Просмотр содержимого документа
«Выращивание кактусов в домашних условиях »
Ақтөбе облыстық М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан - 2030
стратегиясын іске асырудың негізі
Секциясы: Биология
Тақырыбы: Кактус өсімдігін өсіру әдістері
Орындағандар: 8-сынып оқушылары
Мұратова Назерке
Есбусинова Алтынзер
Ғылыми жетекшісі: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
Мемлекеттік университетінің
жаратылыстану кафедрасының
меңгерушісі, биология ғылымының
кандидаты, доцент: Е.Казкеев.
Жетекшісі: Биология пәнінің мұғалімі
Мынжасарова Гульназ Изтлеуовна
Аннотация
1. Зерттеу жұмысының мақсаты:
Кактус өсімдігін өсіру зерттеу, қорғау, сақтау, ғылыми негізін қалыптастырып, теориялық практикалық жағынан сипаттау, зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Кактус өсімдігін қолайлы жағдайда өсіру әдістерін практикалық жағынан қалыптастыру.
2. Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Бөлме өсімдіктері туралы түсінік.
- Кактус өсімдігімен танысу.
Кактус өсімдігін өсіру әдістері.
Кактус өсімдігінің өсуін бақылау.
Фотосуреттерге түсіру арқылы салыстыру.
Шетелдік биологтардың ғылыми еңбектерімен танысу.
Ғалымдардың пікірлерін салыстыру.
Кактус туралы теориялық еңбектерді оқулықтардан оқып, жазып алу.
Теориялық білімді қолдана отырып, практикада кактус өсімдігін өсіру және өсіру күнтізбесін құру.
Болашақта кітап шығару.
3. Болжамы:
- Кактус өсімдігінің өскінін отырғызып, өсу ерекшеліктерін зерттеу.
- Кактус өсімдігінің толық өсіп жетілуін анықтау.
- Мүмкін болған жағдайда нәтижесіне қол жеткізу.
4. Зерттеу кезеңдері:
- Материал көзін жинақтау
- Ғылыми еңбектерімен танысу
- Кітапхана тізбелерімен жұмыс
- Зерттеуші ғалымдардың пікірлерімен танысу
- Кактус өсімдігін өсіру қасиеттерін зерттеу.
5. Эксперимент әдістемесі:
Кактус өсімдігін өсіру қасиеттерін зерттеп, оның нәтижелерін бұрын іс-тәжірибеден өткен жетістіктермен салыстырып көру.
6. Зерттеудің жаңалығы:
Кактус өсімдігінің өсу ерекшелігін зерттеп, өсіру күнтізбесін құрастыру. Кактусты өсіру күнтізбесін пайдаланып, кактусты үй жағдайында өсіруге қол жеткізу.
7. Зерттеу әдістері:
Ғылыми зерттеу жұмысында сипаттама, салыстыру, сұрыптау, қорыту, бағалау әдістері қолданылады.
8. Зерттеудің дерек көздері:
«Кактус өсімдігін өсіру әдістері»атты ғылыми конференцияда тірексызба, суреттер, теориялық еңбектер пайдаланылды.
9. Зерттеудің теориялық мәні:
Денсаулықты сақтай білудің қазіргі мәселелерін шешу бағытында бұл еңбектің теориялық маңызы зор.
10. Жұмыс нәтижесінің қолданылуы:
Кактус өсімдігінің өсірілуі, қасиеттері, маңызы бөлме өсімдіктерін өсірумен айналысатын қауымға, ЖОО-ның студенттеріне, мектеп оқушыларына, дәрігерлерге құнды дерек боларына сенеміз.
Кіріспе
Үй өсімдігі - әсемдік үшін тұрғын үйлерде, мемекемелерде өсірілетін өсімдіктер. Бұлар тропик және субтропик өсімдіктер. Үй өсімдіктеріне өсімдіктің көптеген түрлері, әр түрлі (бегония, кактус, пальма, лалагүл және тағы басқа) тұқымдастар жатады. Бақтарда гүлі (фуксия, цикламен, пеларгония, азалея, амариллис, ақ гүл сенполия) және жапырағы (диффенбахия, пилея, хлорофитум, пальмалар, монестера филодендрон, лавр, мирт және тағы басқа) әсем түрлері өсіріледі. Үй өсімдіктері көбіне қыш, пластмасса құмыраларда, не ағаш кеспекте қоректік заттар қосылған топырақта өсіріледі, уақытылы суарылады, жазда минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріледі. Көктемде топырағын ауыстырады, мезгіл-мезгіл жапырағын жуып, су бүркіп тазартады. Тропиктік түрлері 20-25 градустағы бөлме температурасына төзімді келеді. Қыста өсімдіктің субтропиктік түрлері (лавр, мирт, олеандр, қытай раушангүлі және тағы басқалары) 10-15градуста жақсы өседі. Оңтүстікке қараған терезе алдында шөлді жерде өсетін кактус, шырынды өсімдіктер (агава, алоэ, т.б.) және солтүстік жақтағы терезе алдында папоротник, қылқан жапырақты өсімдіктер жақсы өседі. Мекеме, кәсіпорындарын көріктендіру үшін өсімдіктің қалың жапырақты түрлері (монстера,сансевьера, драцена, диффенбахия, пеперомия, драцена, фикус тағы басқалары) өсіріледі. Үй өсімдіктерінің көп тарағаны – кактус, бегония, жуашықты түрлері. Калумения, шырмауық, традисканция, пеперомия тағы басқалары көгалдандыру үшін өсіріледі, кейбір түрлері әсемдік үшін, кейбіреулері тағам үшін (лимон, апельсин, мандарин) өсіріледі. Жыл бойы гүлдеп тұратын түрлері де бар. Үйде қылқан жапырақты және балқарағайды өсіруге болады. Мысалы, Жапонияда шырша, қарағай, балқарағай, емен, шие тағы басқада бойы тапал түрлері үйде өсіріледі. Адам өмірінде әр түрлі мамандықтан басқа, өзінің жеке қызығушылығына қол жеткізуге тырысады. Соның бірі үйде, бөлмеде гүл өсірумен айналысу.
