kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Витамен" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы витаминдердің қызметі, авитаминоз, гипервитаминоз ұғымдарының мәнін ашу арқылы білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың витаминдер топтарына тоқталу арқылы білімін толықтыру, әртүрлі білім көздерін қолдана білу. Ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету арқылы дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және сыйласымдыққа тәрбиелеу, өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру,салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жүйелеу, бекіту

Сабақтың түрі: аукцион сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, дәрілер көрмесі, кафедра, жапсырма плакаттар

Сабақ өтілу әдісі: түсіндіре басқару, жеке және топтық жұмыс, сұрақ –жауап,  мамандар мәліметі

Сабақта қолданылған әдебиеттер: оқулық 8-сынып, интернет желісі, «Биология» журналы 2006 жыл

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын сұрау
  1. Кіріспе
  2. Аукцион сөзі
  1. Қорытынды
  2. Сабақты бағалау
  3. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру бөлімі

  • Сыныппен сәлемдесем, кезекші кім екенін  сұраймын, сыныпты түгелдеймін. Сабаққа дайындықтарын тексеремін. Аукионға келген мамандарды таныстырамын.

2. Үй тапсырмасын сұрау

а) Кіріспе:

Мұғалім : витаминдер дегеніміз –ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы. Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық –түліктерде болады. Адам әртүрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Витамен" ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: §51 Витаминдер және олардың маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы витаминдердің қызметі, авитаминоз , гипервитаминоз ұғымдарының мәнін ашу арқылы білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың витаминдер топтарына тоқталу арқылы білімін толықтыру, әртүрлі білім көздерін қолдана білу. Ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету арқылы дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және сыйласымдыққа тәрбиелеу, өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру,салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жүйелеу, бекіту

Сабақтың түрі: аукцион сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, дәрілер көрмесі, кафедра, жапсырма плакаттар

Сабақ өтілу әдісі: түсіндіре басқару, жеке және топтық жұмыс, сұрақ –жауап, мамандар мәліметі

Сабақта қолданылған әдебиеттер: оқулық 8-сынып, интернет желісі, «Биология» журналы 2006 жыл

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Кіріспе

  2. Аукцион сөзі

  1. Қорытынды

  2. Сабақты бағалау

  3. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі

  • Сыныппен сәлемдесем, кезекші кім екенін сұраймын, сыныпты түгелдеймін. Сабаққа дайындықтарын тексеремін. Аукионға келген мамандарды таныстырамын.

2. Үй тапсырмасын сұрау

а) Кіріспе:

Мұғалім : витаминдер дегеніміз –ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы. Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық –түліктерде болады. Адам әртүрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады.

Суда еритіндер (РР, С, В1, В2, В6, В12)

Витаминдер

Майда еритіндер (А, Е, К, Д)



Ағзадағы витаминдер концентрациясының бұзылуы



ГИПОВИТАМИНОЗ ГИПЕРВИТАМИНОЗ АВИТАМИНОЗ



Қане кім витаминдер жайында мәліметтер айтқысы келеді?

1 –ші оқушы: витаминді ашқан ғалымдар жайында мәліметтер береді.

2 –ші оқушы: қосымша айтып шығады.

3 –ші оқушы: витамин жайлы мәлімет береді.

ә) Аукцион сөзі:

Оқушылар бүгін «Витаминдер» тақырыбына аукцион ұйымдастырылады. Аукционер мен өзім боламын, ал витаминді сатып алушылар сендер болсыңдар. Енді аукционымызды бастамас бұрын ережесімен танысып өтейік.

  1. Бір затты сатып алу үшін оның биология пәнімен қандай да болса байланысын табу қажет.

  2. Заттың құны білім деңгейімен межеленеді (білім деңгейіне қарай сатылады)

  3. Сатып алушылар тәртіппен , кезектесіп сойлейді.

  4. Сатып алғысы келген адам пікіріне қол көтеру арқылы білдіреді

  5. Тәртіп сақтауға ерекше назар аударылуы тиіс



  • Аукционер. Сонымен организм үшін бірден –бір қажетті заттар –витаминдерді сатуды бастаймыз.

