1.Шоғал дегеннің не екенін көрсетіңіз
А) аналық бездің жыныс өнімі В) уылдырық С) аталық бездің жыныс өнімі Д) нәжіс Е) дернәсілдер
2.Бақаның кіші қан айналым шеңбері қандай мүшемен байланысты
А) қарынмен В)мимен С) бауырмен Д) өкпемен Е) көру мұшелерімен
3.Бақаның қан айналымы неше шеңберлі болатындығын көрсетіңіз
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5
4.Бақаның қандай бұлшық еттері жақсы жетілгендігін көрсетіңіз
А) бассүйек В) аяқ С) құйрық Д) желбезек қақпақшаларының Е)мойын
5.Қосмекенділер қалай көбейетіндігін көрсетіңіз
А) жұмыртқаларын пілдеге салу арқылы В) уылдырық шашу арқылы
С)тірі туу арқылы Д) жұмыртқа салу арқылы Е) пілдеде даму арқылы
6.қосмекенділердің жүрегінің қарынша бөлімінде қандай қан болатындығын көрсетіңіз
А) салатамыр қаны В) аралас қан С) көмірқышқыл қанымен қаныққан қан Д) оттегі қаны Е) көктамыр қаны
7.Құйрықсыз қосмекенділерге қайсысы жататындығын көрсетіңіз
А) тритон В) саламандра С) құрбақа Д) протей Е) алып саламандра
8.Құйрықты қосмекенділерге қайсысы жататындығын көрсетіңіз
А) құрбақа В) бақа С) тритон Д) жайынауызды тасбақа Е) кәдімгі бақбақыл
9.Бақаның клоакасына қандай мүшенің жолы ашылатындығын көрсетіңіз
А) несепағар В) бауырдың жолы С) ұйқы безінің жолы Д) сілекей безінің жолы Е) жыныс безінің жолы
10.Бақаның дернәсілдік сатысына тән мүшелерді көрсетіңіз
А) үш бөлімді жүрек В) өкпе С) бүйір сызық Д) омыртқа Е) қанат
11.Бақаның бас миының қай бөлімі балықтарға қарағанда нашар дамығанын көрсетіңіз
А) алдыңғы ми В) аралық ми С) мишық Д) ортаңғы ми Е) ми сыңарлары
12.Бақаның омыртқа жотасына қандай сүйектер тығыз жабысатындығын көрсетіңіз
А) маңдай В) жамбас С) бұғана Д) төс Е) қабырға
13.Балықтармен салыстырғанда бақаның бас сүйегінде қандай сүйектер болмайтындығын көрсетіңдер
А) маңдай В) төбе С) желбезек қақпағының сүйектері Д) жақ сүйектері Е) бір мойын омыртқасы
14.Бақаның терісі немен ерекшеленетіндігін көрсетіңіз
А) терісі сүйекті шытырлармен қапталған В) терісі сүйекті қабыршақтармен қапталған
С) терісінде шырышты бездер бар Д) терісінде шырышты бездер болмайды Е) терісі өте қалың болады
15.Бақаның үлкен қан айналым шеңбері жүректің қай бөлімінен басталатындығын көрсетіңіз
А) сол жақ құлақшадан В) қарыншадан С) оң жақ құлақшадан Д) қолқадан Е) сол жақ қарыншадан
16.Бақаның үлкен қан айналым шеңберіндегі көктамыр қаны жүректің қай бөліміне құйылатындығын көрсетіңіз
А) оң жақ құлақшаға В) сол жақ құлақшаға С) қарыншаға Д) қолқаға Е) көктамырға
17.Мына қосмекенділердің қайсысы саусаққанатты балықтардан шыққандығын көрсетіңіз
А) ертедегі құйрықты қосмекенділер В) ертедегі құйрықсыз қосмекенділер С) ертедегі құрбақалар Д) жыртқыш тісті кесірткелер Е) тиранозаврлар
18.Итшабақтың тыныс алу мүшесін көрсетіңіз
А) демтүтік В) өкпе С) дене жамылғысы Д) желбезек Е) өкпе қапшығы
19.Итшабақ дегеніміз
А) құйрықты қосмекнділердің өкілі В) қосмекенділердің дернәсілі С) балықтың уылдырығынан дамыған ұрық Д) жас бақа Е) кішкентай балық
20.Қосмекенділер –жартылай суда, жартылай құрлықта тіршілік ететін омыртқалылыр болғандықтан , олар тыныс алады
А) желбезекпен В) өкпемен С) өкпе және ауа қапшығы
Д) өкпе және ылғал тері Е) тек ылғал терімен
21.Құрбақаларда мойын омыртқасының саны нешеу
А) 1 В) 2 С)3 Д) 4 Е)5
22.Қосмекенділердің дернәсілдерінің жүрегі қандай
А) 1 В)2 С) 3 Д)4 Е)5
23.Құрбақалардың есту мүшесінде қандай құрылым болады
А) сыртқы есту тесігі, ортаңғы құлақ және ішкі құлақ
В) ортаңғы құлақ және ішкі құлақ С) тек ішкі құлақ
Д) дабыл жарғағы , ортаңғы құлақ және ішкі құлақ
Е) сыртқы және ортаңғы құлақ
24.Қосмекенділердің омыртқа бөлімдері қанша
А) 1В) 2 С) 3 Д) 4 Е)5
25.Аяқсыз қосмекенділер
А) құрбақа В) саламандра С) тритон Д) сақиналы құртжылан Е) жасыл бақа