Негізгі бөлім
Қазіргі заманда кез-келген адамның далада, болмаса үй жанында гүл өсіруге мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан бөлмеде гүл өсірумен айналысу өте қызықты да тиімді әдіс. Терезе алдын өсірілген гүл үйдегі интерьерді өзгертіп, ауаның тазалығын, ылғалдылығын арттырып өте сәнді көрік береді.
Қазіргі уақытта тәжірибелі бөлме гүлін өсірушілердің шеберлерін жиі кездестіруге болады.Үйдегі терезелердің орналасуына байланысты бөлменің жарықталынуын, суару мезгілін, үй температурасының жай-жапсарын, топырақты құнарландыру үшін керекті тыңайтқыштарды қолдану ретін білу қажет.
Үйде өсірілетін гүлдер декаративті-жапырақты және сәнді-гүлді гүлдер болып екіге бөлінеді. Бұл гүлдер бөлмеде өсу үшін бөлме өте жарық болу қажет. Себебі олар жарық сүйгіш келеді. Сондықтан көбіне гүлдерді терезе алдында өсіреді. Ал, кейбір күннің тікелей түскен сәулелерінен кейбір гүлдердің жапырағы күйіп кетеді. Ондай гүлдерді күн тікелей түспейтін жерлерге қою керек. Солтүстікке қараған терезелер осындай гүлдерді өсіруге өте қолайлы. Бұған сәнді-гүлді өсімдіктердің ішінде ұзамбар фиалкасы, цикламендер, каланхоя, антуриум Шерцердің экзотикалық гибриді, бегонияның гибридтері жатады. Сонымен қатар декаративті жапырақтардан папортниктің түрлері, әдемі ұсақ мақпал гүлдер, филодендроннің түрлері: фатсия фикустар, өздерінің сәнді жапырақтармен көздің жауын алатындай болып өседі. Бұлардың көбінің арғы тегі тропикалық ормандарда ағаштардың төменгі жағында көлеңкеде өсетін өсімдіктерден шыққандықтан күнді аса қажет етпейді. Әрі солтүстік терезедегі температура да төмен болғандықтан суаруды көп қажет етпейді. Қыста салқын ауаға да шыдамды келеді. Бұларды ыстық бөлмелерде ұстаған жағдайда жапырақтарында қоңыр дақтар пайда болады. Гүлдің өзі солғын тартып өсуі нашарлайды. Кейбір үйлердің оңтүстіктен үлкен терезелері болады. Ол бөлмелерде жарық өте көп және ауада өте жылы, жазда ыстық болады. Бұл жағдайда да бөлме гүлдерінің түр-түрін өсіруге болады. Ол үшін жылу мен жарықты ұнататын гүлдің түрлерін таңдау керек. Бұндай гүлдерге кактустың түрлері, аспарагус, суккуленттер, сансевиерийлер жатады. Табиғатта бұл гүлдер ыстық жақтарда өседі. Күннің сәулесі қызған кезде бұлардың жапырақтары жайнап, бұтақтары будаң-будаң пайда бола бастайды. Декаративті жапырақты гүлдердің жапырақтарының түріне қарай терезе алдында араластырып әдемі орналастыруға болады. Сәнді гүлді гүлдерден пассифлора, бугенвилмен күннің қызуымен әдемі гүлдейді. Ал салбырап гүлді өсетін етті хойя биік мақпал, стефанотисде күнге бұрқыраған гүлімен өседі. Тік жапырақты гүлдердің ішінде гиппеаструм мен кливия, калланхое, белопероне әдемі гүлдерімен сәнді өседі. Биік жапырақты гүлдердің ішінде гитеастриум мен кливия, калланхое, белопероне әдемі гүлдерімен сәнді өседі. Декаративті жапырақты гүлдер: циперус, хамеропс, трахакарпус, колеус, қамыс және мәңгі жасыл мирт бірнеше жылдан кейін гүлге оранады.
Жай таңдамайтын бөлме өсімдіктері.
Үйдегі бөлменің түрлі-түрлі жағдайсыз жағдайларына қарамай гүлдеп өсе беретін гүлдерде бар. Мысалы: аспидистра, антарктикалық циссус гүлдері қараңғы бұрыштарда да өсе береді. Суккуленттердің бір түрі сансевиерия сусызда көп уақыт тұра береді. Кливия мен спармания күй талғамай көп жыл бойы әдемі гүлімен иесін мәз етеді. Өте қатты жарықта өсетін түрлі колеустер жапырақтары мен гүлдейтін импатиенс балкондарда да өсе береді. Гүлдерді өсіруді үйрену үшін осы өсімдіктерден бастап үйренген жөн. Уақытында суарып, тыңайтқыш беріп тәп-тәуір тәжірибе жинауға болады.
Іліп өсіретін гүлдерді өсіру.
Гүл өсірушілерді сүйікті гүлдерінің бір түрі жарды жағалап өсетін гүлдер. Өздерінің ұзын таралған сабақтарымен жардың интерьерін өзгертеді. Кітап полкалары мен картиналардың арасында әдемі орналасып өссе сәнді болады. Өрмелер өсетін гүлдер тез өсетін болғандықтан экзотикалық формалар жасауға болады. Бамбук пен лыко сияқты өсімдіктер тіреу ретінде, өрілген циновка сияқты етіп өсірілсе, ол жардағы түсқағаздардың ластануынан сақтайды.
Шырматылып, өрмелеп өсетін лиана сияқты гүлдер жағдай жасалғанда өте тез өседі. Оларға: партеноциссус, жабайы жүзім, циссустардың түрлері, өрмелегіш филодендрин және ароид тұқымдастар жатады. Өрмелеп өсетін кактус пен суккулент типтестерге рипсалистың түрлері жатады. Қыста пайда болған ақ, сарғыш, қызғыш гүлдерінен ақ түсті домалақ жемістер пайда болады.
