1. Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылының саласы
А) герантология В) герпетология С) гельментология Д) коордиология Е) урология
2. Алғаш кеуде қуысы пайда болған омыртқалылар
А) балықтар В) қосмекенділер С) жорғалаушылар Д) құстар Е) сүтқоректілер
3. Жорғалаушылардың қаңқасы неше бөлімді
А)2 В)3 С)4 Д)5 Е)1
4. Алдыңғы аяғында 4 саусағы, артқы аяғында 5 саусағы бар омыртқалы жануар
А) бақа В) жылан С) кесертке Д) үйрек Е) гаттерия
5. Жыланның уы қай жерінде орналасқан?
А)тілінде В) астыңғы жағында орналасқан улы тістерінде С) үстінгі жағында орналасқан улы тістерінде Д) қүйрығының ұшында Е) етінде
6. Толық төрт бөлімді жүрегі бар жорғалаушылар
А) гаттерия В) кесерткелер С) тасбақалар Д) жыландар Е) крокодилдер
7 Аралық мида төбе көзі жақсы жетілген жануар
А)киттер В) құрбақа С) құбылғы Д) гаттерия Е) саламандра
8. Тірі туатын жорғалаушы
А) қара жылан (гюрза В) сұржылан (гадюка) С) гаттерия Д) ехидна Е) кенгуру
9. Жорғалаушылардың неше отряды бар : А)1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5
10. Жаңа Зиландия эндемигі болып табылатын бауырменжорғалаушы жануар
А) крокодилдер В) латимерия С) стегоцефалдар Д) гаттерия Е) кесерткелер
11. Гаттерия жыныстық жағынан неше жылда жетіледі
А) 9 В) 25 С) 15 Д) 18 Е) 20
12. Африка мен Мадагаскар аралында кеңінен таралған қабыршақтылар отрядының өкілі
А) құбылғылар В) гаттерия С) тасбақалар Д) крокодилдер Е) кесерткелер
13. Қазақстанда ұлы жыланның неше түрі бар
А) 5 В) 12 С) 18Д) 10 Е) 4
14. Қазақстанда жалпы жыланның неше түрі бар
А) 5 В) 12 С) 18Д) 10 Е) 4
15. Еліміздегі кесерткенің ең ұлы түрі
А) келес В) сарықұрсақ кесертке С) азғы Д) құбылғы Е) кеңалқым
16. Тасбақаның аталығы неше жылда жетіледі
А) 5-6 В)9-10 С)11-12 Д) 12-13 Е)13-15
17. Өлкеміздің оңтүстік өніріеде ғана таралған аяқсыз кесертке
А) сорго В) келес С) сарлан(сарықұрсақ) Д) шұбар жұмырбас Е) азғы
18. Қазақстанда тасбақаның неше түрі кездеседі?
А)2 В)5 С) )8 Е)15
19.Бақаның дернәсілдік сатысына тән мүшелерді көрсетіңіз
А) 3 бөлімді жүрек В) өкпе С) бүйір сызық Д) омыртқа Е)қанат
20.Балықтың жүрегі неше бөлімнен тұрады.
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е)5
21.Қай балықтың торсылдағы болмайтынын көрсетіңіз
А) алабұға В) шортан С) акула Д) нәлім Е) жайын
22.Қосмекенділердің жүрегінің қарынша бөлімінде қандай қан болатындығын көрсетіңдер
А) салатамыр қаны В) аралас С) көмірқышқыл қанымен қаныққан қан Д) оттекті қан Е) көктамыр қаны
23.Қандауыршаның қанайналым жүйесі
А) ашық В) тұйық С) аралас Д) салатамырлы Е) көктамырлы
24. Қозғалыс әрекетін басқаруға байланысты балықтың бас миының қай бөлімі неғұрлым жақсы дамығандығын көрсетіңіз
А) алдыңғы ми В) аралық ми С) ортаңғы ми Д) сопақша ми Е) мишық
25.Желі қандай қызмет атқаратындығын көрсетіңіз
А) ас қорыту В) тыныс алу С) тірек Д) зәр шығару Е) сезімталдық
26.Қай тип тармағы желілілерге жатпайтындығын көрсетіңіз
А) қабықтылар В) бассүйексіздер С) омыртқалылар Д) демтүтіктілер Е) желбезектілер
27.Кесірткенің алдыңғы аяғын түзетін сүйектерді көрсетіңдер
А)тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан саусақ сүйектері В)ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектері
С) жауырын Д) кеуде сүйегі Е) алдыңғы иық белдеуі
28.Қандай сүйектер кесірткенің артқы аяқ қаңқасын құрайтынын көрсетіңіз
А)тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан саусақ сүйектері В)ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектері
С) жауырын Д) кеуде сүйегі Е) алдыңғы иық белдеуі
29.Балықтың денесі тұрады:
А) бас, тұлға , құйрықтан В) бас, тұлғадан С) баскөкірек , құйрықтан Д) ба, құйрықтан Е) тұлғадан
30.Қай балықтың желбезек қақпағы жоқ екенін көрсетіңіз
А) сүйекті В) шеміршекті С) саусаққанаттыларда Д) қостыныстыларда Е) бекірелерде