Өсімдік және жануар жасушалары қандай үш бөліктен тұрады? Прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан қандай айырмашылығы бар? Оларға қандай ағзалар жатады? Жасуша қабығы, ядро,вакуоль мен пластидтер не үшін керек? Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан қандай айырмашылығы бар?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы»
Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы
Жасуша – тіршіліктің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі. Барлық ағзалар жасушалардан тұрады. Әрбір жасушаға тірі ағзалардың қасиеттері: көбею, өсу, зат алмасу, тұқымқуалаушылық пен өзгер- гіштік, қартаю және т.б. тән. Тірі ағзалардың барлық жасушалары өзара химиялық құрамы мен құрылысы бойынша ұқсас. Бактерия жасуша- сында ядро жоқ, тек қабықшасы мен цитоплазмасы болады. Сондықтан оларды прокариоттар – ядросы қалыптаспаған (ядро түзілгенге дейін пайда болған) деп атайды (1-сурет). Өсімдік, саңырауқұлақ және жануар жасушалары үш бөліктен: қабықша, цитоплазма мен ядродан тұрады.
Прокариоттар мен эукариоттар. БірсақиналыДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтар атқаруы мүмкін. Прокариот жасушасы плазмалық мембранаменжабылған, оның сыртында жасушақабырғасы, көбінесе шырыштықабықша (капсула) болады. Қабықша бактерия жасушасын қорғайды. Прокариот жасушасында міндетті түрде ұсақ рибосомаларжәне ерекше мембранақатпары болады. Сонымен, онда хлорофилл немесе энергия алуға қатысатын басқа да маңызды заттар болуы мүмкін.
Эукариоттар – құрамында ядросы бар ағзалар.Ядро және басқа да құрылымдары жасуша цитоплазмасында болады және олар органоидтер деп аталады. Барлық органоидтер белгілі бір қызмет атқарады. Ядро бүкіл химиялық үдерістерді нәруыздар-ферменттер синтезі арқылы бақылап, жасуша тіршілігін басқарады. Олар көбінесе жасуша орталығында болады. Бірақ қартайған өсімдік жасушасында барлық дерлік жасуша кеңістігін орталық ірі вакуоль алып жатуы мүмкін. Сонда цитоплазма қалдығы бар ядро жасуша қабықшасына жақын орналасады.
Ядро – цитоплазмадан саңылауы бар екімембрана арқылы бөлінген органоид. Ядроның ішінде хромосомалар мен ядрошық жүзіп жүретін ядро шырыны – кариоплазма болады. Хромосомаларда нәруыздардың құрылысы туралы тұқымқуалаушылық ақпарат сақталады. Эритроциттер мен тромбоциттер сияқты ядросы жойылған эукариот жасушалары көбею қабілетінен айырылады.
Жасуша мембранасы мен жасуша қабырғасы қорғаныш қызметін атқарады. Барлық жасушаларсыртқы мембранаменжабылған.Бірақ саңырауқұлақтар мен өсімдіктерде және көптеген бактерияларда мембранадан басқа сыртында жасушақабырғасы да болады. Ол жасушаға беріктік қасиет береді және пішінін сақтайды. Саңырауқұлақтардың жасуша қабырғасы хитиннен, өсімдікте целлюлозадан, ал бактерияларда муреиннен тұрады.
Жасуша органоидтері. Пластидтер – тек өсімдік жасушасының органоидтері.Олардыңүштипіболады.Хлоропластардажасылпиг- мент – хлорофилл болады, ол фотосинтез үдерісін жүзеге асырады. Фотосинтез үдерісі хлоропластың ішкі мембранасында, қатпарларда – граналардажүреді.Лейкопластар–ақнемесетүссізпластидтер.Олар крахмалда – қоректік заттар қорын жинайды. Хромопластардақызыл, сары немесе қызыл сары пигменттер болады. Олар қоректік (сәбізде, қызылшада) немесе зиянды (күзгі жапырақтарда) заттарды жинайды. Гүлдердің күлтелеріне ашық түс беріп, жәндіктерді еліктіреді. Пластидтер бір-біріне айналуы мүмкін.
Митохондриялар – жасушаның энергетикалық стансысы. Ол барлық эукариоттарда бар. Органикалық заттардан (нәруыздар, майлар немесе көмірсулар) оттек әсерінен су мен көмірқышқыл газы түзіледі, ал бөлінген энергия АТФ түрінде қорға жиналады. үдеріс кристаларда – ішкі мембрана өсінділерінде жүреді.
Рибосомалар нәруыз биосинтезін жүзеге асырады – аминқышқылда- рын нәруыздарға біріктіреді. Олар барлық тірі жасушаларда, тіпті прокариоттарда болады.
Гольджижиынтығы заттардың жасушаішілік тасымалын, майлар мен көмірсулардың модификациясы мен синтезін, лизосомалардың түзілуін жүзеге асырады. Ол ядроның қасында қуыстар мен цистерналар түрінде ретті орналасқан мембраналардан тұрады. Олардан үнемі мембрана көпіршіктері бөлініп отырады. Онда сыртқа бөлінетін немесе ұзақ уақыт сақталатын заттар болуы мүмкін. Көпіршіктердің бір бөлігі лизосомаларға айналады.
Лизосомалар – асқорыту вакуольдері – асқорыту ферменттеріне толы мембрана көпіршіктері. Олар зиянды немесе қоректік заттарды ыдыратады. Өзін-өзі қорытуды – автолизді жүзеге асырады. Жануарлар мен саңырауқұлақтарда болады.
ЭПТ (эндоплазмалық тор) – цитоплазманың ішіндегі мембрана түтікшелері (өзекшелері). Тегіс ЭПТ (рибосомасы жоқ) майлар мен көмірсулардың синтезін, ал бұдыр ЭПТ (рибосомалары бар) – күрделі нәруыздар биосинтезін жүзеге асырады. Барлық ЭПТ Гольджи жиын- тығымен бірге заттардың жасушаішілік тасымалына қатысады.
Нағызвакуоль тек өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда болады. Бұл – жасуша шырынына толы мембрана көпіршігі. Онда зиянды немесе қоректік заттар концентрлі ерітінді түрінде сақталады. Сонымен қатар вакуольдер өсімдік жасушасында жасушаішілік қысымды сақтайды.