Ала жапырақты бөлме өсімдіктері.
Бөлме өсімдіктері әдемі гүлдерімен ғана емес ала-құла әдемі жапырақтарымен де, көз тартатын түрлерімен де тамаша. Оларға түрлі фикустар жатады. Бұл өсімдіктер қараңғы орындарда өздерінің әдемілігін жояды. Өңсіз, бозғылт болып өседі. Ботаниктер бұл өсімдіктердің жапырақтарының ала-құла болуын олардың жапырақ беттеріндегі хлофилдің пайда болуының әр түрлілігінен болады деп есептейді. Бұл гүлдердің жапырақтарының ортасы ақшыл болса, кейбіреулерінің жапырақтары жағалай ақшыл болады.
Қыста гүлдейтін бөлме өсімдіктері.
Қанша уақыттан бері бөлме гүлдері жыл мезгіліне қарамастан өсіріліп келеді. Бірақ солардың ішінде қыстың даладағы аязы мен суығына қарамай үйіміздің ішінде гүлдерімен жайнап тұрған өсімдіктер бізде өте қуантады. Жұрттың бәрі ұнататын мұндай өсімдіктерге: азалия, бегония, шлюмбергерлер және тағы басқалары жатады. Бұл гүлдерді өсіруде үлкен талап қажет, әсіресе салқын бөлмелер мен терезелер алдында ұстау қажет.
Салқын бөлмелерде өсетін гүлдер.
Көптеген салқын бөлмелерде өсетін гүлдерді ұйықтайтын бөлмелерде отырғызған жөн. Көмір қышқылды ауада өте жақсы өседі. Әрі олар ауаны оттегімен байытып, адамның демалуына жақсы әсер етеді.
Діңгектермен оның өсімдіктері.
Кейбір бөлме өсімдіктері тропикалық зонадан әкелінген. Сондықтан олар ағаш діңгектерін жағалап өскен. Ағашқа өсетін гүлдерді өсіру үшін еменнің, бузинаның, акацияның немесе қара өріктің тармақталып өскен, қабығы шытынап жарылған діңін үлкен ыдысқа қағып отырғызып, тіпті тағыда жанынан жарға бекітіп қою керек. Діңнің түбіндегі топыраққа бірнеше өрмелегіш лиана тәріздес өсімдік отырғызуға болады. Бұл оған тропикалық табиғи түр беріп тұрады.
Рипсалистер діңде жақсы өсетін гүлдерге жатады. Ол 10-15 градус шамасындағы температурада, күн тікелей түспейтін жерлерде, тұнба су бүркіп тұру арқылы өседі. Қыстай гүлдеп шығып, артынан жартылай мөлдір жемістері пайда болады.
Көптеген архидеяның түрлері, каттлея, фаленопсистер, цибидиумдар, фалекопсистер осылай діңде өседі. Сол сияқты папортниктердің түрлері платицериум мен асплениум де жатады.
Кактустар мен суккулентттер.
Бөлме гүлдерінің ішінде кактус пен суккуленттердің түрлері өте көп. Олардың формалары: шар тәрізді, цилиндр тәрізді, жапырақ түрлі болады. Оларды осы кескіндері мен түрлі гүлдеріне байланысты адамдар ғасырлар бойы өсіріп келген. Құрғақшылықпен күннің қызуын жақсы көтеретін болғандықтан олар көп аса жағдай таңдамайды. Кактустар өте жәй өседі. Сондықтан олар шағын терезелер алдында сиып кете береді. Кактус тектес гүлдермен айналысушылар көбінің формаларына қарай жинап өсіреді. Кейбір тәжірибелі коллекционерлер кактустарды тегіне байланысты өсіреді. Мысалы:,,африка суккуленттері,, немесе ,,мексика кактустары,, сияқты түрлерін атауға болады. Кактустар табиғатта қайнамаған күндізгі ыстықта, өте салқын түндерде, құрғақшылықпен көктемді жауынды күндерде өседі. Сондықтан жаз айларында суккуленттерді далаға, таза ауаға шығару қажет. Терезе алдында өсетін кактустар мен суккуленттердің неше бір түрлі әдемі гүлдейтін түрлері бар. Мысалы: импозантты клейстокактус өте ірі болып өседі, перу цереусы аппақ мамық гүлдерімен жаппай гүлдейді. Кейбір гүл өсірушілерге алоэ, орбей, хавортио, эхеворгеи сияқты гүлдейтін тас түрлі кактустар ұнайды. Кейбіреулерге колонна сияқты малочай мен пахиподиумдар ұнаса, кейбіреулерге бөтелке тәрізді ятрофтар мен тасқа ұқсас адениумдар ұнайды.
Бұл гүлдерді өсірудің ең негізгі міндеті оларға үйден орын табу.
Кактус (Cactaceae) - қос жарнақты өсімдіктердің бірі \nescs\. Кактус көп жылдық өсімдік. Кактустың 3000-ға жуық түрлері бар. Олар Солтүстік және Оңтүстік Американың Канада мен Патагония арасындағы шөлді құмда, тасты жондарда, тропика ормандарында, әсіресе АҚШ-тың Оңтүстігінде, Мексикада кездеседі. Кактус қуаңшылыққа өте төзімді. Пейреския, Пейрескиопсис туысынан басқасының жапырақтары тікенге айналған, жапырақтың қызметін ет-женді сабақтары атқарады. Өсімдік салмағының 95℅-іне жуығы су. Бір ірі кактус денесінде судың 40-50 литр, кейде одан да артық болуы мүмкін. Кактустың сабағы жуан, ет-женді, шырынды, жасыл, әр түрлі (шар, бунақталған бұтақ, цилиндр) пішінді түрлері кездеседі. Гүлдері әдемі, қос жынысты, ақ, сары, көк, қызғылт түсті болады. Кактусты гүл шаруашылығында, әсіресе кактусты әуесқойлар өсіреді. Көптеген елдерде, сондай-ақ бұрынғы СССР-дің кейбір үлкен қалаларында кактус өсірушілер клубтары ұйымдастырылған болатын. Мұндай клубтар қазірдің өзінде-ақ Қазақстанның Алматы, Талдықорған, Теміртау тағы басқа қалаларында бар. Алматы клубын «Астрофитум» деп атайды. Кактус жемісі тамаққа, сабағы дәрі және құрылыс материалдары ретінде пайдаланылады. Қазақстанда кактус оранжереяда қаламшалау әдісімен тұқымынан өсіріледі.
