kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бұлшық ет оның типтері, құрылысы және маңызы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-теңдігін сақтайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бұлшық ет оның типтері, құрылысы және маңызы.»

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық ет қозғалысының реттелуі».

Сынып: 8 - сынып

Мерзімі: 07.12. 2016 ж.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:

Бұлшық ет жайлы түсінік беру. Бұлшық ет типтерімен және негізгі топтарымен таныстыру.

Дамытушылық:

Өз ойын еркін жеткізе білуге, қорытындылай білу дағыдыларын дамыту.

Тәрбиелік:

Спортпен шұғылдануға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Құралдар: ноутбук, оқулық, плакаттар, сурeттeр.

Әдіс-тәсілдер: талдау, әңгімелеу, топпен, жеке жұмыс, сұрақ - жауап.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия.

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырып

ІV Қорытынды 

Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, түгелдеу, сабақ мақсатымен таныстыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Сүйектің сынуы мен буынның шығуының қандай айырмашылығы бар?

2. Ересек адамдардың сүйегі неге морт сынғыш келеді, себебін түсіндіріңдер.

3. Сүйек сынғандақандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?

4. Буынның шығуы дегенге қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақ.

Маңызы. Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшықеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі (50-сурет).

Құрылысы. Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. (Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер). Бұлшықеттердің негізін – көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды (51-сурет). Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғай салалы, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады (52-сурет).

 

 

50-сурет. Денені қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер:

1 – жазып, қозғалысқа келтіру; 2 – мойын мен кеудені қозғалту; 3 – қолды көтеру; 4 – иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 – құрсақ бұлшықеті; 6 – денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 – мықынды қимылдату; 8 – санды қимылға келтіру; 9 – балтыр мен аяқбасын қимылға келтіру бұлшықеттері

 

       

 

51-сурет. Бұлшықеттің құрылысы:

1 – бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 – бұлшықет талшығының шоғыры; 3 – бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 – бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 – оттекпен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықеттер; 6 – май басып нашар дамыған бұлшықеттер

 

Көлденең жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады. Көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары – миофибриллалар (грекше «mіo»– бұлшықет, латынша «fіbrіlla» – талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады. Миозин – бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин – бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар – бұлшықеттердің ең кіші құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Көлденең жолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар шоғырының миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың шоғырлары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің шоғырларынан түзіледі.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке импульстерін өткізеді. Жүректің бұлшықеті құрылысы жағынан көлденең жолақты болса, қызметі бірыңғай салалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденең жолақты болғанымен жиырылуы адамның еркінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адамның денесінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.

 

 

 

52-сурет. Бұлшықет ұлпалары:

1 – өңештің бірыңғай салалы бұлшықеттері; 2 –жүрек бұлшықеттері; 3 – қаңқа бұлшықеттері

 

Қаңқа бұлшықетіне тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі шоғырланып (топтанып) орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұлшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері екі түрлі сүйекке бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен жиырылуға қабілетсіз.

 

Үйге тапсырма: Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бұлшық ет оның типтері, құрылысы және маңызы.

Автор: Айқынбeкoва Арайлым Махсатәліқызы

Дата: 22.12.2016

Номер свидетельства: 372335

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Б?лшы? ет, оны? типтері, ??рылысы ж?не ма?ызы."
    ["seo_title"] => string(41) "bulshykietonyntiptierikurylysyzhniemanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "259563"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448793644"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Сабақ тақырыбы: Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы."
    ["seo_title"] => string(70) "sabak_tak_yryby_bu_lshyk_iet_onyn_tiptieri_k_u_rylysy_zh_nie_man_yzy_2"
    ["file_id"] => string(6) "366858"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1481106984"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Сабақ тақырыбы; Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы."
    ["seo_title"] => string(68) "sabak_tak_yryby_bu_lshyk_iet_onyn_tiptieri_k_u_rylysy_zh_nie_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "366851"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1481105937"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Сабақ тақырыбы; Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы."
    ["seo_title"] => string(70) "sabak_tak_yryby_bu_lshyk_iet_onyn_tiptieri_k_u_rylysy_zh_nie_man_yzy_1"
    ["file_id"] => string(6) "366852"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1481105940"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? саба?. Б?лшы? ет, оны? типтері, ??рылысы ж?не ма?ызы."
    ["seo_title"] => string(51) "ashyksabakbulshykietonyntiptierikurylysyzhniemanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "272762"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452060749"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства