Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы витаминдердің қызметі, авитаминоз, гипервитаминоз ұғымдарының мәнін ашу арқылы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың витаминдер топтарына тоқталу арқылы білімін толықтыру, әртүрлі білім көздерін қолдана білу. Ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету арқылы дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және сыйласымдыққа тәрбиелеу, өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру,салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жүйелеу, бекіту
Сабақтың түрі: аукцион сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, дәрілер көрмесі, кафедра, жапсырма плакаттар
Сабақ өтілу әдісі: түсіндіре басқару, жеке және топтық жұмыс, сұрақ –жауап, мамандар мәліметі
Сабақта қолданылған әдебиеттер: оқулық 8-сынып, интернет желісі, «Биология» журналы 2006 жыл