Еуропаға кактустер Христофор Колубтың Америка материгін ашуынан кейін келді. Олар сол кездің өте бағалы сыйлықтары болып есептелінді. Испан газеттері 1535 жылы бірінен соң бірі кактустың түрлерін сипаттаумен болды. Осы кезден бастап кактусты қолдан өсіру басталды. Өсімдіктер мен жануарлардың жүйесін ашқан Карл Линней өзінің еңбегінде алғаш рет осы өсімдіктерге кактус деген атақ беріп, оның 22 түрін суреттеген. 1830 жылы барон Вильгелм фон Карвинский кактустың жаңа түрін ариокарпусты ашып кактустың үш экземплярын Еуропаға әкелген. Оның бірі Санк-Петербургтегі бақта, ал екіншісін дипломат князь В.П.Кочубей өсіріп Кочубейдің ариокарпусы деген атаққа ие болды. Үшінші кактус Парижде 1000 франкіге сатылады. Оның бағасы алтынның бағасынан да жоғары еді.
Кактустың табиғатта өсетін жері.
Кактустың негізгі мекені Америка континенті. Одан да басқа Магадаскарда, оңтүстік-батыс Африкада, Манаскарин аралдарында өседі. Сол сияқты Галапогос пен Антил аралдарында да өседі. Негізгі солтүстік ендікпен 57∙(Канадамен) 49∙ бойлық (Чилиге) даласында өседі. 12000 километрге созылған оңтүстік пен солтүстік ауа-райы аралас үлкен жер әлемін алып жатқан өсімдік. 30-40градус аязға және өте құрғақшылық далалық ауа-райына да төзімді. Кішкентай ғана Апуксия мен Корифанта дүниеге тірі күйінде келетін кактустар. Солтүстіктің 40градустық аязына, қалың қарына шыдайды. Ал оңтүстік Америкада, Невада, Юте, Аризона штаттарында ыстық климатқа, қыста мұзбен қарға шыдамды кактустер өседі. Оңтүстік Калифорния, Техас, Нью-Мексика штаттарында ыстық климатпен ұзақ құрғақшылыққа шыдамды кактустар бар. Тропикалық және субтропикалық оңтүстік Мексика облыстарымен орталық және оңтүстік Америкадан оңтүстік Бразилияға дейін, Перу, Боливия, Парагвай және Аргентинада кактустың жылу сүйгіш түрлері мелакактустар және эфифитті түрлері өседі.
Европалықтар кактусты 16 ғасырда көрген. Оларды жеміс деп түсінген. Кактустардың кейбір түрлері лиана сияқты өрмелеп өседі. Америка материгін кактуссыз елестету қиын. Тіпті Мексика елтаңбасында опунция кактусының бейнесі суреттелген.
Кактус суккуленттер тобына жатады. Бұл өсімдіктер табиғаттың барлық жағдайына тез бейімделінетін өсімдік. Бұл өсімдіктің 300-ден артық түрі ауа-райының қатал жағдайында өседі: қатты ыстық далалықта, саваннада, тау бөктерлерінде, экваториалдық ылғалды ормандарда таралған. Шар тәрізді кактустер сусыз ұзақ уақыт өмір сүре алады, себебі оның жапырақтары тікенек тәрізді болғандықтан булану процесі өте аз. Сонымен қатар тікенек тәрізді жапырақтары оны суықтан, күннің қызуынан және ауадан ылғалды өзіне тартады. Жайылып өскен тамырлары жер бетіндегі сирек жауған жаңбырдың ылғалын өзіне тез сіңіріп алады. Сонымен қатар кактустар күннің жарығын сүйеді, сондықтан да үйде өсіргенде кактусты әуелі көлеңкелі жерде, кейін күннің жарығына шығару қажет. Кактусты үйден далаға шығарған кезде жаңбыр суы тимейтін жерге орналастыру керек. Аптасына бір рет суарып, айына бір рет тыңайту қажет. Кактус өсірушілер дүкеннен кактусты алғанда шағын ыдыста отырғызу керек. Үйдегі су құбырындағы салқын сумен суару қажет. Кактусты кәдімгі гүлдер өсіретін топыраққа отырғызады, тек ыдыстың түбіне құм салу қажет, себебі ыдыста су тұрып қалмауы қажет. Ал жапырақты кактустерге торфты, субстракты жерге eгу керек.
Оңтүстік Американың таулы аймақтарында өсетін кактустар.
Перу, Боливия, Аргентина, Чили арқылы өтетін Анды тауларында теңіз бетінен 4500 метр биіктікте өсетін кактусты климаттың 40 градусындағы өзгерістеріне шыдамды түрлері өседі. Оған хаагеоцереум, копьпоа, түрлі неопортериялар, пигмецереустар, ислайя, эулихния сияқты кактустар жатады. Бұл өсімдіктер сәуір мен қараша айлары аралығында ылғалдылықты қалың тұманнан алады. Бұл тұман Антарктикадан келетін салқын ағынменен Тынық мұхит жағалауында пайда болады. Кейбір кактустың түрлері Анды тауының арасындағы құрғақ тегістіктерінде 1200-800 метр биіктіктерінде өседі. Ал Перумен Боливияда 3900-4500 м теңіз деңгейінен биіктікте өседі. Мұнда пуну атты өсімдіктер мен аралас кактустер кездеседі. Боливия мен Чилидің құрғақшылық климатына шыдамды кактустер кездеседі. Бұл жерлерге ауаның температурасы күніне бір тәуліктің ішінде қатты өзгеріп отырады. Түнгі салқын ауа -20с дейін, ал күндізгі ауаның қызуы +20-30с дейін өзгереді. Қыста қалың мұз, қар жатса, жазда қатты ыстық, құрғақшылық болады. Теңіз бетінен 400 метр биіктікте Кордельер тауларының арасында кактустың оройя Борхерс түрі, матукан және лобивия сияқты кактустер ақ, сары гүлдерімен гүлдейді. Сонымен қатар колонна тәріздес кактус ореоцереус , трихоцереус өте биік болып өседі. Осының бәрі кактус ыстық және құрғақшылық климатта өседі деген пікірді жоққа шығарады.
Кактус өсірушілердің барлығы Америка мен Мексикада өсетін түрлерін өсіреді.
Кактус – түрлі тікенектерімен жуан тармақтарымен, басқа өсімдіктерге ұқсамайтын түрімен көпшіліктің қызығушылығын туғызатын тропикалық өсімдік.
Кактустердің барлық органдары басқа өсімдіктер тәрізді. Кактус Мексикада жиі кездеседі. Кактустің түрлі популяциясы бірнеше метрден, километрге дейін созылып жататын далалық аймақта кездеседі. Кактус Мексиканың бүкіл жерінің жартысын алып жатады.
Кактустың мекені шөл дала. Шөл дала дегенде Африканың құмды сахарасы емес, ылғалды ауасы бар құнарлы жері далалық, тропикалық орман, және сирек орманды саванна. Текила – кактус ішімдігі. Бірақ кактустен жасалмаған оны агава сөлінен жасайды. Агава кактуске ұқсас өсімдік.
Кактус туралы кейбір пікірлер.
1 Кактус суармаса да өседі.
2.Кактус гүлдемейді, тіршілігінде бір рет қана гүлдейді, гүлдеген жағдайда да ұзақ өмір сүрмейді.
3. Кактус компьютерлік сәуледен қорғайды.
Бұл пікір орынсыз. Себебі сәуле жан-жаққа барлық бағытқа бірдей тарайды. Кактус өзіне келген сәулелерді жұтуы мүмкін. Сондықтан бұл ұғым дұрыс емес, ал бірақ компьютердің кактуске зияны анық.
Кактусты отырғызғаннан кейін қайта отырғызудың қажеті жоқ. Себебі, оның биосистемасына зиян келуі мүмкін. Егер отырғызылған топырағымен күтімі дұрыс болса, кактустар ұзақ өмір сүреді. Кактустер гүлдеу үшін тыңайтқыштарды пайдаланған жөн. Ал тыңайтқыштарды артығымен пайдаланудың қажеті жоқ. Кейбір кактустар өлмесе де сол күйінде бірнеше жыл тұра береді. Әрбір кактусты өз алдына отырғызу керек. Жас шамалары бірдей кактустарды бір ыдысқа отырғызуға болады. Кактусты басқа өсімдік түрлерімен отырғызуға болмайды. Кактус және суккулент синонимдер. Шындығында кез-келген суккулент кактус емес, ал кактус нағыз суккулент.
Кактустың географиялық мекені мен пайдаланылуы.
Кактустың отаны Америка континенті. Алғашқы теңіз саяхатшылары Америкаға келгенде осы тікенекті өсімдіктерді көріп өздерінің елдеріне ала кеткен. Осылай кактустың дүниежүзіне таралуы басталған. Кактус Магадаскар, Шриланка аралдарында мен Африкаға да адам қолымен әкелінген. Еуропалықтар орта ғасырдың өзінде-ақ экзотикалық өсімдікті өсірумен айналысқан. Еуропада кактус өсірумен айналысқан аптекарь Морган болды. Ол Лондонда 16 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Оның құрметіне суккуленттің бір түрі Морган очитогі деп аталған. Оның коллекциясында личелло-кактус, циреус және опунция түрлері болған.
Ежелден Мексикада опунция туралы аңыз тараған. Алғашқы атстектер Тескоко өзен көлінің жағасында өсіп тұрған опунцияның үстінде жыланды өлтіріп жатқан қыранды көрген. Оны жақсылыққа жорып, сол жерге қала салған. Ол қаланы әуелде опунцияның құрметіне Тенчтитлан «Киелі Опунция орны» деп, кейінірек ол қала Мехико деп аталған. Сондықтан опунция мексиканың ұлттық елтаңбасында бейнеленген.
Кейбір суккуленттердің ел арасында қарапайым аты бар. Мысалы, алоэ – «жүз жасар» деп емдік қасиетіне байланысты аталған. Суккуленттердің жапырақтарының түрлері «маймыл ағашы», «махаббат ағашы», «бақыт ағашы» деп аталынған. Адромисхус, котиледонның толқынды түрлеріне байланысты «тұшпара ағашы» деп те аталады. Молочай Милл кактусы «терновый венец», «кровь Христа» деп аталады. Анакампарос халықарасында «махаббат розасы» деп аталады.
Традисканция силламонтана «мысық құлақ» деп аталады. Ладье тәрізді традесканция «қатындар өсегі» деп аталады. Семпервивум «балапан тауық», «кейбір өсімдігі» деп аталады. Стапелию, гуэрнию және орбею түрлі кактустар «өлімтік» немесе «сасық гүл» деп аталады. Mesembruan-themaceae топтағылар «тірі тас» деп аталады. Ал крестовник Роули және Нила толстянкасы «моншақ» немесе «бисер өсімдігі», ал тирукалли молочайы «ұятсыз» деп аталады. Ресейге алғашқы рет кактусты еуропадан І Петр 18 ғасырда әкелген. Санк-Петербургтегі ботаникалық бақта 100 жылдан кейін кактустың мыңдаған түрлері пайда болды. 1717 жылы Санк-Петербургте емдік өсімдіктерді өсіретін бақ «Аптекарьский огород» деген атақ берілді. 1823 жылы осы бақта кактустың 1026 түрі өсірілді. Кактустың алғашқы көрмесі Мәскеуде 1907 жылы Зубовский бульварындағы К.К.Гиппиус үйінде өтті.
Кактустың пайдасы.
Жер шарында кактустың 3000 түрлері бар. Гели-антореус пасакан кактусының бұтақтарынан жиһаз, терезе жақтауларын, есік жасайды, үйдің төбесін жабуға пайдаланады. Көп цереустерді тірі қоршаулар ретінде өсіреді, ал феро-кактустың ұзын және иілгіш бұтақтарынан әдемі сувенирлер жасайды. Пахицериустың тікенекті жемістерінен тарақтар, щеткалар жасайды. Кейбір кактустардың бұтақтарынан, жемістерінен, тамырларынан кондитер өнімдерін мармелад, кәмпит дайындауға пайдаланады. Сөлін тәттілерді түрлі-түске бояуда пайдаланады.
Ертеректегі перу шеберлері қыш құмыраларын кактус сөлімен толтыратын болған. Кейін құмыралардың бояуы жақсы сақталынатын болған. Кактустың бұтақтарын емге пайдаланған. Опунцияның қышқыл-тәтті жемістерін атстектер тағам ретінде пайдаланған. Кейінірек еуропалықтар «тікенекті алмұрт» деп атаған. Опунцияның тікенекті жемісін аршып, кептіріп, қайнатып пайдаланатын болған.
Эхиноцереустерді, пилосоцереустерді де мармелад пен кәмпит жасауда пайдаланған. Аргентина халқы ачаканның дәмді тамырларынан картопқа ұқсас тағамдар дайындаған. Кактустың кейбір қатты түрінен тіс шұқығыштар, балық аулайтын қармақтар жасауда пайдаланады. Махроцеустың бұтақтары құрамында алкалоидты мескалин және аголонин бар. Колумбиялықтар оларды сиқырлы рәсімдерде пайдалананған. Столб тәрізді кактустардың ұзындығы бірнеше метрге жетеді, сондықтан оларды үйлердің төбесін жабуға пайдаланған. Боливия үндістері эхиноцереустердің жемістерін тамақ ретінде кептіріп мейіз, қайнатып джем, ұсақтап кесіп қантқа салып тәтті түрінде пайдаланған, ал Апачилер карнегидің жемістерін ашытып ішімдік дайындаған. Опунциді үнді смоквасы деп атаған. Опунцияның тікенектерден тазартылған жемістірін кептіріп, қайнатып тамақ ретінде, ал шырынын вино, сироп, желе ретінде пайдаланған.
Жапырақты кактус болады ма?
Үндістанда кездесетін лимон лазасы деп аталатын жапырақты кактус бар.
Суару
Кейбір үй гүлдерінің жапырақтары сарғайып, кеуіп түсіп қалады немесе жапырақтарында қоңыр дақтар пайда болады. Бұтақтардың жоғары жақтарында бүршіктерінің ашылмауы немесе өсуінің толық тоқтауы, өсімдіктердегі зиянды насекомдардың пайда болуы, сонымен қатар түрлі ауруға шалдығуы, міне осының бәрі өсімдіктерге күтімнің жоқтығынан пайда болады.
Дұрыс күтімнің ең бірінші талабы уақытында дұрыс суару. Үй өсімдіктерінің дұрыс өсуі көптеген жағдайларға атап айтсақ, жарық, жылу, топырақтың құнарлығы, ыдысқа, жыл мезгілінеде байланысты. Әр өсімдіктің өзіне тән ерекшеліктері бар. Кристовник, кальцеолярия, синнингия, гидрангея, партеноциссус сияқты өсімдіктер көп ылғалды қажет етеді. Кактустер мен суккуленттерді тыныштық күйі кезінде өте сирек суаруы қажет. Ал наурыз айынан бастап суаруды жиілету қажет. Суару мөлшері бөлмедегі ауаның температурасына байланысты. Үй температурасы жылы болған сайын суаруды жиілету керек. Суару мөлшері ыдысқа да байланысты. Өсімдіктің тамыры ыдысты түгел алып жатса суару да көбірек болуы тиіс. Жаңадан отырғызылған өсімдіктерді жиі, бірақ аздап суарып тұру керек. Жалпы суарудың тұрақты мөлшері жоқ. Егер жапырақтың беті кепсе ол суаруды қажет етеді. Кейбір қыштан жасалған құмыраларды жанынан ұрып, дыбысты тыңдау қажет. Соңғы кезде өсімдікті суару үшін өсімдікті ыдысымен түгелдей суға батыру әдісі қолдануда. Топырақтан ауа шығып болғанша гүл ыдысымен суда тұрады. Көп өсімдіктері бар адамға бұл әдіс қолайсыздау. Бірақ осы әдіс үй өсімдіктері үшін өте қажет. Мезгіл-мезгіл гүлдің жапырақтарын сумен бүркіп тұру керек. Нәтижесінде гүл жапырақтарындағы шаңды жуып кетіреді және айналасындағы ауаның ылғалдылыгын арттырады. Ылғалдылық артық болған кезде жапырақтар сарғайып, жапырақтардан шіріген иіс шығады. Сондықтан да мезгіл-мезгіл гүлмен оның топырағының иісін тексеріп тұру керек. Егер шіріген иіс шықса, тез арада басқа ыдыс пен топыраққа қайта отырғызу қажет. Судың құрамына байланысты судың да сапасы әр түрлі болады. Мысалы, кальций мен магнийі бар ащы су өсімдіктің өсуіне кері әсер етеді және топырақтың бетінде ақшыл қабат пайда болады. Бұл тұздың артық мөлшерін көрсетеді. Судың ең жарамды тұздылығы рН 5,5-6,5 аралығында болады. Мықты ащы судан өсімдіктерге хлороз ауруы пайда болады. Судың сапасын анықтайтын арнайы индикатор қағаздар арнайы дүкендерде сатылады. Суды қайнату және оны жиырма төрт сағат бойы тұндырып қою оны әлдеқайда тұшытады. Суды торфпенде суыту әдісі бар. Қалтаға салынған торфты суы бар шелекке 12-15 сағат салып қояды. Қазіргі кезде анайы арналған суды тұшытатын арнайы сұйықтар бар. Оларда судың түсіне қарап тұщылығын анықтауға болады. Кейбір өте ащы суларды ылғалды уксус қосу арқылы тұшытып алуға болады. Бірақ мұндай судың иісі болады.
Тыңайтқыштармен азықтандыру.
Қазіргі заманда гүл өсімдіктерінің тыңайтқыштары арнайы дүкендерде пакеттер мен флакондарда дайын тұрады және оны қолдану өте оңай. Пакеттің сыртында көрсетілген мөлшерде тыңайтқышты сумен араластырып гүлді суарады. Бірақ гүлдерге артық мөлшерде тыңайтқыш беруге болмайды. Тыңайтқышты жақсы өсіп тұрған өсімдіктерге қолдануға болмайды. Тыңайтқышты жапырақтарға тигізбей суару қажет. Тыңайтқышты қолдану жыл мезгілдеріне де байланысты. Кактустерді қысқы демалыс кезінде тыңайтқыштармен құнарландыруға болмайды.
Тыңайтқыш
Декаративті жапырақты және гүлді өсімдіктер үшін әр түрлі тыңыйтқыштар пайдаланылады. Декаративті жапырақты өсімдіктерге азот, ал гүлді өсімдіктерге фосфор мен калий молырақ керек. Химиялық өнеркәсіпте гүлдердің осы қасиетіне байланысты әр түрлі арнаулы тыңайтқыштар жасайды. Тыңайтқыштар сұйық күйінде, таблетка, ұнтақ күйінде дайындалады. Көбіне декаративті жапырақты өсімдіктерге арналған тыңайтқыштар суға араласқанда жасыл түсті, ал гүлді өсімдіктер үшін қызғыш түсті болады. Кейбір декаративті, жапырақты өсімдіктер үшін таяқша түрінде тыңайтқыштар дайындалынады. Фатсия мен араукарии гүлдері бар гүл өсіруші әуесқойлар осы тыңайтқышты таяқшаларды пайдаланады. Декаративті жапырақты өсімдіктерді наурыз және қазан айлары арасында апта сайын, ал қараша мен ақпан айларында айына бір рет тыңайтады. Гүлді өсімдіктер үшін фосфор мен калий олардың гүлдерінің түсі әдемі болуы үшін және тұқымдарының тез пісуі үшін қажет. Сондықтан да оларды гүлдеместен бұрын тыңайту керек. Бұлар үшін шығарылған тез еритін таблеткалар пайдаланылады. Бұлардың құрамында қажетті микроэлементтер және оттегі болады. Қатты тыңайтқыштардың ішінде тыңайтқыш шариктері пайдаланылады. Олар жай еритіндер, ал кейбіреулері сегіз аптаға дейін жеткілікті болады. Кактустер далалықта өсетіндіктен 5-8% азот, 14-18% фосфор және 18% калийі бар тыңайтқыштармен кактусты тыңайту қажет. Кейбір үйде қолданылып жүрген тыңайтқыштардың көбісін тыңайтқыш ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, жұмыртқаның қабығы езілген сумен суару, кальций мен магнийді қажет етпейтін гүлдерді хлороз ауруына ұшыратады. Ал кофе, шәймен суарудың пайдасы жоқ. Ал суға пиво қосып суару тек суды аздап қана тұшытады. Ал суға өсімдік майын қосып суару жапырақтардың тыныс алу системасын бұзады. Минералды сумен суарудың да пайдасы жоқ. Тек көмір қышқыл газы кеткеннен кейін ғана судың орнына пайдалануға болады.
Жарық
Гүлдердің түріне қарай жарықтың қажеттілік шамасы да әр түрлі. Декаративті жапырақты өсімдіктердің көбісі көлеңкеге шыдамды немесе көлеңке сүйгіш болып келеді. Жарықты өлшейтін құрал – люксметр. Терезелері шығысқа, батысқа және оңтүстік-батысқа қараған бөлмелерде өсімдіктер өзін жақсы сезінеді. Ал оңтүстікке қараған терезелерде өсімдіктердің көбісі терезелердің жалюзиі немесе терезе жапқыштармен жабылғанда өздерін жақсы сезінеді. Күннің жарығы мен қызуы тікелей түсетін оңтүстік терезелерде өсімдіктердің күйіп кету қаупі бар. Ондай терезелерден өсімдіктерді 3 метр қашықтықта орналастыру қажет. Гүлдейтін өсімдіктерге жарық көбірек керек. Себебі олардың гүл бүршіктері пайда болуы үшін жарық қажет. Ал декаративті жапырақты өсімдіктерге жарық әлде қайда аз қажет.
Қорытынды:
Кактусты өсіру күнтізбесі
Қаңтар.
Қаңтар айында кактус өсімдіктері қысқы тыныштық күйінде болады. Өте аз суару қажет, бірақ жарықта ұстау қажет. Шыбын-шіркей, зиян кестерінен сақтау қажет. Эпифит: рипсалис / /түрлерін ертеңгілікте жылы сумен бүрку қажет.Көптеген кактустар мен суккуленттер бұл кезде әлі қысқы тынығү мерзімінде болады.Өсу мен гүлдеуден тыс бұл демалуды жиі желдету арқылы реттеуге болады,сол себептен жылымық күндері гүлді жел жетпейтіндей жерге қойып,желдеткіштерді ашып алған жөн.Бұл кезде зиянды жәндіктермен белсенді күрес жүргізу қажет.Жер кактустарын жарық,таза ауа келіп тұратын толықтай құрғақ жерде өсіру керек.Рипсалис,селеницереус секілді эпифиттерді ертемен жылы сумен бүркиді.
