбиоз В) мимикрия
4.Вирустар қоздыратын ауру:
А) тымау Ә) Іш сүзегі
Б) оба В) ботулизм
Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс:
А) тыныс алу Ә) хемосинтез
Б) фотосинтез В) ыдырау
6.Дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайтын ұлпа:
А) дәнекер Ә) эпителий
Б) жүйке В) бұлшықет
7.Өрмекшінің неше жұп аяғы болады?
А) 4 жұп Ә) 3 жұп
Б) 2 жұп В) 5 жұп
8. Организмнің ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілеті:
А) бейімделу Ә) иммунитет
В) көбею В) фагоцитоз
9. Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген құс:
А) қарлығаш Б) пингвин
Б) реликті шағала В) түйетауық
10.Басқа ағза есебінен тіршілік ететін тіршілік иелері:
А) паразиттер Ә) сапрофиттер
Б) саңырауқұлақтар В) балдырлар
ҮІ кезең. Суреттерді аз уақыт ішінде еске сақтай алу. 20 секундта слайдтан көрген жануарлар мен өсімдіктердің аттарын есте сақтап қалып, мүмкіндігінше параққа жазып түсіру.
ҮІІ кезең. «Биология» сөзжұмбағын шешу. Дұрыс жауап берген оқушы жұлдызша алады.
Б
И
О
Л
О
Г
И
Я
Су өсімдігі.
Денсаулықты сақтау және нығайту туралы ғылым.
Ерекше қорғауды қажет ететін, сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын табиғи аймақ.
Тірі ағзалар мен айналадағы орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым.
Темекі құрамындағы улы зат.
Жануарларды зерттейтін ғылым.
Дәрілік өсімдік.
Жасуша құрамындағы органоид.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар анықталып, марапатталады.