Просмотр содержимого документа
«Эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм»
Күні:
Пән: Биология
Сынып: 11 б
С.тақырыбы: Эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм
С.мақсаты:
Білімділік мақсаты:Оқушыларға эволюцияның негізгі заңдылықтары туралы түсініктеме беру, дивергенция, конвергенция, параллелизм сөздерінің мәнін ашу.
Дамытушлық мақсаты: Оқушылардың дүниенің біртұтастығы тірі организмнің дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру. Топтық жұмыс арқылы бірлесіп білім алуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі сабақ
Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, талдау, суретті түсініктемелер
Пән аралық байланыс: биология,химия,физика,география,тарих,әдебиет, медицина.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайд, электрон оқулықтан көрсетілім .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Алған білімдерін пысықтау
1.Биологиялық прогреске жетудің жолдары
ІІІ.Жаңа тапсырма
Эволюцияның негізгі заңдылықтары.
Дивергенция, конвергенция, параллелизм — тірі организмдер топтарының эвомоциялық формалары.
Дивергенция(латыннан аударғанда «лат.divergo- кері шегінемін» дегенді білдіреді. ) –деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс.
Ч.Дарвин табиғатта 1м жерде өсімдіктердің 8 тұқымдасқа, 18 туысқа жататын 20 түрін анықтаған. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түлердің шығуы Ч.Дарвин белгілердің ажырауы немесе дивергенция деп атады.
Дивергенция (лат. diverge - ауытқимын, ажырасамын) — екі не одан көп тіл құбылыстарының бір-бірінен ажырасуы. Дивергенция ұғымы глоттогониялық және құрылымдық-диахрониялық болып екі тұрғыда қаралады. Дивергенция әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туыс тілдердің немесе бір тілдегі диалектілердің бір-бірінен ажырап бөлінуін білдіреді. Дивергенция процесі ортақ ататілден бөлініп шыққан тіл семьяларының қалыптасуындағы негізгі жол. Құрылымдық-диахрониялық Дивергенция тіл жүйесіндегі айырмашылықтардың көбеюіне әкеп соғатын тарихи процесс. Бұл мағынадағы Дивергенция ұғымын қалыптастырғандар — Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Дивергенция ұғымы тілдің барлық денгейлеріне қатысты. Конвергенцияға қарама-қарсы құбылыс.
Конвергенция(латын тілінен аударғанда «conergo - ұқсас болу» дегенді білдіреді)- организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. Конвергенцияның айқын да нақтылы мысалы - қанат. Әр алуан жүйелеу тобының ұшатын өкілдерінің қанаттары мүлде басқа-басқа мүшелерге және дене бөліктеріне негізделген. Мәселен, бунақденелілердің (көбелектер, қоңыздар және т. б.) қанаты - дене жабынының катпары. Құстарда - қуатты қауырсындары бар алдыңғы аяқ. Жорғалаушыларда (птеродактили) және сүткоректілерде (жарғанаттар және ұшарлар) - тері қатпары; қанатты кесірткелерде - алдыңғы аяғы мен денесін, ұшарда - алдыңғы аяғы мен артқы аяғын және жарғанатта - алдыңғы аяғы мен құйрығын жалғастырады.Өсімдіктерде қылтан және тікен конверсияға мысал бола алады. Бір жағдайда жапырақ түр өзгерістері - тікен түрінде (кактус, жантақ), екінші жағдайда - өркен (долана), осындай түзілістер жемістерде (сасықмеңдуана, шоңайна) түрінде кездеседі.
Параллелизм (Грек тілінен аударғанда «parallelos - қатар жүру»)- деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады. Мысалы, сүтөоректілер класына жататын ескекаяқтылар отрядының сулы ортаға бейімделушігі 3 салада дамыды. Мысалы, моржандар, құлақты және кәдімгі түлендер сулы ортаға бір – бірінен тәуелсіз көшкендіктен суға бейімделу мүшесі - ескегі пайда болады.
Жәндіктердің ішінде қоңыздардың алдыңғы жұп қанаттары өзгеріп,қатты қанатқа айналғандықтан қанатүсті деп атайды.Қоңыздардың барлығы қатқыл қанаттылар отрядына топ-тастырылады.
Қосмекенділердің белгілері саусаққанатты балықтарда дамиды.Сүтқоректілердің көп белгілері аңтісті кесектілердің топтарында пайда болады және т.б.Осы ұқсастық шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.
4.Қорытынды. Мына кестені дәптерлеріңе толтырыңдар.
Дивергенция
Конвергенция
Параллелизм
Айырмашылықтары
5.Бекіту кезеңі.
- Дивергенция қандай проссес? Мысалмен дәлелдеңдер.
- Конвергенцияға спаттама беріп, мысалмен талдаңдар.
- Праллелизм сипаттама бер, мысалмен талда
- Дивергенция, конвергенция, параллелизмді сызбанұсқаға немесе кестеге сызып, жеке – жеке талдаңдар.
- Дивергенция процесінде пайда болған формалардың біразының жойылу себебі неде?
- Эволцияның қайтымсыз процесс екенін өсімдіктерден мысалдар келтіріп, түсіндіріңдер.