Ақпан
Көктемгі күннің сәулесі әсерінен гүлдерге құятын су көлемін не мерзімін ұлғайтудың қажеті жоқ.Суарудан мүлдем құтылғысы келетіндер өсімдіктер ыдыстарын топырақ пен құм толтырылған жайпақ ыдысқа қойып,оны үнемі ылғалдандырып тұрғаны жөн.Сонда суару мәселесі өз-өзімен жоғалып кетеді.
Наурыз.
Кактустардың тынығу мерзімі аяқталады .Олар қайтадан жарық,жылы терезеге әкелінуі тиіс.Десе де абай болыңыз,қысқы күңгірт пәтерден жарыққа көшіру күнді сүйетін бұл өсімдік түрлері үшін де қауіпті болуы мүмкін.Сондықтан алғашқы кездері тікелей күн көзінен көлеңкелеңіз.Ең қарапайымы, гезетті жайып әйнек пен өсімдік арасына қыстырыңыз.Суды гүл атып жатқан кактустарға көбірек құю керек.
Сәуір.
Өсімдіктер белсенді өсіп жатыр,ол үшін күнделікті суару мен бүрку керек.Кактустар демалу тесіктерін бітеп тастайтын шаңды толық кетіретін бүркуге оң қарайды.Түскі сағаттарда күн қыздарса өсімдіктерді көлеңкелеуді ұмытпаңыз.
Мамыр.
Өз бағымыздағы өсімдіктерді көктемгі саф алуға шығаруды ұмытпаңыз.Жылы күн жан-жақты жарық пен тұрақты суару өсімдіктерге оң әсер етеді.Мұндай демалыстарға қолайлы жерлер балкон,терраса немесе толық ашылған терезе болуы керек.Кактустарға арналған арнайы тыңайтқыштарды салуды да ұмытпаңыз.
Маусым.
Гүлдеп біткен түрлердің барлығына суды аз құйып,күн көзі тікелей түспейтін көлеңкелі жерге ауыстырады.Ал қалған кактустар жазғы күн сәулесі таза ауа мен өсімді қамтамасыз тететін су бүркуіне толық ие болады.Кактусты тек аса қажет болғанда ғана арнайы топырақ қосындысы бар ыдысқа қайта отырғызады.
Шілде.
Таза ауадағы кактустар мен суккуленттер үшін қазір сас көп күт імнің қажеті жоқ.Гүлдерді кешке,көп мөлшерде құяды,түсте суарып қажеті жоқ,өйткені бұл кездегі су гүл тамырына жетпей буланып кетеді.
Тамыз.
Тамыз айында кактустарнға тыңайтқышсоңғы рет салынады.Тесігі кішкене ыдыстан бүркілген жасандышық кактустарға өте жақсы әсер етеді.Бұдан басқа суаруды ұмытпау керек,өйткені көптеген гүл түрлеріне әлі де көп мөлшерде су қажет.
Қыркүйек.
Температура түскеніне қарамастан кактустар ашық ауада қазанның орта шегіне дейін қалдырылады.Бақтары не балкондары жоқ кактус күтушілері таза ауа енуі үшін(түнде де)терезелерін ашық қалдыру керек.Барлық кактустарды бұл кезде жаздағыдан екі есе аз суарады.
Қазан.
Ай ортасында кактустар қысқы мекендеріне оралады.Бұл мақсатта орташа жылытылатын бірақ жарық жақсы түсетін жатын бөлме дәліз халл немесе жылыту құбырлары жоқ жер асты бөлмелерін пайдалануға болады. Терезе алдында қалдырылған өсімдіктерге терезе аз ашылады.Суаруды одан да азайтады.
Қараша.
Егер күн шығып тұрса кактустар бар бөлмені желдету керек,бірақ желдету уақыты 2 сағаттан аспау керек.Өсімдіктерді аз суарасыз,бірақ ыдыстардағы топырақ толық құрғап кетпеу керек.Қыстауға ең қолайлы температура 6-10с, одан асып кетпеу керек .Бұл ережеге қыста гүлдейтін июмберлер мен рипсалис секілді түрлер бағынбайды.Оларға тұрақты суару керек.
Желтоқсан.
Қазірең есте болатын нәрсе өсімдіктерді өсу процесін болдыртпау.Тынығудың бұл кезеңі келесі жылы нақты гүлдеуге жасау береді.Сондықтан суаруды 10күнде бір рет жүргізіледі,әрі термометр тропикалық температураны көрсетпеуі керек.Ал кактустар үшін ең қолайлы жер-салқын әрі таза ауа келіп тұратын бөлме.
Мазмұны
Кіріспе
І.Негізгі бөлім.
Жай таңдамайтын бөлме өсімдіктері
Іліп өсіретін гүлдерді өсіру
Ала жапырақты бөлме өсімдіктері
Қыста гүлдейтін бөлме өсімдіктері
Салқын бөлмелерде өсетін гүлдер
Діңгектермен оның өсімдіктері
Катустар мен суккуленттер
1.1. Кактустың табиғатта өсетін әсері жері
1.2. Оңтүстік Американың таулы аймақтарында өсетін кактустар
1.3. Кактустың географиялық мекені мен пайдаланылуы
1.4 Кактустың пайдасы
1.5 Суару
1.6 Тыңайтқыштармен азықтандыру
1.7 Тыңайтқыш
Қорытынды
Суреттер
Пайдаланған әдебиеттер
Пайдаланылған әдебиеттер
Комнатные растения /мини-энциклопедия /«издательство Астрель»,-2001год /