kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: "Жапырақ - өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Жапырақтың мөлшері әртүрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3-10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1-5 м, ені 40-50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10-20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әртүрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әртүрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның жасушаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.[1]

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Жапырақ - өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі"»

Сабақтың тақырыбы Жапырақ-өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі 

Мақсаты Жапырақтың құрылысын, пішініне, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлері туралы білімдерін қалыптастыру 
Күтілетін нәтиже 1.Жапырақ жайында жалпы түсінік алады. 
2.Кез келген өсімдіктердің жапырақтарына сипаттама бере отырып өсімдіктердің вегетативті мүшелері тамыр, жапырақтың ерекшеліктерін салыстырады. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы мен түрлерін ажырата алады. 
3.Өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын ұғынады. 
Керекті жабдықтар Кестелер,интерактивті тақта, флипчарт, постер, оқулық, жұмыс дәптері, стикер, маркерлер,кеппешөп, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек 
Сабақ барысы: 
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті 
Кіріспе Ынтымақтастық атмосферасы Тренинг «Өрмекші торы» 

Сыныпты топқа бөлу. 
Оқушылар шеңберде тұрып,жіпті бір-біріне бере отырып тілек айтып, сәттілік тілейді. Тор тәрізді беріктілік, ұжымдастық қалыптасады. 
Оқушылар 3 топқа туған айлары бойынша бөлініп отырады. 
Топ басшысына бағалау парағы беріледі. 
Үй тапсырмасын тексеру 

Тұсаукесер Үй тапсырмасын тексеру 
1.«Адасқан өсімдіктер» сәйкестендіру 
2. Терминологиялық диктант 
3. Бүршіктің түрлері. Суретті тапсырма. 

«Отырса жасыл, ұшса сарғаяды, жерге түссе қараяды. Бұл не?» 
Жапырақ 
Кластер құру. 
Сабақтың мақсатын айтып, «Біз нені меңгеруіміз керек?» сабақ критерийі беріледі. 


Бірін-бірі критериалды бағалайды. 

Жұмбақтың жауабын таба отырып, топтастырады. Жапырақ туралы осыған дейін не білеміз? 

Сабақ критерийлері 
1.Жапырақ жайында жалпы түсінік алады. 
2.Кез келген өсімдіктердің жапырақтарына сипаттама бере отырып өсімдіктердің вегетативті мүшелері тамыр, жапырақтың ерекшеліктерін салыстырады. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы мен түрлерін ажырата алады. 
3.Өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын ұғынады. 

Негізгі бөлім ВИДЕО 

3 топқа тапсырмалар беріледі. 
1 топ. Жапырақтың қызметі. Жапырақтың сабаққа орналасуы 
2 топ. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрлысы. 
3 топ. Жапырақ тақтасының пішіні. Жүйкелену. 
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі 

Постер қорғау 

№10 зертханалық жұмыс 
Жапырақтың сыртқы құрлысы, жапырақ саңылауларын анықтау Күзгі мезгіл, жапырақтардың түсуін видеодан көрсету арқылы жаңа сабаққа ауысу. 
Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушылар оқулықтан мәлімет алып топта талқылайды. 

Оқушылар ортаға шығып постер қорғайды. 
«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бірін-бірі формативті бағалау 
Қорытынды «Серпілген сауал» әдісі 

Болжау егер болашақта жапырақ болмаса қалай болады? 

Бағалау 

Үйге : Жапырақ тақырыбын оқу,«Маршруттық карта» 
Рефлексия: Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? 1.Жапырақ неге жасыл? 
2.Жапырақ сыртқы құрылысына қарай нешеге бөлінеді? 
3.Жапырақты жеуге болады ма? 
4.Жапырақ сарғайып, неге күзде түседі? 
5. Жапырақтың сабақта орналасу түрлерін атаңыз? . 
6.Жапырақтың қызметі қандай? 
7.Жанаспалы жасушалар дегеніміз не? 
8.Жүйкеленудің типтерін атаңыз? 
9.Жүйкелену дегеніміз не? 
10.Су мен минералды заттар өсімдікке не арқылы өтеді? 
Жапырақтар арқылы формативті бағалау. 
Қызыл жапырақ- толықтыру керек 
Сары жапырақ – жаңа ақпарат 
Жасыл жапырақ- нақты ой 

Үй тапсырмасы бойынша бірін – бірі бағалайды, 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айту арқылы бірін-бірі формативті бағалау, критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. 

Оқушылар бүгінгі сабақ қаншалықты қиын болғанын, сабақ соңында қандай сезімде болғанын парақта білдіріп, ағашқа апарып өте жақсы түсінгендері жоғарына, жақсы түсінгені ортасына, орташа сабақтарының төменгі бөлігіне іледі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сабақ жоспары: "Жапырақ - өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі"

Автор: Абдильдина Макпал Кемелбаевна

Дата: 22.12.2016

Номер свидетельства: 372567

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Жапырақтың түрөзгерістері."
    ["seo_title"] => string(30) "zhapyrak_tyn_turozghieristieri"
    ["file_id"] => string(6) "392746"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487297558"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства