Просмотр содержимого документа
«Алоэны? пайдасы мен ерекшеліктері»
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар облысы Білім беру басқармасы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы
«Баянауыл ауданының білім бөлімі
Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ
Қабдолла Гүлзада
9-сынып
Тақырыбы:
«Алоэның пайдасы»
Секция: Биология
Ғылыми жетекшісі: Ералина Гульжанат Асқарқызы
Лекер қажы ауылы
2015-2016 оқу жылы
Зерттеу мақсаты:
Мектеп оқушыларының денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, алу үшін, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып, оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сауығудың практикалық әдіс - тәсілдерін қолдану.
2. Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулық нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып үйрену.
Болжам: 1. Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптасады. 2. Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі алоэны пайдалану жолдарын жүзеге асырады.
Күтілетін нәтиже: 1. Емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» алоэны баптап күтуге атсалыса білуі. 2. Алоэ шырынын әр түрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу.
Зерттеудің әдіс - тәсілдері: Cұхбат,сауалнама,пікірталас,ақпарат жинау.
Ғылыми жұмыстың зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады. Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.
Мазмұны І бөлім: Кіріспе........................................................................................................3
ІІ бөлім: Зерттеу бөлімі
2.1. Алоэ туралы не білеміз?...................................................................................6 2.2. Алоэның емдік қасиеттері жайында түсінік беру.........................................7 2.3. Алоэны қандай ауруларға ем екендігін анықтау...........................................8
2.4. Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы..........................11 ІІІ бөлімі: Қорытынды...........................................................................................13 ІҮ бөлімі: Пайдаланылған әдебиеттер................................................................14
Кіріспе
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағынан да көңіл бөлген. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу - Насыр әл - Фараби, Әбу - Әли ибн - Сина, Беруни. Әл - Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т. б. ғылымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі - дәрмектің 78%, ішек - қарын, бауыр дәрілерінің 75%, ауруларының шипалы дәрі - дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай - ақ, бау - бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.
Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналады. Ерте заманнан - ақ ата - бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.
2.1. Алоэ туралы не білеміз?
Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII –ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 – інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.
Алоэ - емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіст. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.
2.2. Алоэның емдік қасиеттері жайында түсінік беру
Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында, асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.
2.3. Алоэны қандай ауруларға ем екендігін анықтау
Алоэ жапырағын тікенектерден аршып,сұйығын бетке жағып,он минуттан соң жылы сумен жуу керек.Күн сайын бетті осылай үнемі сүртіп отырған дұрыс.Сонда бет терісі жұмсарып,ұсақ әжімдер азаяды.
Алоэ сұйықтығына азырақ бал мен ұн араластырып,маска жасап жүрсеңіз аз уақытта беттегі дақ,сепкілдердің азайғанын көресіз.
Тәжірибе №1
Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу
Мақстаы: Жағдайын жақсару
Уақыты: 24,25,26 қараша 2014 жыл
Зерттелуші: Майлыбай Әсем
Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы соль тамызу
Қорытындысы: Жағдайы жақсы
Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады. Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.
Тәжірибе № 2
Алоэның күйікпен жараға әсері.
Зерттеу әдісі: Жараға таңу.
Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы
Уақыты: 01-03шілде 2015 жыл
Зерттелуші: Кабдолла Айдарбек
Зерттеу барысы: күйікпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.
Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы
Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.
Тәжірибе № 3
Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.
Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.
Мақсаты: Ауырғанды басады.
Уақыты: 15-16 желтоқсан 2014 жыл.
Зерттелуші: Кайырбеков Нұрсұлтан
Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.
Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.
Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.
Тәжірибе № 4
Туберкулез және өкпе ауруларына.
Зерттеу әдісі: Күніне 2 рет ішу, кешке және таңертең ыстық 1стакан сүтке 1 қасық сөлді араластырып ішу.
Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту Рак жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды
2.4. Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы
1.Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
2.Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4.Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.
Алоэның қарсы көрсетілімдері
-өт жолдары аурулары
- бүйрек, бауыр аурулары
- гипертония
-гемморой
-жүктілік мерзімі
Халық қоспасы
Қоспа № 1
Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.
Қоспа № 2
Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдыднда 1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.
Қоспа № 3
Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.
Қоспа № 4
Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа № 5
Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады
Қорытынды
Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.
Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.