Просмотр содержимого документа
«Паразиттік құрттар мен оның түрлері. Сақтану шаралары»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
ПАРАЗИТТІК ҚҰРТТАР МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Орындаған: Зиябек Көңілжай
Тексерген: Карменова Б.К
Өскемен қаласы, 2018 -2019 жыл
КІРІСПЕ
Паразит деген ұғымның өзі гректің «para» – жанында, «sitos» – қоректену деген сөзінен шыққан. Белгілі бір организм (паразит) екінші бір организмде (иесінде) тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде және мекен ететін ортасы ретінде де пайдаланатын жануар.
Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (Leuckart, 1879). Лейкарттың анықтамасы бойыншапаразит дегеніміз – бұл бір организм басқа организмде қорек және баспана табатын тірі организмдер.
АУРУДЫ ЖҰҚТЫРУ БЕЛГІЛЕРІ
Паразиттерден туындайтын аурулардан сақтану жолдары
Статистикаға сүйенсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын қайтыс болатын 50 млн адамның ішінде 16 миллионының өлім себебі инфекциялық және паразитарлық аурулар. Бұл аурулардың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы дүние жүзінде үшінші орын алады.
Паразитарлы инвазияның
себептері:
1. Жеке гигиенаның бұзылуы; 2. Ішек құрттары жұмыртқасының қабығын бұзатын асқазан сөлі секрециясының бұзылуы; 3. Иммунитеттің әлсізденуі; 4. Қалыпты ішек микробиоценозының бұзылуы; 5. Дұрыс тамақтанбау; 6. Өт қозғалысының бұзылуы және оның бактериостатитті қасиеттерінің жоғалуы; 7. Ілеспелі таз жұқпасы; 8. Ферменттер белсенділігінің жоғалуы;
Антипаразитарлы бағдарламаның құрылымы:
1. Жеке гигена ережелерін сақтаймыз: 2. Асқорту трактатының жұмысын оңтайландыру қажет: Өт қозғалысын қалыпқа келтіру, ішек жиырылуын және оның пайдалы микрофлорасын қалыпына келтіру, ферменттер жұмысын арттыру, гельминиттердің құрт сатысының дамуына қолайсыз жағдай жасау. 3. Ағзаны улану белгілерінсіз паразиттерден арылтуды қамтамасыз ететін мақсатты антипаризтарлы қызметке ие қауіпсіз құралдарды пайдалану қажет. Осы жағдайда жанама нәтижелері бар химиялық антипаразитарлы препараттармен бауыр мен бүйрекке токсинді әрекет ету қауіпі жоққа шығарылады.
4. Бағдарламада ферменттер мен пайдалы бактериялардың теңгерімді үйлесімдік фонында фитонцидті, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және паразиттерге қарсы қасиеттері бар препараттар дегельминтизациясын қолдану өте өзекті.
5. Судың жеткілікті мөлшерін (кемінде 1.5-2 литр сапалы, басқалардан гөрі сілтілі суды) ішу және тазалау кезеңінде тамақтану рационынан ұннан жасалған, тәтті және ет өнімдерін алып тастау ұсынылады.