  • Алғашқы саудаға А витамині түседі, бағасы 500 теңге. Өзін қысқаша таныстыру үшін А витаминіне сөз беріледі.

А витамині (ретинол) –майда жақсы еритін витаминдер тобына жатады. Организмге көбіне дайын күйінде түседі. Адам тәулігіне 1 мг А витаминін қабылдауға тиіс. Ретинолдың жетіспеуінен тері құрғап, көздің нашар көруі байқалады.

1 –ші сатып алушы: -мен бұл витаминді 1000 теңгеге бағалаймын. Себебі, айтылғаннан басқа тағамда А витамині жетіспесе, балалардың өсуі баяулайды.

  • Аукционер. А витамині 1000 теңгеге сатылады: 1,2 ....

2 –ші сатып алушы: -мен А витаминіне 1500 теңге беремін.Себебі , А витамині эпителий ұлпаларының дамуын, қалыпты өсуін реттейді, ферменттер жұмысын күшейтеді.Бауыр , сарымай, балық майында, сәбіз, қызанда кездеседі. Адамның пәле ауруына қарсы тұру қабілетін арттырады.

  • Аукционер. А витамині 1500 теңгеге сатылады: 1,2,3 Сатылды

Келесі В1 витамині (тиамин) сатылады, алғашқы бағасы 500 теңге. Өзін қысқаша таныстыру үшін В1 витаминіне сөз беріледі.

В1 витамині (тиамин) –бұл витамин организмдегі май, белок, көмірсу, және минералды заттардың алмасуын реттейді. Тиамин қара нанда, картопта, сәбізде, орамжапырақта кездеседі. Тәуліктік мөлшері 1,5 -2 мг. В1 витамині жетіспесе бас ауырады, адам ашушаң болып, есте сақтауы әлсірейді, тәбеті төмендейді.

  • Аукционер. В1 витамині 500 теңгеге сатылады: 1,2 ....

Сатып алушы: -мен бұл витаминді 1000 теңгеге бағалаймын, себебі, В1 витамині көмірсу алмасуына қатысады, жүрек –бұлшықет , жүйке –жүйесі мүшелерінің қызметін реттейді. В1 витамині жетіспесе «Бери –бери» (полиневрит) ауруы пайда болады.

Ауру белгілері –асқа тәбеттің жойылуы, арықтау, тез шаршау , аяқ бұлшықеттерінің әлсіреуі, сосын аяқтың жансыздануы.

  • Аукционер. В1 витамині 1000 теңгеге сатылады: 1,2 ....3 Сатылды.

Келесі С витамині сатылады, алғашқы бағасы 800 теңге. Өзін қысқаша таныстыру үшін С витаминіне сөз беріледі.

С витамині (аскорбин қышқылы) –тотығу -тотықсыздану реакция айналымына қатысады; көптеген ферменттер құрамына кіреді; ақуыз синтезіне қатысады; бүйрек үсті бездерінде норадреналиннің түзілуін жүзеге асырады. Тәулігіне 50 -100 мг қажет.

1 –ші сатып алушы: -мен 1500 теңге беремін,себебі, С витамині әртүрлі жемістерде көп мөлшерде кездеседі: қарақат , итмұрын, лимон, орамжапырақ. С витамині жетіспесе адам құрқұлақ ауруына шалдығады.

  • Аукционер. С витамині 1500 теңгеге сатылады: 1500 теңге бір,1500 теңге екі ....

2 –ші сатып алушы: -мен бұл витаминді 2000теңгеге бағалаймын. Себебі , С витамині организмді темекі түтінінің уынан тазартады, ішкі секреция бездерінің жұмысын жақсартады, қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады, күйіктің, жараның жазылуын тездетеді. С витамині итмұрын жемісінде қарақатпен салыстырғанда 10 есе көп.

  • Аукционер. С витамині 2000 теңгеге сатылады: 2000 теңге бір, 2000 екі ....2000 теңге үш. Сатылды.



Келесі сатылатын витамин РР. Алғашқы бағасы 1000 теңге. Өзін қысқаша таныстыру үшін РР витаминіне сөз беріледі.

