kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?. Б?лшы? ет, оны? типтері, ??рылысы ж?не ма?ызы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар б?лшы?еттер мен оларды? типтері туралы білім бере отырып а?и?ат ??ныдылы?ыны? м?нін ашу

 Саба?ты? міндеттері:

1. Білімділігі: О?ушылар?а  б?лшы? етті? негізгі топтарын,        

    б?лшы? еттерді? ма?ызын т?сіндіре отырып ?арапайымдылы?, шынайылы? туралы т?сінік беру.

2.. Б?лшы? еттерді? ат?аратын ?ызметін салыстыра   отырып, о?ушыларды? іздемпаздылы??а баулу.

3. Сенімділікке, ?йымшылды??а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Б?лшы? ет, оны? типтері, ??рылысы ж?не ма?ызы.»

«Өзін-өзі тану» пәнімен интегарцияланған

биология сабағының жоспары


Мектеп 53

Күні_______

Педагог Сагиева К.Р

Сынып 8

Оқушылар саны 23

Тақырып Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы.

Құндылық ақиқат

Қасиеттер қарапайымдылық, шынайылық, ізденімпаздық


Сабақтың мақсаты: Оқушылар бұлшықеттер мен олардың типтері туралы білім бере отырып ақиқат құныдылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділігі: Оқушыларға  бұлшық еттің негізгі топтарын,        

    бұлшық еттердің маңызын түсіндіре отырып қарапайымдылық, шынайылық туралы түсінік беру .

2. . Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра   отырып, оқушылардың іздемпаздылыққа баулу.

3. Сенімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

слайд



Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану сабағының әдістерін пайдалану)

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. 5-Т-ны естеріне салу.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық

Жағымды күйге ену

  1. Тыныс алу.

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. Көзімізді жұмамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Демді аламыз.... Демді шығарамыз.....

5-6 рет, баяу жасалады.



Сабақты талдау
















Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақтың мазмұнымен интеграциялау)

1.Сергіту сәті.

«Күлкі көңіл айнасы» тренинг
«Күні бойы бір күле алмасаң,
Онда оны зая кеткен күнім деп есепте»
Виктор Мари Гюгю (француз жазушысы)
Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.

Проблемалық сұрақ:

Күлкі көңіл айнасы» дегеніміз не?

Күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасайды;Иммунитетті күшейтеді;Жиі күлген адам стресс пен депрессияға сирек шалдығады;
Қан айналым жүйесін жақсартады;Күлкі адам ағзасын тазартады;

Олай болса оқушылар сұлу болам десеңіз әрдайым күліп жүріңіз!

«Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ »дегенді қалай түсінесіздер?
Мен қойған сұраққа ой тастауы арқылы өтілетін тақырыпты өздері ашады. Ауызша бағалап отырамын, ыңталандырамын.

- Адамның тірегі – ол қаңқасы, ал оны қимыл қозғалысқа келтіретін – бұлшық еті.

- Адамның тірегі мықты ,әрі түзу болу үшін не керек деп ойлайсыздар?

Шынығу, СӨС ұстану. (дұры әрекет)

Адамның тірегі дұрыс қалыптасу үшін оған қандай нәр керек.

(Шыдамдылық, қимыл – қозғалыс, түзу отыру, шынығу)

Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл – қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді.

  • Айтыңдаршы, балалар, адам баласы рухани нәрді қайдан алады?

(тумысынан салынған жалпыадамзаттық құндылықтары мен қасиеттерін жарыққа шығаруы арқылы)

- Жалпыадамзаттық құндылықтарды атаңдаршы.

(Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Қиянат жасамау)

  • Осы 5 жалпыадамзаттық құндылықтарды қалай жарыққа шығарамыз?(жақсы, ізгі істер жасау арқылы)

Қандай жақсы істер жасай аласыңдар?

«Білім жүйесі»Мұғалімнің іс-әрекеті

Сыныптағы 3 топ , топ басшыларын сайлау.

Топ басшыларының қолына «бағалау парағын» беру.

Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

Топтың ережесін құру.

Топтың ережесін жазып қояды.

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Әр топтың басшыларының қолдарына «бағалау парағы» беріледі

(жаңа тақырыпты түсіндіру).

Бұлшық еттердің маңызы.

Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды.  Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т.б. қамтамасыз етеді. Адамда 600 –ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.

Бұлшық еттің құрылысы

Біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.

Біріңғай салалы бұшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.

Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер жиырылады .Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзілген. Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері – тіршілік әрекетінің зиянды заттары сыртқа шығарылады.

Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі.

 Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.

Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.

Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.

Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.

Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет)қолды жазады.

Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті -  – тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.

 «Білім жүйесі»  .

Сүйектерді қозғалысқа келтіретін, мықты да нәзік бұлшық ет жайлы қызықты деректерді біліп жүріңіздер:

Мамандардың айтуынша адам денесінде 400-ден 680-ге дейін бұлшық ет түрлері бар. Бірақ олардың нақты санын айту мүмкін емес. 

Сіздің салмағыңыздың  40%-ы, яғни 20-30 кг бұлшық еттерге тиісті.  

Адам денесіндегі ең үлкен бұлшық ет – сан бұлшық еті. Ол денедегі ең үлкен жамбас сүйегін қозғалысқа келтіреді.

Бұлшық еттердің ең көп шоғырланған жері – адамның беті. Осы себепті біздің мимикамыз сан алуан түрлі бола алады. 

Адам денесіндегі ең мықты бұлшық ет жақтың бұлшық еті екен. Сіз тамақ шайнағанда ол 190 кг күшпен қыса алады. 

Аяқты қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің саны 19 екен. Олар бір-бірімен байланысқан жұмыс нәтижесінде табаныңызды қозғалтады.

Ал бір қадам жасау үшін сіздің 200 бұлшық етіңіз іске қосылады. Күнделікті орташа бір адам 10 000 қадам жасайтынын есепке алсақ, аяқ бұлшық еттері өте мықты екенін айта аламыз. 

Жүрек адам денесіндегі мықты бұлшық еттердің бірі. Өз күшімен ғана ол адам ағзасындағы бар қанды 4 қабатты үйдің биіктігіне көтере алады.

Сіздің денеңіздегі бұлшық еттің 50%-ы аяқ бұлшық еттері, 30%-ы қолға, 20%-ы бас және басқа бөліктерге тиесілі.

Қарапайым күлкі адам бетінің 40 бұлшық етін іске қосады. 

10 жылда адам өзінің бұлшық етінің 3%-ын жоғалтады. 

Бұлшық еттердің саулығы адам өмірінің ұзақтығына тікелей әсер етеді екен. Сондықтан бұлшық еттерді жаттықтырып, шымыр қылу өте маңызды.Біз күлгенде 17 бұлшық ет қимылға келеді.

Біз ренжігенде 40-тан астам бұлшық ет қимылға келеді. Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейін мөлшерді құрайды Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда денесалмағының бұлшық еттер салмағына қатынасыартық болады.. Ең үлкен бұлшық ет – бөксе бұлшық еттері, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады

Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі «1» саныны мөлшеріндей үзеңгі бұлшық еті

«Түсіну жүйесі» .

Бұлшықетті шынықтыру:

Қажымұқан, Мұқан Мұңайтпасұлы — французша және еркін күрестерден көптеген халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы; әлемдік спорт аренасына шығып, шет елдердегі жарыстарда атақ-даңққа бөленген тұңғыш қазақ.

1927 ж. Қажымұқан Мұңайтпасовқа “Қазақ даласының батыры” атағын берді. Ұлы палуан 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында жасының егде тартқанына қарамай ел аралап, күш өнерін көрсетіп, жиналған жүз мың сом қаржыға ұшақ жасатып, оған Амангелді Имановтың есімін бергізіп, майданға жіберді. Қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев осы ұшақпен 120-дан аса жауынгерлік тапсырма орындады. Қажымұқан өзінің спорттық жолында 48 алтын, күміс, қола медаль алған. Ол алып күш иесі еді; бойы 186 см, салмағы 130 кг болған. Қажымұқан 1948 ж. 12-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темірлан ауылында дүние салды. Астана және Шымкент қалаларындағы орталық стадионға ұлы палуанның есімі берілген. Алматы, Астана, Семей, Шымкент қалаларында Қажымұқан атындағы көшелер бар.

  • Қазіргі таңда қандай спортшыларды білесіңдер?

Қазақ халқымыздың ұлттық салт-ғұрыптарының бұлшық еттерді жаттықтыруда маңызы зор:

Ұлттық ойындар:

- Ақсүйек - Көкпар тарту - Алтыбақан - Асық - Ат жарыс - Қыз қуу - Бәйге - Күрес

«Талдау жүйесі» .

  • Актин ақуызы-ашық түсті жолақтарда ма,әлде күлгін түсті жолақтарда ма?(ашық)

  • Адам ағзасындағы бұлшық еттің саны қанша?(600)

  • Бетке бейне бір өзгеріс беретін бұлшықеттер.(мимика)

  • Қабырға аралық бұлшықеттер қандай бұлшықеттер?(бірыңғай)

  • Кеуде мен құрсақ бөлімді бөліп тұрған қандай бұлшық ет?(диафрагма)

  • Бұлшықеттің ең басты қасиеті не болып табылады? (жиырылғыштық)

  • Бұлшықеттке ең басты заттар не арқылы келеді?(қызыл қан тамырлыры арқылы)

  • Қышқыл керексіз заттар ет талшықтарынан не арқылы шығады?(көктамыр)

  • Бұлшықет талшықтары не деп аталады?(миофибрилла)

  • Ұршық тәрізді бұлшықет ұлпасы қандай бұлшықеттерге тән?(бірыңғай салалы)

  • Адам денесіндегі ең үлкен бұлшықет қандай?(тігінші)

«Жинақтау жүйесі»

Нені білдік?

    Нені білеміз?

Нені білгіміз келеді?


Рефлексия (кері байланыс) Әр баланың бүгінгі сабақ туралы  пікірлері.


Үй тапсырмасы: Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы.

Бағалау.


Сабақтың қорытынды сәті








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ашы? саба?. Б?лшы? ет, оны? типтері, ??рылысы ж?не ма?ызы.

Автор: Сагиева Канагат Рымбековна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272762


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства