Жаңартылған білім бағдарламасы жетістікке жетелейді
Жаңартылған білім бағдарламасы жетістікке жетелейді
Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру. Сабақтың саналы да нәтижелі өтілуі мұғалімнің әрбір тақырыпты оқушының психологиялық ерекшелігін ескере отырып, оны өмірімен байланыстыра, ұштастыра білуінде. Сабақта белсенділікпен өз бетінше жұмыс жасап, одан қорытынды шығара білу оқушыны ізденуге, іскерлікке дағдыландырады.
«Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» - дейді А.Сухомлинский. Мұғалімнің әрбір сабағының сәтті болуы жеке басының ерекшелігі мен оқушының теориялық алған білімін практикада пайдалана білу шеберлігіне байланысты.Сонымен қатар әдістемелік шыңдалған шеберлігі қажет.Шебер ұстаз бойында осындай қасиеттермен қоса заман талабына сай, жаңа технологиямен қаруланғанда ғана, өзінің берген сабақтарында білім сапасын арттырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім бағдарламасы жетістікке жетелейді»
Жаңартылған білім бағдарламасы жетістікке жетелейді
Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 251 М.Әуезов атындағы КММ нің І санатты биология және география пән мұғалімі Парманқұлова Гүлсім Мейрамбекқызы
Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру. Сабақтың саналы да нәтижелі өтілуі мұғалімнің әрбір тақырыпты оқушының психологиялық ерекшелігін ескере отырып, оны өмірімен байланыстыра, ұштастыра білуінде. Сабақта белсенділікпен өз бетінше жұмыс жасап, одан қорытынды шығара білу оқушыны ізденуге, іскерлікке дағдыландырады.
«Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» - дейді А.Сухомлинский. Мұғалімнің әрбір сабағының сәтті болуы жеке басының ерекшелігі мен оқушының теориялық алған білімін практикада пайдалана білу шеберлігіне байланысты.Сонымен қатар әдістемелік шыңдалған шеберлігі қажет.Шебер ұстаз бойында осындай қасиеттермен қоса заман талабына сай, жаңа технологиямен қаруланғанда ғана, өзінің берген сабақтарында білім сапасын арттырады.
Бәйге тұлпарға сын болса, сабақ – ұстазға сын. Әрине, ұстаздың ой ұшқырлығы оқушы бойына сапалы білім беру мен тәрбиені ұштастыра беруінде.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші , шәкірт бойындағы білімділік пен тәрбиелілік ұстазға байланысты.Шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана салауатты да саналы, жан – жақты дамыған білімді тұлға қалыптастыра алады. Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі.Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сүраққа жауап бере алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімдар болу қажет. « Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады » деген қағиданы ұлы педагог К.Д.Ушинский нақты айтқан болатын. Бала мектепке оқып – үйренуге деген үлкен ынтасымен , ықыласпен келеді.Оқушыны «қабілетті» және «қабілетсіз» деп бөле қарауға болмайды. Себебі, әр оқушының өзіндік көзқарасы әр түрлі. Мұғалім күнделікті сабағын түрлендіріп, ғаламтор желісін пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, оқушыны ойлантуға жетелеу мен бірге , өз ойын ортаға салуға , басқалар мен пікір таластыра алуына көмектеседі. Сонда өз ойымен тұйықталған баланың, ойлау қабілеті еркін дамиды. Сабақ барысында оқушымен мұғалімнің арасында тығыз байланыс болу қажет. Бұл оқушының қиялын, өзіндік көзқарасын еркін айтып, ұстаз тарапынан нұсқау алуына мүмкіндік береді.
К.Д.Ушинский « ... қызығушылық туғызбайтын оқу бірте-бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш-жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады» деген екен. Осы қағидаға сүйене отырып, биология пәнін оқыту үрдісінде мына бағыттарды ұстанамын:
1.Білім берудің балама жолдарын қалыптастыру
2.Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, сабақ барысында кең көлемді, тиянақты, нақты, білім беруде уақытты ұтымды пайдалану
3.Оқулықтан тыс қосымша оқу материалдарын жүйелеп, оқу үрдісінде қолдану
4.Оқушылардың білімін бағалауда бағаның рөлін жете ойластыру
5.Оқушыларға берілетін үй тапсырмасын ұтымды ойластырып, оқушылардың өз бетімен ізденуіне қалыптастыру.
6.Теориялық алған білімін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Әрине, бұл талаптарды орындауда мұғалім ұдайы ізденісте болуы керек.
Оқушының құзыреттілігін арттыру үшін білім сапасын күшейтуіміз керек. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру. оқушыларға қажетті, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу), бүгінгі таңда сабақ барысында қолданып келемін. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – оның спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтуде. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Сабақ барысында оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Биология пәні бойынша білім беру бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударып, пән аясында ойлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Қорыта айтқанда, жаңартылған бағдарламаның мақсаты – баланың функционалды сауаттылығын дамыту. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деген болатын. Осы ретте ұстаз еңбегін «Басқаның бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» деп бағалаған З.Қабдоловтың пікірін есте ұстау өте маңызды. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала бала жүрегіне жол таба білетін мұғалімдер елімізде көбейіп, болашағымыз білімді ұрпақпен көркейе берсін.