РР витамині (никотин қышқылы) –суда еритін витамин. Клетканың тыныс алуына қатысады, көмірсу алмасуын қарқындатады, асқазан жұмысын реттейді. Жүйке –жүйесі мен мидың жұмысын жақсартады. Бұл витамин жетіспесе адам пеллагра ауруына ұшырайды.

Сатып алушы: -мен бұл витаминді 1500 теңгеге бағалаймын. Себебі , көмірсу алмасуын жақсартады, тамырларды кеңейтеді, қан ағымын жақсартады,жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР витамині жетіспеген жағдайда көңіл –күйдің болмауы, еріннің құрғақтылығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшықет ауруы болады.

  • Аукционер. РР витамині 1500 теңгеге сатылады: 1500 теңге бір, 1500 екі ....1500 теңге үш. Сатылды.

Келесі витамин Д. Алғашқы бағасы 1200 теңге . Өзін қысқаша таныстыру үшін Д витаминіне сөз беріледі.

Д майда еритін витамин –екі түрде кездеседі: эргокальциферол (Д2 витамині), холекальциферол (Д3 витамині). Бұл витаминдер жануартектес азық –түлікте көп кездеседі: сарымайда, сүтте, теңіз балықтарының бауырында. Д итамині жетіспесе мешел ауруына ұшырайды.

Сатып алушы: -мен Д витаминін 1500 теңгеге бағалаймын. Себебі, ол организмде А витаминінің сіңуін жылдамдатады, қорғасын т.б. ауыр металдардың организмнен шығуын жылдамдатады, туберкулез таяқшаларын жояды. Адам терісінде күннің ультракүлгін сәулесі әсерінен Д витаминіне айналатын заттар пайда болады.

  • Аукционер. Д витамині 1500 теңгеге сатылады: 1500 теңге бір, 1500 екі ....1500 теңге үш. Сатылды.

Келесі сатылатын Е витамині. Алғашқы бағасы 500теңге. Өзін қысқаша таныстыру үшін Е витаминіне сөз беріледі.

Е витамині (токоферол) –майда еритін витамин. Организмдегі май, белок ,көмірсу алмасуына әсер етеді. Бұлшықет жұмысын жақсартады. Организмге өте қажетті гормондардың пайда болуына септігін тигізеді. Бұл витамин сарымайда , мал бауырында, жұмыртқада кездеседі.

Сатып алушы: -Е витаминінің организмдегі маңызы зор. Ол эритроциттер қабықшасын бұзатын жүйені қорғайды. Бұл витамин жетіспесе қаңқа бұлшықетінің бұзылуына, жыныс бездерінің әлсіреуіне соқтырады. Мен сондықтан бұл витаминді 1000 теңгеге бағалаймын.

  • Аукционер. Е витамині 1000 теңгеге сатылады: 1000 теңге бір, 1000 екі ....1000 теңге үш. Сатылды.

3. Қорытынды

- Оқушылар бүгін аукцион сабақта витаминдік препараттарға және олардың адам денсаулығына тигізетін пайдасы жайында айтып, ой бөлісу үшін мамандар келіп отырған болатын, сөз кезегін берсек.

- Дәрігер –терапевт ; - Диетолог

Жарайды рахмет сіздерге. Ал оқушылар витамин жайында біраз мағлұмат алдық, талдадық, естіп ойға түйдік пе? Тақырып түсінікті ме? Қандай сұрақтарыңыз бар?

4. Бағалау

Сабаққа белсене қатысып, жақсы жауап берген оқушыларды бағалаймын.

5. Үй тапсырмасы

§51 Витаминдер және олардың маңызы. 186 бет. Оқулық пен қосымша әдебиеттерді пайдаланып, 190 беттегі «Кейбір витаминдер мен оның қызметі» деп аталатын кестені толтыру және де осы тақырыпта 10 тест сұрақтарын құрып келу.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Витамен" ашық сабақ

Автор: Боранбаева Әсем Аманжолқызы

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396726

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) ""Витамен""
    ["seo_title"] => string(8) "vitamien"
    ["file_id"] => string(6) "396752"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1488308895"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства